You are here

Жалпы конкурс

Жалпы конкурс

Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

 

С-4 санаты үшін: жоғары білім; мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3) Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

4) өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

5) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдарының лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

6) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес;

7) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

8) ғылыми дәрежесінің болуы.

"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы

№ 85 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 21 желтоқсанда № 14542 болып тіркелді.

 

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы, тг.:

 

 

Санат

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

 

min

max

С-4

138 248

186 551

 

1. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, 010000, Астана қаласы, Министрліктер үйі, Мәңгілік ел даңғылы, 8-үй, 6 кіреберіс, анықтама телефондары 8 (7172) 74-33-45, e-mail: s.mukhametalina@enbek.gov.kz, «Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасуға барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс жариялайды

 

1. Қоғаммен байланыс департаментінің бас сарапшысы, С-4 санаты, 21-02

Функционалдық міндеттері:Департаменттің құзыретіне сәйкес Министрліктің нормативтік құқықтық актілері мен құжаттарының жобаларын әзірлеуді жүзеге асыру. Министрліктің оң имиджін қалыптастыруға бағытталған шаралар кешенін әзірлеу. Қазақстан Республикасы Президентінің, Премьер-Министрінің, Үкіметтің, Президент Әкімшілігі басшылығының және Премьер-Министрі Кеңсесінің бағдарламалық құжаттары мен тапсырмаларын іске асыру бойынша есептерді дайындау. Министрліктің іс-шараларында аккредиттелген журналистердің жұмысын ұйымдастыру, журналистерді Министрлік қызметінің мәселелері бойынша ақпараттық-анықтамалық материалдармен қамтамасыз ету, ақпараттық-анықтамалық материалдардың электрондық нұсқаларын, баспасөз релиздерін БАҚ-қа жедел тарату. Министрліктің отырыстарын, жұмыс сапарларын, ресми кездесулерін және басқа да іс-шараларын дайындауға және өткізуге қатысу. Министрлік қызметкерлерінің баспасөз конференцияларын, брифингтерін, сұхбаттарын және іскерлік кездесулерін ұйымдастыру, Министрліктің іс-шараларын имидждік сүйемелдеу. Сұхбаттардың, мақалалардың, ақпараттық материалдардың, сөз сөйлеу мәтіндерінің жобаларын дайындау. БАҚ-та сұхбат, мақала, ақпараттық материалдар, баспасөз релиздерін дайындау және жариялау, ақпараттық саясатты коммуникативтік сүйемелдеу. Министрліктің жұмысын интернетте ілгерлету бойынша ұсыныстар әзірлеу. Мемлекеттік, орталық және жергілікті атқарушы органдармен ресми хат алмасу. Жоғары тұрған және басқа да мемлекеттік органдардың, саяси партиялардың, квазимемлекеттік сектордың және үкіметтік емес ұйымдардың баспасөз қызметтерімен өзара іс-қимыл жасау; БАҚ сауалдарына жауап дайындау. Министрліктің медиа-жоспарын жасау және оның орындалуын бақылау. Министрліктің қызметін бұқаралық ақпарат құралдарында және Министрліктің Web-сайтында ақпараттық сүйемелдеуді қамтамасыз ету. Сұхбат, брифингтер, баспасөз конференциялары үшін имидждік алаңдарды ұйымдастыру. Министрліктің веб-сайтының жұмысын техникалық қамтамасыз ету, дизайнды жетілдіру мәселелері бойынша ұсыныстар дайындау. Facebook, Twitter, Vk.com, Youtube және т. б.әлеуметтік желілерінде Министрлік парақшаларын құру, жедел толтыру, мониторингілеу. Кіріс және шығыс ақпараттар бойынша материалдар мен қорытындылар дайындауды жүзеге асыру. Департамент  құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдармен, ұлттық холдингтер мен акционерлік қоғамдардың баспасөз қызметтерімен өзара іс-қимылды жүзеге асыру. Министрліктің ресми Интернет-ресурсы мен Министр блогының жұмыс істеуі бойынша жұмыстарды қамтамасыз ету. Белгіленген мерзімде басшылықтың тапсырмаларын орындау, сондай-ақ Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша қажетті құжаттар мен материалдарды Департаменттің басқа құрылымдық бөлімшелерінің дайындауға қатысуын қамтамасыз ету. Құжаттарды есепке алу мен сақтауды, оларды Министрліктің мұрағатына сақтауға бергенге дейін олардың жай-күйі мен сақталуын бақылауды қамтамасыз ету. Министрліктің басшылығына Департаменттің қызметі туралы есептерді (ұсыныстарды, жоспарларды) сапалы және уақтылы ұсынуды қамтамасыз ету.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім: білім (қазақ тілі мен əдебиеті, орыс тілі мен əдебиеті, шетел тілі: екі шетел тілі,) гуманитарлық ғылымдар (филология, шетел филологиясы) немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (журналистика, қоғамдық байланыс, саясаттану, әлеуметтану) 

 

2. Қоғаммен байланыс департаментінің бас сарапшысы, С-4 санаты, 21-03.

Функционалдық міндеттері: Қазақстан Республикасы Президентінің, Премьер - Министрінің, Үкіметтің, Президент Әкімшілігі басшылығының және Премьер - Министр Кеңсесінің бағдарламалық құжаттары мен тапсырмаларын іске асыру бойынша есептерді дайындау. Министрліктің PR-стратегиясын, коммуникацияларды, соның ішінде дағдарысқа қарсы басқару жүйесін, коммуникацияның бақыланатын және бақыланбайтын құралдарына әсер ету тактикасын жетілдіру бойынша жұмысқа қатысу. Министрліктің оң имиджін қалыптастыруға бағытталған шаралар кешенін әзірлеуге қатысу, БАҚ үшін баспасөз релиздерін және ақпараттық хабарламаларды дайындау. Ақпаратты талдау және мониторингілеу,құрылымдық бөлімшелер ұсынатын ақпаратты жинау, зерделеу және өңдеу, Министрлік жұмысының негізгі бағыттары бойынша ақпараттық кеңістіктің мониторингі, «жағымсыз» салдарларды болдырмау үшін жедел ұсыныстар енгізу. Министрліктің қызметін бұқаралық ақпарат құралдарында және Министрліктің Web-сайтында жариялауды қамтамасыз ету. БАҚ үшін баспасөз-релиздерді, ақпараттық хабарламаларды; апта сайынғы/ай сайынғы/тоқсандық есептерді дайындау; Министрліктің оқиғалық жоспарын жасау, оның іске асырылуын бақылау/ жариялау. Министрліктің веб-сайтының жұмыс істеуін қамтамасыз ету (толтыру жеделдігі, ақпараттың өзектілігі, әлеуметтік желілерді мониторинглеу (Facebook, Twitter, Vk.com, Youtube және т. б.). Министрдің блогындағы ақпаратты өзектендіру бойынша жұмысты жүзеге асыру. Келіп түскен сұрақтарға жауап дайындауды жүзеге асыру. Кіріс және шығыс ақпараттар бойынша материалдар мен қорытындылар дайындау мемлекеттік органдармен хат алмасу. Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдармен, ұлттық холдингтер мен акционерлік қоғамдардың баспасөз қызметтерімен өзара іс-қимыл жасау. БАҚ-тың қатысуымен Министрліктің баспасөз конференцияларын, брифингтерін, әртүрлі іс-шараларын ұйымдастыру. Құжаттарды есепке алу мен сақтауды, оларды Министрліктің мұрағатына сақтауға бергенге дейін олардың жай-күйі мен сақталуын бақылауды қамтамасыз ету. Министрліктің басшылығына Департаменттің қызметі туралы есептерді (ұсыныстарды, жоспарларды) сапалы және уақтылы ұсынуды қамтамасыз ету. Белгіленген мерзімде басшылықтың тапсырмаларын орындау, сондай-ақ Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша қажетті құжаттар мен материалдарды дайындауға қатысу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім: білім (қазақ тілі мен əдебиеті, орыс тілі мен əдебиеті, шетел тілі: екі шетел тілі,) гуманитарлық ғылымдар (филология, шетел филологиясы) немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (журналистика, қоғамдық байланыс, саясаттану, әлеуметтану)

 

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметінде (кадр қызметінде) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін, «Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу Қағидалардың 26-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық көшірмелерін ұсынады.

       Тар шеңберде мамандырылған лауазымдарға конкурсты өткізген жағдайда конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.

Тар шеңберде мамандырылған ретінде мемлекеттік орган қызметшілерінің 5 пайызынан аз қызметші ие болған мамандық болып табылады.

Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылым саласында жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.

Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде конкурс жариялаған мемлекеттік органдарда өтеді.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларының (Агенттігінің 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығы) 53-тармағына сәйкес әңгімелесу кезінде егер конкурс комиссиясы отырысының өтуіне кедергі келтірмеген жағдайда кандидат та техникалық жазба құралдарын қолдана алады.

 

            Жалпы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

      1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

      2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмі;

      3) бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

      "Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.

      "Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмi туралы құжаттарға "Халықааралық бағдарламалар орталығы" Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

      Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі;

      4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшiрмесi;

      5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген 086/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

      6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

      7) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе сертификаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

      Осы тармақша 2019 жылғы 1 ақпанға дейін қолданылады;

      8) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

      Осы тармақша 2019 жылғы 1 ақпанға дейін қолданылады;

      9) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген "Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

      10) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген "Наркологиялық ұйымнан анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

Мемлекеттік қызметшілер және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 29-бабы

5-тармағы бірінші бөлігінде көрсетілген адамдар келесі құжаттарды тапсырады:

1) Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжат тапсырғанға дейін бір айдан аспайтын уақытта расталған қызметтік тізім;

3) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.

Құжаттарды қабылдау мерзімі - 7 ЖҰМЫС КҮНІ, ол жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі

Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткерлерге арналған тестілеу бағдарламасы:

А-1, А-2, А-3, А-4, В-1, В-2, В-3, В-4, С-1, С-2, С-3, С-О-1, С-О-2 санаттары үшін:

Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілін білуге арналған тест (20 сұрақ), ұзақтығы 20 минут;

Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының конституциялық заңдарын, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» (15 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» (15 сұрақ), «Әкімшілік рәсімдер туралы» (15 сұрақ), «Құқықтық актілер туралы» (15 сұрақ), «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» (15 сұрақ), «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларын) (10 сұрақ) бiлуге арналған тестер.

Бірінші бағдарлама бойынша тестілеуді өту мәндері барлық нормативтік құқықтық актілер бойынша сұрақтардың жалпы санынан (145 сұрақ) кем дегенде 102 дұрыс жауапты және әрбір нормативтік құқықтық актілер бойынша кем дегенде 5 дұрыс жауапты құрайды.

Бірінші бағдарлама бойынша Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге арналған тестерді орындау үшін жалпы уақыт 115 минутті құрайды.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің сайты: www.kyzmet.gov.kz

 

 

 

_________________________

(мемлекеттік орган)

 

 

Өтініш

 

 

Мені________________________________________________________________

____________________________________________________________________

_______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу  конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурсөткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

Мекен жайы және байланыс телефоны___________________________________

____________________________________________________________________

 

 

________                                 ____________________________________

(қолы)                                       (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

 

 

«___»_______________ 20 __ ж

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Б» КОРПУСЫНЫҢӘКІМШІЛІКМЕМЛЕКЕТТІК

ЛАУАЗЫМЫНАКАНДИДАТТЫҢҚЫЗМЕТТIКТIЗIМІ

ПОСЛУЖНОЙ СПИСОККАНДИДАТА

НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА «Б»

 

_____________________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда) /
фамилия, имя, отчество (при наличии)

ФОТО
(түрлі түсті/ цветное,
3х4)

_____________________________________________
лауазымы/должность, санаты/категория
(болған жағдайда/при наличии)

 

ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ

1.

Туған күні және жері/
Дата и место рождения

 

2.

Ұлты (қалауы бойынша)/
Национальность (по желанию)

 

3.

Оқу орнын бітірген жылы және оныңатауы/
Год окончания и наименование учебного заведения

 

4.

Мамандығы бойынша біліктілігі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (болған жағдайда) /
Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии)

 

5.

Шетел тілдерін білуі/
Владение иностранными языками

 

6.

Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары (болған жағдайда) /
Государственные награды, почетные звания (при наличии)

 

7.

Дипломатиялық дәрежесі, әскери, арнайы атақтары, сыныптық шені (болған жағдайда) /
Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии)

 

8.

Жаза түрі, оны тағайындау күні мен негізі (болған жағдайда) /Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии)

 

9.

Соңғы үш жылдағы қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау күні мен нәтижесі, егер үш жылдан кем жұмыс істеген жағдайда, нақты жұмыс істеген кезеңіндегі бағасы көрсетіледі (мемлекеттік әкімшілік қызметшілер толтырады)/
Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае, если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполняется государственными служащими)

 

ЕҢБЕК ЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ

Күні/Дата

қызметі, жұмыс орны, мекеменің орналасқан жері/должность, место работы, местонахождение организации

қабылданған/
приема

босатылған/
увольнения

 
     

_____________________
Кандидаттың қолы/
Подпись кандидата

_______________
күні/дата

       

 

 

26 тамыз, 2012 - 10:00 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші