You are here

Бердібек Сапарбаев халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету бойынша жұмысты күшейтуді тапсырды

кеңес

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев жұмысқа орналасуға жәрдемдесу және мақсатты әлеуметтік көмек көрсету мәселелері бойынша селекторлық кеңес өткізді.

Жиналысқа жауапты хатшы Аида Құрманғалиева, вице-министрлер Ержан Жылқыбаев, Светлана Жақыпова, Ақмәди Сарбасов, Нариман Мұқышев, Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің төрағасы Ерлан Райғаниев, ЕӘҚКҚК-нің өңірлік департтаменттерінің директорлары, «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ президенті Ербол Оспанов, бірқатар облыстардың Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының басшылары қатысты.

Кездесу барысында азаматтарды жұмысқа орналастыру және нәтижелі жұмыспен қамту мәселелері, кәсіпкерлікті ынталандыруды күшейту шаралары, қайтарымсыз гранттар бөлу, еңбек ресурстарының зардап шеккен аймақтарында азаматтарды қоныстандыру шеңберінде сапалы, тұрақты жұмыс орындарын құру және тұрғын үй мәселесін дер кезінде шешуге бағытталған іс-шараларды күшейту мәселелері қозғалды.

Атап айтқанда, Б.Сапарбаев жұртшылықпен жұмыс істеудің белсенді форматына көшу үшін жұмыспен қамту орталықтарының жұмысын жандандыруды ұсынды.

«Халықпен жұмыс істеудің жеке тәсілін енгізіп, қызмет көрсетудің басым сипатын қамтамасыз етіңіздер, осы саладағы ақпараттық-насихат жұмыстарын жүргізіңіздер. Осы шаралардың барлығын дереу қолданып, «Еңбек» Бағдарламасының тетіктерін тиімді қолдану бойынша жұмыс жүргізілуі ​​тиіс» - деп, Еңбек министрі аталған мәселелерге жиналғандардың назарын аударды.

Сондай-ақ, кездесу қатысушылары атаулы әлеуметтік көмекті тағайындаудағы бірқатар проблемалық мәселелерді талқылады. Ведомство басшысы осы бағытта мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін интеграциялау және жаңарту тұрғысында халықтың жұмыспен қамту орталықтарымен, «Азаматтарға арналған Үкімет» АҚ-мен өзара әрекеттесу бойынша жұмысты күшейтуді тапсырды.

Б.Сапарбаев халықпен жұмыс жүргізуді ұйымдастыру барысында «Ашық есік күндерін», «Бос жұмыс орындарының жәрмеңкелерін» өткізу тәжірибесін жаңарту қажеттігін, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде белсенді ақпараттық жұмыс жүргізу қажеттігін атап өтті.

25 маусым, 2019 - 20:17 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші