check

You are here

Б.Нұрымбетов Қазақстанның зейнеткерлерін Қарттар күнімен құттықтады

Б.Нұрымбетов Қазақстанның зейнеткерлерін Қарттар күнімен құттықтады

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов Қазақстанның барлық зейнеткерлерін Қарттар күнімен құттықтап, ҰОС-дағы фашизмді жеңуге, Қазақ КСР-інің дамуына және тәуелсіз Қазақстанның жас буынын тәрбиелеуге қосқан үлесі үшін елорданың 100 жастағы тұрғынына өз алғысын білдірді. Сонымен қатар, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің басшысы «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ-нің зейнеткерлеріне жылыжай сыйлады және оларға отанымыздың игілігі жолындағы еңбектері үшін алғысын білдірді.

«Құрметті Ұлы Отан соғысының ардагерлері, еңбек және құрметті зейнеткерлер, сіздерді Қарттар күнімен - даналық пен мейірімділік мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Аға буын өкілдері - елдің алтын қоры, салт-дәстүрді сақтаушылар, отансүйгіштік, адалдық, үлкен шыдамдылық пен оптимизм үлгісін көрсетеді. Осы тамаша және жарқын мерекеде шын жүректен денсаулық, ұзақ ғұмыр, бейбітшілік пен өркендеуді тілеймін! Сіздердің әр күндеріңіз махаббат пен ықылас жылы лебізге толсын!» – деп, Біржан Нұрымбетов Қазақстан Республикасының қарт азаматтарын құттықтады.

Осы айтулы мерекемен Министр 100 жастағы Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны Александр Петрович Торкинді құттықтады. Бұл кісінің өмір тарихы үлкен құрметке лайық. Ол Ұлы Отан соғысы жылдарынан өтіп, көптеген марапаттарға ие болды, үлгілі балалар, немерелер және шөберелер тәрбиелеп отыр. Біржан Нұрымбетов зейнеткерге Отан алдындағы қызметі үшін алғысын білдірді, оған мықты денсаулық және бақыт тілей отырып, сыйлықтарды табыс етті.

«Сіздің өмірлік тәжірибеңіз - бәріміздің қиындықтардан өтуде көмектесетін баға жетпес еңбек. Сондықтан қарттарға қамқорлық жасау - әрқайсымыздың бірінші міндетіміз, оны ұмытуға болмайды», - деді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің басшысы.

29 қыркүйекте, Біржан Нұрымбетов Қарттар күні қарсаңында «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ-не барды. Министр әлеуметтік ұйымда тұратын зейнеткерлерге әрқашан дастархандарында өздері өсіретін көкөністердің болуы үшін жылыжай сыйлады.

«Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясында аға буын өкілдеріне, сіздердің даналықтарыңыз жастардың дұрыс жолмен жүруіне, Отанды сүюіне, мемлекетті нығайтуына, жарқын болашақ үшін еңбек етуіне жәрдемін тигізуі тиіс екенін атап өтті. Әр түрлі санаттағы, соның ішінде қарт адамдарды әлеуметтік қолдау біздің тұрақты назарымызға айналды», – деді Б. Нұрымбетов.

1 қазан, 2019 - 13:42 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші