check

You are here

Қарағанды облысы бойынша РММ мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру

«Б» корпусының уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті» РММ мемлекеттік қызметшілері арасында  ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру

Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

С-О-4 санаты үшін: жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3) Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

4) өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі алты айдан кем емес;

5) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдарының лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

6) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес;

7) жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

8) ғылыми дәрежесінің болуы;

 С-О-5 санаты үшін: жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;

жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 21 желтоқсанда № 14542 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес (Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының  2018 жылғы 27 желтоқсандағы №289 бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 27 желтоқсанда № 18063 тіркелген енгізілген өзгерістер мен толықтырулар)

 

         Әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық жалақылары:

 

Санаты

Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

С-О-4

109 932

148 242

С-О-5

83 282

112 431

 

«Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі, 100009, Қарағанды қаласы, Ермеков көшесі, 73 үй, байланыс телефоны: 8 /7212/43-29-22, 43-02-02, факс 43-20-97, dep.kense@mail.ru, «Б» корпусының бос және уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға ішкі конкурс жариялайды.

 

1. №3 зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің басшысы (С-О-4 санаты, 1 бірлік, №5-3-1, Қарағанды қ., негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалысы кезеңіне 16.06.2020 жылға дейін).

Функционалдық міндеттері: №3 зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөліміне жалпы басшылық жасайды және бөлімге жүктелген тапсырмалардың орындалуын қамтамасыз етеді. №3 зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің мамандары арасында міндеттерді бөледі. №3 зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің жұмысын жоспарлауды  және үлестіруді жүзеге асырады. Бала тууына байланысты біржолғы мемлекеттік жәрдемақыны; бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақыны; мүгедек баланы тәрбиелеп отырған тұлғаға ай сайынғы мемлекеттік  жәрдемақыны; бала кезінен 1 топ мүгедегіне күтім жасайтын тұлғаға ай сайынғы мемлекеттік  жәрдемақыны; зейнетақы немесе жәрдемақы алушы қайтыс болған жағдайда жерлеуге арналған біржолғы төлемдерді;  қызметкерлердiң өмiрi мен денсаулығына келтiрiлген зиянды өтеу жөнiндегi төлемдердi капиталдандыру кезеңi аяқталғаннан кейiн банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының азаматтарына ай сайынғы төлемдерді; жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарына бір жолғы ақшалай өтемақыны; Семей ядролық сынақ полигонында зардап шеккен азаматтарына біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақыны; субсидиялауға жататын міндетті зейнетақы жарналарын; инфляцияның деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырма төлемдерін (тағайындау немесе бас тарту туралы шешім қабылдау, төлемді өзгерту немесе мөлшерін өсіру, тоқтату, қайта төлеу, біржола тоқтату туралы шешім қабылдау); Зейнетақымен қамсыздандыру, мүгедектерді әлеуметтік қорғау, міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнама талаптарының сақталуына өз құзыреттігі шегінде мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады.  Өз құзыреттігі шегінде  Республикалық бюджет қаражатының есебінен төленентін зейнетақы және әлеуметтік төлемдердің уақытылы және толық төленуіне бақылау жасайды.  №3 зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің қызмет саласына жататын қолданыстағы заңнама бойынша жергілікті органдармен және қызметтермен байланыс орнатады. Атқарымдық тәртіпке бақылау жасайды. Бөлімнің құзыретіне қатысты мәселелер жөнінде консультациялық және түсіндірме жұмыстарын жүргізеді. Заңмен бекітілген тәртіпте бөлімнің құзыретіне қатысты мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды. Бекітілген мерзімде бөлімнің қызмет саласы бойынша есептерді, анықтамалар мен басқа да ақпараттық-талдау материалдарын жасауға қажетті мәліметтерді ұсынады. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын, жалпы қабылданған этика және мемлекеттік қызметкердің этикасын, сонымен қатар Департамент жұмысының тәртібін және ішкі тәртіп ережелерін ұстанады. Департаменттің басшылығымен жүктелген басқа да міндеттерді орындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: «қызметтер» (әлеуметтік жұмыс), «әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» (экономика, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, статистика) немесе «құқық» (заңтану) мамандықтары бойынша жоғары білім. «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы», «Семей сынақ ядролық полигонындағы ядролық сынаулардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңдарын, Қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу жөніндегі төлемдерді капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан кейін банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының азаматтарына ай сайынғы төлемдер түріндегі әлеуметтік көмекті жүзеге асыру қағидаларын білу.

 

2. №3 зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің бас маманы (С-О-5 санаты, 1 бірлік, №5-3-2, Қарағанды қ., негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалысы кезеңіне 29.01.2022 жылға дейін).

Функционалдық міндеттері: Бала тууына байланысты біржолғы мемлекеттік жәрдемақыны; бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақыны; мүгедек баланы тәрбиелеп отырған тұлғаға ай сайынғы мемлекеттік  жәрдемақыны;  бала кезінен 1 топ мүгедегіне күтім жасайтын тұлғаға ай сайынғы мемлекеттік  жәрдемақыны;  зейнетақы немесе жәрдемақы алушы қайтыс болған жағдайда жерлеуге арналған біржолғы төлемдерді;  қызметкерлердiң өмiрi мен денсаулығына келтiрiлген зиянды өтеу жөнiндегi төлемдердi капиталдандыру кезеңi аяқталғаннан кейiн банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының азаматтарына ай сайынғы төлемдерді; жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарына бір жолғы ақшалай өтемақыны; Семей ядролық сынақ полигонында зардап шеккен азаматтарына біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақыны; субсидиялауға жататын міндетті зейнетақы жарналарын; инфляцияның деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырма төлемдерін тағайындау (немесе бас тарту туралы шешім қабылдау, төлемді өзгерту немесе мөлшерін өсіру, тоқтату, қайта төлеу, біржола тоқтату туралы) шешім қабылдау; ); Зейнетақымен қамсыздандыру, мүгедектерді әлеуметтік қорғау, міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнама талаптарының сақталуына өз құзыреттігі шегінде мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады.  ««Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Қарағанды облысы бойынша филиалының аумақтық бөлімшелерінен келіп түскен іс макеттерін әзірлеудің сапасын тексереді;  Бөлімнің қызмет саласы бойынша есептерді, анықтамалар мен басқа да ақпараттық-талдау материалдарын жасауға қажетті мәліметтерді дайындайды; Бөлімнің құзыретіне қатысты мәселелер жөнінде консультациялық және түсіндірме жұмыстарын жүргізеді. Заңмен бекітілген тәртіпте бөлімнің құзыретіне қатысты мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын, жалпы қабылданған этика және мемлекеттік қызметкердің этикасын, сонымен қатар Департамент жұмысының тәртібін және ішкі тәртіп ережелерін ұстанады. Департаменттің басшылығымен жүктелген басқа да міндеттерді орындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: «қызметтер» (әлеуметтік жұмыс), «әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» (экономика, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, статистика) немесе «құқық» (заңтану) мамандықтары бойынша жоғары білім. «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы», «Семей сынақ ядролық полигонындағы ядролық сынаулардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңдарын, Қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу жөніндегі төлемдерді капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан кейін банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының азаматтарына ай сайынғы төлемдер түріндегі әлеуметтік көмекті жүзеге асыру қағидаларын білу.

 

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар  («Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидаларының 2 қосымшасы сәйкес үлгідегі өтініш; тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім) ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру мемлекеттік органның және уәкілетті органның интернет-ресурстарында соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 3 жұмыс күнінің ішінде ұсынылуы тиіс.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізетін мемлекеттік органға құжаттарын электронды түрде "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі не "Е-gov" электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі.

          Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

         Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті» РММ -де өтеді. Аталмыш лауазымдарға орналасатын үміткерлер үшін көтермеақы шығындары, тұрғын үй және жеңілдіктер берілмейді.

Басқарушы лауазымдарына үміттенген кандидаттар конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыптар тізімінен бір эссені жазады. Эссені жазу уақыты 45 минуттан аспау керек.

         Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады, сонымен қатар, тар шеңберде мамандырылған лауазымдарға конкурсты өткізген жағдайда мемлекеттік орган басшысының келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның  қызметкерлері қатыса алады.

Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде  конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

 

 

 

 

 

"Б" корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 2-қосымшасы

 

Нысан

  

 

 

    __________________________
(мемлекеттік орган)

 

Өтініш

Мені _____________________________________________________________

________________________________________________________________________

_______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға  міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:

________________________________________________________________________

________________________________________________________________________

________________________________________________________________________

________________________________________________________________________

________________________________________________________________________

 _______________________________________________________________________

_______________________________________________________________________

_______________________________________________________________________

_______________________________________________________________________

_______________________________________________________________________

_______________________________________________________________________

_______________________________________________________________________

________________________________________________________________________

Мекен жайы және байланыс телефоны _________________________________

________________________________________________________________________

     

________                                                       ____________________________________

 (қолы)                                                          (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

 

 "___"_______________ 20 __ ж.

 

 

 

"Б" корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 3-қосымшасы

 

Нысан

"Б" КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК ЛАУАЗЫМЫНА

КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМІ

ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК КАНДИДАТА

НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА "Б"

 

_____________________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда) /
фамилия, имя, отчество (при наличии)

 
ФОТО
(түрлі түсті/ цветное,
3х4)

 

_____________________________________________
лауазымы/должность, санаты/категория
(болған жағдайда/при наличии)

ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ

1.

Туған күні және жері/
Дата и место рождения

 

2.

Ұлты (қалауы бойынша)/
Национальность (по желанию)

 

3.

Оқу орнын бітірген жылы және оның атауы/
Год окончания и наименование учебного заведения

 

4.

Мамандығы бойынша біліктілігі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (болған жағдайда) /
Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии)

 

5.

Шетел тілдерін білуі/
Владение иностранными языками

 

6.

Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары (болған жағдайда) /Государственные награды, почетные звания (при наличии)

 

7.

Дипломатиялық дәрежесі, әскери, арнайы атақтары, сыныптық шені (болған жағдайда) /
Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии)

 

8.

Жаза түрі, оны тағайындау күні мен негізі (болған жағдайда) /Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии)

 

9.

Соңғы үш жылдағы қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау күні мен нәтижесі, егер үш жылдан кем жұмыс істеген жағдайда, нақты жұмыс істеген кезеңіндегі бағасы көрсетіледі (мемлекеттік әкімшілік қызметшілер толтырады)/
Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае, если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполняется государственными служащими)

 

ЕҢБЕК ЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ

Күні/Дата

қызметі, жұмыс орны, мекеменің орналасқан жері/должность, место работы, местонахождение организации

 

қабылданған/
приема

босатылған/
увольнения

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

_____________________
Кандидаттың қолы/
Подпись кандидата

_______________
күні/дата

 

             

 

 

 

 

 

16 мамыр, 2019 - 16:25 өзгертілді
Әлеуметтік қорғау жүйелеріндегі үздік қызметкерге дауыс бер
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
үздік әлеуметтік жобалар дауыс беру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші