check

You are here

Бір жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты төлемдердің төмендетілуі туралы ақпаратты теріске шығару

теріске шығару

18 маусым күні БАҚ-та жәрдемақы алушы баласы бір жасқа толғанға дейін жұмысқа шығамын деп шешкен жағдайда, оның күтіміне байланысты төлемдерді ең төменгі деңгейге дейін қысқарту жоспарланғаны жөнінде мақала жарық көрді. Тиісті норма «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» жаңа заң жобасында қамтылып, жақын күндері бірінші оқылымы кезінде  Парламент Мәжілісінде қабылданған болатын.

Бір жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты табысынан айрылуы жағдайында жұмысын немесе кәсіпкерлік қызметін жалғастырған кезде әлеуметтік төлемдер көлемін мемлекеттік жәрдемақының мөлшеріне дейін азайту туралы норма бұдан бұрын осы заң жобасында болғандығы жөнінде хабарлаймыз.

Алайда, қоғам пікірін және ана мен баланы қолдау жөніндегі шараларды арттыруға бағытталған мемлекеттік саясатты ескере отырып, депутаттардың ұсынысымен бұл норма заң жобасы қабылданғанға дейін Парламент Мәжілісінде бірінші оқылым кезінде алынып тасталған болатын.

Өзекті ақпарат алу үшін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Қоғаммен байланыс департаментіне 74-35-00, 74-34-53, 74-28-55 телефондары арқылы хабарласуыңызды сұраймыз.

Сондай-ақ, сіз өз сұрақтарыңызды press_mtszn@mail.ru немесе Министрліктің Facebook әлеуметтік желісіндегі ресми аккаунтына жолдай аласыздар.

 

19 маусым, 2019 - 20:01 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
үздік әлеуметтік жобалар дауыс беру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші