check

You are here

Министрліктің жаңалықтары

Еңбек жолы

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми сайтында (enbek.gov.kz) 2019 жылы үздік еңбек әулеттері мен өндіріс жұмысшыларын анықтауға бағытталған «Еңбек жолы» республикалық байқауының онлайн дауыс беру кезеңі басталды.

Байқаудың соңғы кезеңіне Қазақстанның 17 аймағынан 51 үміткер өтті. Дауыс беру нәтижелері бойынша республикалық комиссия «Еңбек жолы» байқауының келесі номинациялар бойынша жеңімпаздарын анықтайды:

іс-сапар

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаевтың Атырау облысына жұмыс сапары аясында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов «Nur Otan» партиясының облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде Атырау қаласының тұрғындарын қабылдады, Атырау қаласындағы халықты жұмыспен қамту орталығында (бұдан әрі – ХЖҚО) және «Махамбет ауданының күндізгі емделу бөлімшесі» КММ-де болды.

АӘК

Ақмола облысында табысын жасыруына байланысты 135 отбасына атаулы әлеуметтік көмек ( бұдан әрі – АӘК) төлеу тоқтатылды, 32 млн теңге қайтарылуы тиіс. Бүгінгі күні 63 отбасы бюджетке 8,6 млн теңге қайтарды, 1040 отбасына қайта есептеу жүргізілуде.

 Ақмола облысында жыл басынан бастап АӘК тағайындауға 9 мыңнан астам өтініш қабылданды, әлеуметтік көмекті 8,5 мың отбасы немесе 41 мың 639 адам, оның ішінде 3 мың 67 көп балалы отбасы алды.

АӘК төлеуге 4,1 млрд теңге көзделген, оның 2,5 млрд теңгесі төленді.

Министр

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов Қазақстанның кәсіподақ ұйымдарының қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, жұмысшылардың мәселелерін шешуде белсенді және жемісті жұмыс тіледі.

«Осы жылы алғаш рет 10 қазан күні атап өтілетін Кәсіподақтар күні мерекесінің белгіленуі қуантарлық жайт.

Бүгінде Қазақстанда 600-ден астам кәсіподақ бар, олар 3 млн-нан астам жұмыскерлерді біріктірді.

2019 жылы мемлекеттік еңбек инспекторлары 35 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады

Мемлекеттік еңбек инспекторлары еңбек жалақысын төлеу берешегі бар 35 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады. Оларға 4,7 млрд теңге төленді.

2019 жылы республиканың 1594 кәсіпорнында мемлекеттік еңбек инспекторлары 36,6 мың жұмыскердің алдында 5,3 млрд.теңгеге жуық жалақы бойынша берешектерін анықтады.

Аталған кәсіпорындардың басшыларына орындауға міндетті 1 178 ұйғарым беріліп, 123,3 млн.теңгеден астам айыппұл салынды.

АӘК

Ақмола облысы, Сандықтау ауданы, Арбузинка ауылының атаулы әлеуметтік көмек алушысы (бұдан әрі - АӘК) ірі қара мал өсірумен айналысады.

Макка Асхабова – «Күміс алқа» құрметті атағының иегері болғандықтан алты баланы тәрбиелеу қаншалықты қиын екенін жақсы біледі. Алайда, ол мемлекеттен ақша талап ететін және жұмыс істегісі келмейтін көпбалалы аналардың митингіге шығуына қарсы.

АӘК

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап мұқтаж азаматтарға атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі - АӘК) қалай көрсетілетінін айтты.

ЕХӘҚМ

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаевтың Қарағанды облысына жұмыс сапары аясында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-на барып, онда ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауының негізгі бағыттарын түсіндірді.

АӘК

Алматы облысында 3 мың 304 отбасына табыстың жасырылуына байланысты атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі – АӘК) төлеу тоқтатылды, бұл отбасылар бюджетке 296 млн. 985 мың теңге қайтаруға тиіс.

Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы (бұдан әрі – ЖҚҮӘББ) басшысының орынбасары Бақыт Жақсыбаева өңір тұрғындарының әлеуметтік қызмет өкілдерін алдау фактілері туралы айтып берді. Оның айтуынша, АӘК тағайындау кезінде ең көп орын алған бұзушылық – нақты табыстарды жасыру болып табылады.

Б. Нұрымбетов Қарағанды облысының тұрғындарына ҚР Президентінің Жолдауын түсіндірді

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаевтың Қарағанды облысына жұмыс сапары аясында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов Қарағанды қаласының жұмыспен қамту орталығында және «Қарағанды облысының қарттар мен мүгедектерге арналған №2 медициналық-әлеуметтік мекемесі» ММ-де болып, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауының негізгі бағыттарын түсіндірді.

Беттер

Әлеуметтік қорғау жүйелеріндегі үздік қызметкерге дауыс бер
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
үздік әлеуметтік жобалар дауыс беру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші