You are here

Әңгімелесуге жіберілгендер

Келесі бос орындарға:

  1. Қаржы департаменті директорының орынбасары;
  2. Әлеуметтік сақтандыру, базалық әлеуметтік және зейнетақымен қамсыздандыру саясаты департаменті базалық әлеуметтік қамсыздандыру басқармасының басшысы;
  3. Цифрландыру департаментінің цифрландыруды дамыту және ақпараттық жүйелерді интеграциялау басқармасының басшысы;
  4. Халықаралық ынтымақтастық және интеграция департаменті халықаралық ынтымақтастық басқармасының бас сарапшысы (негізгі қызметкердің  29.05.2021ж. дейін бала күтіміне байланысты демалыста болу кезеңіне) бос лауазымдарына арналған конкурс 2019 жылғы 5 тамыз  № 926 кабинетте өтеді (Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік ел көшесі 8, Министрліктер үйі, 6 кіреберіс):

Өзімен бірге жеке куәліктері болуы керек.

  1. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бос лауазымдарға орналасу жөніндегі конкурстық комиссиясының шешімі бойынша біліктілік талаптарына сәйкес келген үміткерлер ретінде келесі конкурсанттарды әңгімелесуге жібереді:

                  5 тамыз 15.00 -де

1.

Алшинбаева Сандугаш Мендыгалиевна

2.

Бөкебаев Азамат Әнуарбекұлы

3.

Калмурзаев Ернур Маратович

4.

Каликенова Бахыт Сейлкановна

2)      Құжаттарын электрондық пошта арқылы жолдаған адамдар құжаттардың түпнұсқасын 2019 жылғы 5 тамыз күні сағат 14.00-ден кешіктірмей ұсынулары қажет.

Құжаттардың түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда аталған адамдар әңгімелесуге жіберілмейді.

     Басқарушы лауазымға әңгімелесуге жіберілген қатысушылар 2019 жылғы
5 тамыз күні сағат 14.00-де келіп эссе жазуы керек.

  1. Келесі конкурсқа қатысушылардың өтініштері қайтарылсын:

Рахмат Турсунай Рахматқызы,  Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының «Мемлекеттік қызметшінің қызметтік тізімінің нысанын бекіту туралы»  2016 жылғы 21 қазандағы № 14 бұйрығына сәйкес   тиісті персоналды басқару қызметі куәландырмаған қызметтік тізімді  ұсынған (әр парағы мемлекеттік органның мөрімен куәландырылмаған);

           Сейтжанов Жасулан Султангалиевич, еңбек өтілі бойынша белгіленген біліктілік талаптарына сай келмеуіне байланысты;             

Мажитов Нурлан Манарбекулы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының «Мемлекеттік қызметшінің қызметтік тізімінің нысанын бекіту туралы»  2016 жылғы 21 қазандағы № 14 бұйрығына сәйкес бекітілген нысанға сай мәліметтер толық толтырылмай қызметтік тізімді ұсынған (құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің жазаға тартылғандығы әлде тартылмағандығы туралы хаттың күні мен нөмірі, мемлекеттік қызметшінің жұмысын бағалау нәтижелері туралы мәлімет (күні және бағасы) көрсетілмеген).

 

 

1 тамыз, 2019 - 21:33 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші