You are here

Министрліктің жаңалықтары

2020 жылы мүгедектерді оңалту құралдары мен қызметтерімен қамтамасыз ету үшін 19 миллиард теңгеден астам қаражат қарастырылған

  

2020 жылы мүгедектігі бар адамдарға техникалық оңалту құралдарын (бұдан әрі – ТОҚ) және оңалту қызметтерін ұсыну үшін 19,1 млрд теңге қарастырылған. ТОҚ және оңалту қызметтерімен қамтылғандардың үлесі ағымдағы жылдың қорытындысы бойынша 300 мыңнан астам адамды құрайды деп жоспарлануда.

Қазақстанда мүгедектігі бар 695 мың адам тұрады, оның ішінде 424 мың адам еңбекке қабілетті жаста, 179,7 мың адам – зейнеткерлік жаста, 91,6 мың адам – 18 жасқа дейінгі балалар.

2020 жылы оралмандарды қабылдау квотасы 1,3 мың адамнан асады

ҚР Үкіметінің қаулысымен оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасы 2020 жылы 1 378 адам болып белгіленген.

Аталған қаулыны қабылдаудың мақсаты ҚР Үкіметі белгілеген өңірлерде оралмандарды оңтайлы орналастыру болып табылады. 2020 жылы квота былайша бөлінді: Павлодар облысы бойынша – 500 адам, Қостанай облысы бойынша – 350, Ақмола облысы бойынша – 258, Шығыс Қазақстан облысы бойынша-150, Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 120.

фэйк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2020 жылы борыш жүктемесін төмендету үшін қосымша қаражат сұрағаны туралы  БАҚ-та жарияланған ақпарат шындыққа сәйкес келмейді.

ҚР азаматтары үшін борыш жүктемесін төмендету 2019 жылы Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жүргізілді және бір реттік акция болды. Аталған акция өткен жылы аяқталды, оның қорытындысы бойынша жалпы сомасы 115 млрд теңгеге 554 мың адам үшін кепілсіз тұтыну кредиттері бойынша берешектер өтелді

Еңбек министрлігі қазақстандықтарды тағы екі әлеуметтік қызметті SMS арқылы алуды ұсынады

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (бұдан әрі – Еңбекмині) азаматтарға қандай да бір мемлекеттік органдарға жүгінбестен SMS арқылы тағы екі қызметті алуды ұсынады. Атап айтқанда, мүгедектік бойынша жәрдемақы тағайындау туралы, сондай-ақ мүгедектік жағдайындағы әлеуметтік төлемдер туралы сөз қозғалып отыр.

2019 жылы Қазақстанға 17,6 мыңнан астам оралман келді

2019 жылы 17 661 этникалық қазақ немесе 9 993 отбасы тарихи отанына оралды және оралман мәртебесіне ие болды. Оралмандардың көпшілігі Қытайдан – 41,5% (7 326 адам), Өзбекстаннан – 40,1% (7 074 адам), Түркменстаннан – 6,5% (1 152 адам), Монғолиядан – 6,2% (1 095 адам), Ресейден – 1,8% (313 адам), 3,9% (701 адам) басқа елдерден келді.

Оралмандардың басым көпшілігі Алматы – 38%, Маңғыстау – 14% облыстарына, Шымкент – 7% және Нұр-Сұлтан – 6% қалаларына қоныстанды.

фэйк

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде таратылған атаулы әлеуметтік көмекті (бұдан әрі - АӘК) тағайындау үшін құжаттарды халыққа қызмет көрсету орталықтарында беруге болатыны туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді.
АӘК тағайындауға өтініштер Халықты жұмыспен қамту орталықтарында және әкімдіктер жанындағы жұмыспен қамту бөлімдерінде қабылданады. Құжаттарды 2020 жылғы қаңтардың соңына дейін тапсыруға болады.

іс-сапар

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Нариман Мұқышев Қостанай облысына жұмыс сапары аясында Халықты жұмыспен қамту орталықтарына (бұдан әрі – ХЖҚО) барып, онда атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі – АӘК) көрсетудің жаңа ережелерін түсіндірді.

өндірістік жарақаттану

2019 жылдың қорытындысы бойынша республика кәсіпорындарында 1 257 жазатайым оқиға болды, соның салдарынан 1 430 адам зардап шекті, бұл 2018 жылғы көрсеткіштен 8,8% – ға төмен (2018 жылы – 1 568 адам), оның ішінде 180 адам қаза тапқан, бұл 2018 жылға қарағанда 17,6% - ға төмен (2018 жылы-220 адам).

Экономика салалары бөлінісінде зардап шеккендердің ең көп саны тау-кен металлургия кешені кәсіпорындарында – 244 немесе 17,1% және құрылыс саласында – 176 немесе 12,3% байқалады.

фэйк

Хабар таратушы мессенджерлар арқылы таратылған 1949-1989 жж. Семей полигонындағы ядролық сынақтарға байланысты бір реттік жәрдемақы алу үшін Шығыс Қазақстан облысынан келген тұрғындар ХҚКО-ға жүгінуі керек деген ақпарат шындыққа жанаспайды.

Қазақстанда 19 мың шетелдік жұмысшы жұмыс істейді

2020 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жергілікті атқарушы органдардың рұқсаты бойынша Қазақстан аумағында 19 145 шетелдік азамат еңбек қызметін жүзеге асырады.

Олардың ішінде бірінші санатта (менеджерлер мен олардың орынбасарлары) 770 адам (4%), екінші (бөлім меңгерушілері) – 445 (23%), үшінші (мамандар) – 9 632 (50%) және төртінші (білікті) жұмысшылар) – 1818 (9%), маусымдық жұмыстарға 767 (4%), корпоративті ауыстыруға 1 744 адам (9%) тартылды.

Беттер

ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Көп балалы отбасыларға жәрдемақы тағайындау туралы ақпаратты тексеру
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші