check

You are here

Egov.kz жеке кабинетінде еңбек шарты туралы ақпарат қолжетімді болды

egov

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-мен бірлесіп, электрондық үкіметтің жеке кабинетінде еңбек шарты туралы ақпаратты көрсету функционалын енгізді. (egov.kz).

Енді әрбір адам жеке кабинетке кіре отырып, ағымдағы еңбек шарты туралы ақпаратты «еңбек қызметі» бөлімінде тексере алады, онда кәсіпорынның атауы, жасалған күні, шарттың нөмірі және лауазымы көрсетілген. Жеке кабинетте ҚР Еңбекмині әзірлеген электрондық еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінде тіркелген шарттар бойынша ғана деректер берілгенін атап өту қажет.

Өткен жылдан бастап Қазақстанда пилоттық режимде жұмыс берушілер мен жұмысшылар арасындағы еңбек қатынастары туралы мәліметтерді сақтайтын «Электрондық еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесі» жобасы іске қосылғанын еске саламыз. Бүгінгі таңда жүйеде 18 мыңнан астам кәсіпорын және 793 мың еңбек шарты тіркелген. Бұл жобаның басты артықшылығы – қағаз құжаттарын жинаудың қажет болмауына байланысты жұмысқа орналасу процесін жеңілдету, шарттың қорларға жарналардың бар екенін көрсету, сондай-ақ жұмыс берушінің қызметкер алдындағы міндеттемелерін белгілеу арқылы әлеуметтік тәуекелдерден қорғауы болып табылады.  

21 қазан, 2019 - 15:28 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші