check

You are here

Нұрымбетов Біржан Бидайбекұлы - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

Нұрымбетов Б.Б. 1968 жылы Жамбыл облысы Луговой (Т.Рысқұлов) ауданының Абай ауылында туылған, қазақ, білімі жоғары. 1993 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін «механика және қолданбалы математика» мамандығы, 2006 жылы Алматы экономика және статистика академиясын «қаржы» мамандығы бойынша бітірген. ҚСРО әскери күштері қатарында қызмет өтті (1986-1988).

Университетті бітіргеннен кейін Жамбыл қаласы бойынша салық инспекциясының салық инспекторы, бөлім бастығы (1993-1996); Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасарының кеңесшісі (1996); Жамбыл облысы әкімі аппаратының сектор меңгерушісі (1997); «ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Зейнетақы төлеу мемлекеттік орталығы» РМКК Жамбыл облысы бойынша бөлімшесінің директоры (1997-2008).

 Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Бақылау және әлеуметтік қорғау комитетінің төрағасы (2008-2009); Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі (2009-2012); Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесі басшысының орынбасары (2012-2015) қызметтерін атқарған.

2015 жылғы маусымнан бастап 2017 жылғы қаңтар - Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі болып тағайындалған.

2017 жылғы наурыздан бастап 2017 желтоқсан -  Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі.

 2017 жылғы желтоқсан бастап 2019 тамыз -  «Қазақстан Республикасы кәсіподақтар федерациясы» республикалық кәсіподақтар бірлестігі төрағасының орынбасары.

2019 жылғы 20 тамызда Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалды.

 Мемлекеттік наградалары: «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 10 жыл» медалі (2001), «Қазақстан Республикасы Конституциясына 10 жыл» медалі (2005) медальдарымен, «Құрмет» ордені (2013).

Құрманғалиева Аида Дәденқызы

Құрманғалиева Аида Дәденқызы - Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жауапты хатшысы

1970 жылғы 30 желтоқсанда Қызылорда облысында дүниеге келген. 1993 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын «Экономикалық және әлеуметтік жоспарлау» мамандығы бойынша бітірген. Экономика ғылымдарының кандидаты. 1993 - 1997 жылдары ҚР  Қаржы министрлігінің экономисі. 1997 – 2002 жылдары ҚР  Қаржы министрлігінің басқарма бастығы, департамент директорының орынбасары болып жұмыс істеді.  2002 – 2009 жылдары ҚР  Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің әлеуметтік саланың шығыстарын жоспарлау және әлеуметтік саланы дамыту департаменттерінің директоры.  2009 -2013 жылдары  ҚР  Денсаулық сақтау вице-министрі. 2013 жылғы 6 ақпаннан бастап 2014 жылғы тамызға дейін – ҚР  Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жауапты хатшысы болып тағайындалды. 2014 жылғы тамыздан бастап - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің жауапты хатшысы болып тағайындалды. 2017 жылғы ақпаннан бастап -  Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жауапты хатшысы. Дьюк Университетінде (АҚШ) және Ли Куан Ю атындағы мемлекеттік саясат мектебінде (Сингапур) оқыды.

Қызметі үшін ҚР Президентінің 2005 жылғы 12 желтоқсандағы Жарлығымен ҚР Құрмет грамотасымен, «Қазақстан тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Парламентіне 10 жыл» «Астананың 10 жылдығы» медальдарымен, ҚР Премьер-Министрінің алғыс хатымен, «Құрмет» орденімен марапатталды.

Жылқыбаев Ержан Жұматұлы – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі

1982 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Ленгер қаласында туған. 1999 жылы М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан облысы университетін әлеуметтік саладағы экономика мамандығы бойынша бітірді. 2006 жылы ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының мемлекеттік және жергілікті басқару магистрі. 2011 жылы С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде юриспруденция мамандығы бойынша бітірді.

Еңбек жолын Оңтүстік Қазақстан облысы экономика департаменті әлеуметтік саясат бөлімінің бас маманы болып бастады (2003 – 2004 жж.). ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясын бітіргеннен кейін ҚР Парламентінде үкімет уәкілдігінің бас сарапшысы (2006-2007 жж.); ҚР экономика және бюджетті жоспарлау министрлігінде мемлекеттік кәсіпкерлік басқармасының методология және ереже жасау бөлімінің бастығы (2007 ж.); ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің көмекшісі (2007 – 2009 жж.); Шығыс Қазақстан облысы әкімінің көмекшісі (2009 ж.).

Шығыс Қазақстан облысы әкімінің аппарат басшысының орынбасары (2009-2011 жж.); Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы әкімінің орынбасары (2011 - 2012 жж.) болды.

Шығыс Қазақстан облысы әкімінің аппарат басшысы (2012-2015 жж.); ҚР Президент әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы (2015-2016 жж.); Алматы қаласы Медеу ауданының әкімі (2016 - 2019 жж.).

2019 жылғы наурыздан сәуірге дейін ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі. 2019 жылғы 30 сәуірден бастап Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі.

Мемлекеттік наградалары: «Құрмет» ордені (2017 ж.).

 

Мұқышев Нариман Нұрланұлы – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі

Мұқышев Нариман Нұрланұлы 1984 жылы Қарағанды облысының Сәтпаев қаласында дүниеге келген. 2007 жылы Сүлеймен Демирель атындағы университетті, 2011 жылы — Халықаралық бизнес академиясын тәмамдаған. Мамандығы — инженер–жүйе технигі, іскерлік әкімшілендіру мастері.
Еңбек жолын 2005 жылы бастаған.
2005–2014 жылдары «Қазкоммерцбанк» АҚ маманы, жетекші маманы, бөлім басшысы, басқарма басшысының орынбасары, басқарма басшысы, инновациялық технологиялар департаментінің директоры лауазымдарын атқарған.
2014–2017 жылдар аралығында «Қазпошта» АҚ инновациялар және АТ жөніндегі басқарушы директоры қызметін атқарған.

2018 жылғы 6 маусымнан бастап ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болып тағайындалды.

 

Сарбасов Ақмәди Әділұлы - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі.

1977 жылы 4 қазанда Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданында дүниеге келген, ұлты – қазақ.

1999 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің саясаттану мамандығы бойынша, 2001 жылы Еуразия гуманитарлық университетін заңгер мамандығы бойынша, 2013 жылы Орталық  Қазақстан Академиясын менеджмент мамандығы бойынша тәмамадаған.

ІТС (ILO) халықаралық оқу орталығында, Италия, Турин қ. (2011 ж), Назарбаев Университетінің мемлекеттік саясат жоғары мектебінде және Ли Куан Ю (Сингапур) (2013 ж) мемлекеттік саясат мектебінде тренинг-оқулар оқыған.

1999-2005 жылдар аралығында Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінде маман, жетекші маман, бас маман, Орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың нормативті құқықтық актілерін бақылау және тіркеу Департаментінің нормативті құқықтық актілерді талдау және бақылау бөлімінің бастығы қызметтерін атқарған.

2005 жылдан бері Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінде еңбек заңнамасын сақтау бойынша мемлекеттік бақылау және халықты жұмыспен қамту департаментінің директорының орынбасары, заң департаментінің, еңбек және әлеуметік серіктестік департаментінің директоры, Коші-қон комитет төрағасы лауазымдарында қызмет атқарған.

2013 жылдың тамызынан 2019 жылдың сәуіріне дейін бақылау және әлеуметтік қорғау комитетінің төрағасы – Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік еңбек инспекторы лауазымында қызмет атқарды.

2019 жылдың 30 сәуірінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болып тағайындалды.

ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
үздік әлеуметтік жобалар дауыс беру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші