You are here

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің халыққа есеп беру кездесуі өткізілетіндігі туралы ХАБАРЛАМА

2019 жылғы 21 маусым күні Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің халыққа есеп беру кездесуі өткізіледі.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 5 ақпандағы № 190 «Орталық атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес Бердібек Машбекұлы Сапарбаев Министрлік қызметінің нәтижелері, елімізде іске асырылған реформалар, әлеуметтік-экономикалық даму, Министрліктің Стратегиялық жоспарының негізгі көрсеткіштеріне қол жеткізілу туралы және Министрлікке қарасты салаларды дамытудың міндеттері бойынша хабардар етеді.

Өтетін орны: Астана қ. Д. Қонаев көшесі, 4 мекен-жайы бойынша орналасқан «Қазмедиа орталығының» киноконцерт залы. Өткізетін уақыты сағат 11.00-де.

Есеп беру кездесуіне қатысты сұрақтарыңыз бен ұсыныстарыңыз болған жағдайда 8(7172) 74-36-03, 8(7172) 74-34-53, 8(7172) 74-37-23 телефондары номерлеріне хабарласуыңызды немесе press_mtszn@mail.ru, kense@enbek.gov.kz электрондық пошталарына бағыттауыңызды немесе «Рұқсаттама бюросы» залында орналастырылған пошта-жәшігіне қалдыруыңызды сұраймыз.

Сонымен қатар, Министрге сұрақтар мен ұсыныстарды «Ашық диалог» интернет порталы, Министрліктің ресми интернет-ресурсы www.enbek.gov.kz арқылы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрінің блогына бағыттау мүмкіндігін хабарлаймыз.

Кіру ашық.

Бөлімдер:
21 мамыр, 2019 - 16:45 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
Көп балалы отбасыларға жәрдемақы тағайындау туралы ақпаратты тексеру
Статусын тексеру
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші