You are here

Нұр-Сұлтанда «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының БЖТ аудару жөніндегі бағалары талқыланды

жария тыңдалым

Қазақстанның астанасында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ақмәди Сарбасовтың төрағалығымен бірыңғай жиынтық төлемді (бұдан әрі - БЖТ) аудару бойынша «Азаматтарға арналған Үкімет» КЕАҚ Мемлекеттік корпорациясы» бағаларын талқылау жөніндегі жария тыңдалым өтті.

Қоғамдық тыңдаудың басында қызметті үйлестіру және зейнетақымен қамсыздандыру жөніндегі мемлекеттік корпорацияның орталық филиалы директорының орынбасары Мұхтар Еркебұлан атап өткендей, 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі іске қосылғаннан кейін кәсіпкерлік қызметпен тіркеусіз айналысатын адамдардың медициналық қызметтерге қол жетімділігін қамтамасыз ету үшін БЖТ енгізілген.

«Сонымен қатар БЖТ төлеушілер жүйеге қатысу өтіліне байланысты жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатыса алады және базалық зейнетақы төлемін ала алады. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы өзінің зейнетақы жинақтарын толықтырумен қатар, БЖТ төлеушілер үшін еңбек өтілі бекітілгендіктен базалық зейнетақыны жоғарылатылған мөлшерде алуға болады. Олар сонымен қатар еңбекке қабілеттігінен, асыраушысынан айрылу, жүктілік және босану, бала асырап алу, бала күтімі жағдайларында әлеуметтік жәрдемақы ала алады», – деді ол.

Мемлекеттік корпорация өкілдерінің ақпараты бойынша, 2019 жылғы 1 қаңтардан 30 қыркүйекке дейінгі кезеңде «БЖЗҚ» АҚ, «МӘСҚ» АҚ, «МӘМС» КЕАҚ, 589, 0 миллион теңге көлемінде мемлекеттік кірістер органына жіберілген 616,6 млн.теңге сомасындағы 339 933 төлем тапсырмалары өңделді. Көрсетілген кезеңде БЖТ кем дегенде бір рет төлеген төлеушілердің саны 339 163 құрайды.

Төлем тапсырмаларын қалыптастырудағы орын алған қателіктерге байланысты Мемлекеттік корпорация төлеушілерге 27,5 млн теңге сомасындағы 13 048 төлем тапсырмасын қайтарып берді.

Жария тыңдалымдардың негізгі тақырыбына келсек, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Басқарма аппаратының қаржы-экономикалық департаментінің директоры Данияр Искабылов қаралып отырған тариф жобасы бірыңғай жиынтық төлем шеңберінде Мемлекеттік корпорацияның көрсететін қызметтері аясында әзірленгенін, олар «БЖЗҚ» АҚ, "МӘСҚ" АҚ, «МӘМС» КЕАҚ, мемлекеттік кіріс органына сомаларды уақтылы өңдеуге және аударуды жүзеге асыруға мүмкіндік беретінін атап өтті.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы «жалғыз терезе» қағидаты бойынша жеке және (немесе) заңды тұлғаларға мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметті жүзеге асыратын бірыңғай провайдер болып табылады. Қоғамның мемлекеттік монополияға жатқызылған қызметтерінің бағасын Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі комитеті реттейді. Осы өтінім әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына – 40%, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына – 20%, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына – 30% және төлеушінің тұрғылықты жері бойынша тиісті бюджетке – 10% мемлекеттік монополияға жатқызылған жарналарға қатысты», – деп хабарлады Искабылов.

Мемкорпорация БЖТ сомаларын бөлу және аудару бойынша 1 төлем тапсырысына 63 теңге мөлшерінде, қате төленген БЖТ сомаларын қайтару бойынша 1 төлем тапсырысына – 978 теңге мөлшерінде тариф белгілеуді ұсынады.

2019 жылғы қаңтардан бастап бейресми жұмыспен қамтылған азаматтар 4 төлемді – жеке табыс салығын, әлеуметтік аударымдарды, зейнетақы жарналарын, әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне аударымдарды қамтитынын еске саламыз.

БЖТ төлеушілер үшін табыс салығы мен әлеуметтік төлемдердің ең төменгі ставкалары белгіленген. Қала мен ауыл тұрғындарының кірістеріндегі айырмашылықты ескере отырып, астана, республикалық және облыстық маңызы бар қалалар тұрғындары үшін КАЖ мөлшері 1 АЕК немесе 2 525 теңгені, ал басқа елді мекендердің тұрғындары үшін - 2019 жылы 0,5 АЕК немесе 1 262,5 теңгені құрайды.

31 қазан, 2019 - 16:45 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Көп балалы отбасыларға жәрдемақы тағайындау туралы ақпаратты тексеру
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші