check

You are here

«ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2017–2021 ж. арналған стратегиялық жоспарын бекіту туралы» ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2017 ж. 6 наурыздағы № 21 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы"

«Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2017 2021 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің       2017 жылғы 6 наурыздағы № 21 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 

2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 62-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2017 – 2021 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2017 жылғы 6 наурыздағы № 21 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2017 – 2021 жылдарға арналған стратегиялық жоспарында:

«Стратегиялық және бюджеттік жоспарлаудың өзара байланысының архитектурасы» деген 4-бөлімде:

«Бюджеттік бағдарламалар» деген кіші бөлім мынадай редакцияда жазылсын:

«

Бюджеттік бағдарламалар – 1

027 «Азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қамсыздандыру және олардың төлемдерін жүргізу»

Бюджеттік бағдарламалар – 2

058 «Республикалық деңгейде халықты әлеуметтік қорғау және көмек көрсету, сондай-ақ әлеуметтік қорғау жүйесін жетілдіру және инфрақұрылымды дамыту»

067 «Халықаралық ұйымдармен бірлесіп атқарылатын жобалардың жүзеге асырылуын қамтамасыз ету»

 

Бюджеттік бағдарламалар – 3

056 «Әлеуметтік-еңбек саласын ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету жөнінде көрсетілетін қызметтер, жұмыспен қамту саясатын жаңғырту»

068 «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасын іске асыру»

062 «Облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астана бюджеттеріне мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын құруға жұмыс берушінің шығындарын субсидиялауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер»

Бюджеттік бағдарламалар – 2

034 «Еңбекті қорғау саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер»

066

«Қазақстан Республикасының орнықты дамуына және өсуіне жәрдемдесу шеңберінде бағдарламалық жобаларды іске асыру»

001 «Еңбек, халықты жұмыспен қамту, әлеуметтік қорғау және көші-қон саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру»

070 «Облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астана бюджеттеріне азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлерінің, қазыналық кәсіпорындар қызметкерлерінің жалақысын көтеруге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомаларын бөлу»

131 «Ғылым және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін базалық қаржыландыруды қамтамасыз ету»

138 «Министрлік қызметкерлерінің біліктілігін арттыру»

»;

«Стратегиялық бағыттар, мақсаттар және нысаналы индикаторлар» деген 5-бөлімде:

«Халықты әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету» деген 1-стратегиялық бағытта:

«Әлеуметтік қамсыздандыру қызметтерін ұсыну» деген 1.1-мақсатта:

«2019 жыл» деген бағанда:

реттік нөмірі 3-жолда «5,2» деген сандар «8,0» деген сандармен ауыстырылсын;

 «Ресурстар» деген 6-бөлім осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Стратегиялық жоспарлау және талдау департаменті осы бұйрық қабылданған күннен бастап күнтізбелік 10 күн ішінде оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жауапты хатшысы А.Д. Құрманғалиеваға жүктелсін.

4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.   

 

Қазақстан Республикасының

Еңбек және халықты

әлеуметтік қорғау министрі                                          Б. Сапарбаев

            

КЕЛІСІЛДІ                                        

Қазақстан Республикасының        

Қаржы бірінші вице-министрі

                             

___________  Б. Шолпанқұлов

 2019 жылғы  ______________          

 

КЕЛІСІЛДІ

Қазақстан Республикасының

Ұлттық экономика министрі   

      ___________  Р. Дәленов

2019 жылғы _______________ 

ТіркемеМөлшер
PDF icon prikaz_kaz.pdf829.55 KB
Microsoft Office document icon sp_2017-2021_kaz.doc754 KB
4 маусым, 2019 - 11:26 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
үздік әлеуметтік жобалар дауыс беру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші