check

You are here

Еңбек министрлігінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері талқыланды

ҚР Еңбекмині

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде вице-министр Нариман Мұқышев, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Олжас Бектенов, Министрліктің орталық аппараты, қызметкерлерінің қатысуымен кеңес өтті. Бейнеконференциялық байланыс режимінде Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің өңірлік департаменттері мен  жұмыспен қамту басқармаларының басшылары қатысты.

Кездесу барысында әлеуметтік қорғау және халықты жұмыспен қамту салаларындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері, сондай-ақ әлеуметтік-еңбек саласын цифрландыру арқылы мемлекеттік қызметтердің сапасы мен тиімділігін арттыру бойынша қабылданып жатқан шаралар қаралды.

Жалпы алғанда, кездесу барысында айтылғандай, мүгедектікті тағайындау, зейнетақылар мен жәрдемақыларды тағайындау бойынша мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру Министрліктің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекеті шеңберінде тиімді шара болып табылады.

«Мемлекеттік қызметтерді автоматтандырудың негізгі мақсаттарының бірі қызмет беруші мен қызмет алушы арасындағы байланысты болдырмау болып табылады, бұл сыбайлас жемқорлық көріністерінің тәуекелдерін жоюға мүмкіндік береді» - деді вице-министр Нариман Мұқышев.

Жалпы, кеңес қорытындысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша Министрлік өткізетін шаралар аясында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және әрі қарай сыбайлас жемқорлықты болдырмау бойынша жұмысты жандандыру, ҚР заңнамасын бұзушылықтардың алдын алу және болдырмау мақсатында азаматтық қоғам институттарымен өзара іс-қимыл жасауда  жұмысты күшейту, мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманы сақтау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және Этикалық кодекс мәселелері бойынша мемлекеттік қызметшілермен тұрақты негізде түсіндіру жұмыстарын жүргізу ұсынылды.

6 шілде, 2019 - 13:16 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
үздік әлеуметтік жобалар дауыс беру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші