You are here

Мемлекеттік оргндардағы техникалық қызметкер

Сәлеметсіз бе! Қызылорда обылысынан. Сіздерге осыдан былтыр да сұрақ қойған болатынмын Мемлекеттік органдарға техникалық қызмет көрсетуді және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ететін жұмыскерлер санының бірыңғай салааралық нормативтерін бекіту туралы Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 1002 бұйрығына сәйкес әдіскер болып жұмысқа қабылданғанмын маған кезекті еңбек демалысына шықанда ұзақтығы күнтізбелік 24 күнге және 9 күн арал өніріне барлығы 33 күнгі ақы төленетін еңбек демалысы беріледі. Соынмен қоса Арал өңіріндегі өтемақы төлемдерін төленуде. Бірақ сауықтыруға арналған өтемақы төлемдері төленбей келеді осы дұрыс па? ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы 1193 қаулысының 3 қосымшасында Ескертпеде Азаматтық қызметшілердің құрамына білікті жұмысшылар кіреді деліген яғны әдіскер мамандығы білікті жұмысшыларға кірмейді ма? Сонымен қоса Арал өңіріндегі экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтардың әлуметтік қорғау туралы Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 30 маусымдағы №1468-ХІІ Заңының 13-баптың 1-тармақ 4-тармақшасында еңбек демалысын берумен бірге жыл сайын сауықтыруға арнап қолданылып жүрген төлемдердің үстіне бір айлық тариф нарқы немесе қызметтік айлықақы көлемінде материалдық көмек көрсетіледі деп көрсетілуде яғни Қызылорда облысындағы мемлекеттік органдардағы техникалық қызмектерлер кезекті еңбек демалысына шыққан кезде Арал өніріндегі өтемақы немесе сауықтыруға арналған өтем ақы төлену керек па? Осы екеуінің қайсысы төлену керек? Әлде жоғарыда көрсетілген екі төлемде төлену керек па? Осыған толық нақты жауап берсеңіздер алдын ала рахмет.        

Жауап: 

ҚР Еңбек кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 139-бабына сәйкес мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын азаматтық қызметшілерге лауазымдық айлықақы мөлшерінде сауықтыруға арналған жәрдемақы төлене отырып, ұзақтығы күнтізбелік отыз күннен кем болмайтын жыл сайынғы ақы төленетін негізгі еңбек демалысы беріледі.

Кодекстің 1-бабына сәйкес азаматтық қызметші – бұл Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қазыналық кәсіпорындарда, мемлекеттік мекемелерде ақы төленетін штаттық лауазымды атқаратын және олардың міндеттері мен функцияларын іске асыру, мемлекеттік органдарға техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыру мен олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында лауазымдық өкілеттіктерді жүзеге асыратын адам.

Сонымен бірге, «Жергiлiктi атқарушы органдардың штат санының лимиттерiн бекiтудiң кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 15 желтоқсандағы № 1324 Қаулысымен жергілікті атқарушы органдардың штат санының лимиті бекітілген.

Осыған орай, мемлекеттік органдар өндірістік қажеттілік мақсатында (еңбек шарты бойынша) мемлекеттік орган лимиті шегінде азаматтық қызметшілерді (мемлекеттік қызметшілермен бірге) жұмысқа қабылдай алады.

Егер мемлекеттік орган өз лимиті шегінде азаматтық қызметшіні жұмысқа қабылдай алмаған жағдайда, оған «Мемлекеттік органдарға техникалық қызмет көрсетуді және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ететін жұмыскерлер санының бірыңғай салааралық нормативтерін бекіту туралы» ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 1002 бұйрығына (бұдан әрі - Бұйрық) сәйкес штаттан тыс қызметкерлерді (еңбек шарты бойынша) жұмысқа қабылдау құқығы берілген.

Осыған байланысты, Бұйрыққа сәйкес жұмысқа қабылданған қызметкерлер азаматтық қызметшілер болып табылмайды, тиісінше Кодекстің 139-бабында айқындалған норма оларға таратылмайды, яғни кезекті еңбек демалысына шыққан кезде сауықтыруға арналған жәрдемақы төленбейді.

 

Сонымен бірге, «Арал өңіріндегі экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 30 маусымдағы Заңының 13-бабының 4-тармағына сәйкес экологиялық қасірет аймағында тұратын халыққа еңбек демалысын берумен бірге жыл сайын сауықтыруға арнап қолданылып жүрген төлемдердің үстіне бір айлық тариф нарқы немесе қызметтік айлықақы көлемінде материалдық көмек көрсетіледі.

Осыған орай, аталған материалдық көмекті алуға экологиялық қасірет аймағында тұратын және еңбек қызметін жүзеге асыратын азаматтардың құқығы бар.

 

Сұрақтың нөмірі: 361244
13 маусым, 2019 - 11:06 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші