You are here

Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 ж. 23 қаңтардағы № 523 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығының жобасына ПРЕСС-РЕЛИЗ

Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің  2008 ж. 23 қаңтардағы № 523 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығының жобасы  бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсын өткізу ережелерін жетілдіру мақсатында әзірленді. 

Аталған Жарлық жобасы мынадай өзгерістер мен толықтыруларды қамтиды:

-Конкурс халықтың әл-ауқатын одан әрі жақсарту үшін жеке кәсіпкерлік субъектілерінің өзінің қоғам алдындағы корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігін қалыптастыруына және арттыруына бағытталғандықтан, мемлекеттің үлесі 50%-дан асатын ұйымдардың конкурсқа қатысуына жол бермеу шараларын қабылдау;

-Конкурстың ең жоғары наградасы Гран-Приді ірі кәсіпкерлік субъектісіне және шағын және орта кәсіпкерлік субъектісіне жеке табыстау;

-өңірлік кезеңдегі Конкурстың жеңімпаздарын айқындау;

-Конкурстың «Жылдың үздік әлеуметтік жобасы» арнайы сыйлығын бекіту;

-Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының жойылмаған бұзушылықтарының барын немесе жоғын анықтау үшін  конкурсқа қатысушының өтінімінде конкурсқа қатысушылардың БСН/ЖСН нөмірлерін қосу.

 «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 25 қаңтардағы № 412 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне және Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігіне бөлінді.

Осыған байланысты «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі» деген атауды «Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі» деген атауға ауыстыру ұсынылады.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы                   26 желтоқсандағы № 806 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі қайта түрлендіру жолымен Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі болып қайта құрылды.

Осыған байланысты «Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі» деген атауды «Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі» деген атауға ауыстыру ұсынылады.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 17 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігінің қоршаған ортаны қорғаудың, тұрмыстық қатты қалдықтармен жұмыс істеудің мемлекеттік саясатын қалыптастыру және іске асыру, табиғи ресурстарды қорғау, оларды ұтымды пайдалануды бақылау және қадағалау саласындағы функциялары мен өкілеттіліктері беріле отырып құрылды.

Осыған байланысты «Қазақстан Республикасының энергетика министрлігі» деген атауды «Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі» деген атауға ауыстыру ұсынылады.

«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы  19 маусымдағы № 702 Жарлығына сәйкес Шымкент қаласы республикалық маңызы бар қала санатына жатқызылды.

Осыған байланысты республикалық маңызы бар қалаларды белгілеу бөлігінде редакциялық түзетулер енгізу ұсынылады.

Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығының жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға  алып келмейді.

ТіркемеМөлшер
Package icon kaz.zip158.42 KB
27 маусым, 2019 - 12:05 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші