You are here

Министрліктің жаңалықтары

брифинг

Үкімет алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-мнистрі Е. Жылқыбаев  «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың мемлекеттік бағдарламасын 2019 жылдың І жарты жылдығында іске асыру қорытындылары туралы айтып берді.

Осы жылдың І жарты жылдығында елімізде 186 мың жұмыс орны құрылды, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 7%-ға өскен.

министр Б. Сапарбаев

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев жұмыс сапарымен Жамбыл облысына барды.

Еңбек министрі қала және аудан әкімдерінің, жұмыспен қамту, әділет, мемлекеттік кірістер басқармалары мен бөлімдерінің, «Атамекен» ҰКП, ҮЕҰ және жұмыс берушілердің қатысуымен әлеуметтік-еңбек саласының өзекті мәселелері, соның ішінде атаулы әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу мәселелері бойынша кеңес өткізді.

ОПВР

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап жұмыс берушінің есебінен (ЖМЗЖ) қызметкердің пайдасына 5 пайы змөлшерінде міндетті зейнетақы жарналары енгізіледі.

Бұл нормалар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зейнетақы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 2 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңымен қабылданды.

министр Б. Сапарбаев

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев Ақмола облысына жұмыс сапары барысында елімізде тұңғыш рет мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған электр жетегі бар арбалар өндірісін жолға қоюды жоспарлап отырған «Тыныс» АҚ машина жасау зауытының жұмысымен танысты.

Оңалту қызметтерінің сапасын жақсарту және мүгедектігі бар азаматтардың қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында бұған дейін министрлік пен кәсіпорын арасында тиісті келісім жасалған болатын.

ҚР ЕХӘҚМ

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың берген тапсырмаларын орындау мәселелері бойынша кеңес өткізді.

Кеңеске Ауыл шаруашылығы, Әділет, Қаржы, Ішкі істер министрліктері мен "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері, сондай-ақ, бейнеконференция байланысы режимінде – өңірлердің, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдері мен еңбекпен қамту  басқармаларының басшылары қатысты.

ҚР Еңбекмині

Сенбі, 20 шілде күні ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев ақпараттық жүйелерді интеграциялау мәселесі бойынша Денсаулық сақтау министрлігімен жұмыс кеңесін өткізді.

Борыш жүктемесін азайту бойынша жиі қойылатын сұрақтар

1. Борыш жүктемесін азайтуға кім құқылы?

Төменде көрсетілген санаттағы борышкер азаматтардың кепілсіз тұтынушылық қарыздар бойынша борыштық жүктемесін азайтуға құқығы бар (2019 жылғы 26 маусымдағы жағдай бойынша):

ҚР ЕХӘҚМ

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2019 жылғы 17 шілдеде Әлеуметтік қызметтер порталын іске қосу мәселелеріне қатысты нормаларды енгізуге арналған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне міндетті әлеуметтік сақтандыру мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына Парламент Мәжілісінің депутаттарының түзетулерін қарау үшін қоғамдық талқылау өткізді.

кеңес

Атырауға жұмыс сапары барысында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген отырысында берілген әлеуметтік-еңбек саласындағы Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмаларын орындау мәселелері бойынша кеңес өткізді.

тағайындау

Дүйсенбі, 15 шілдеде ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ-ның ұжымына жаңа басшы Тамара Дүйсенованы таныстырды.

Министр Т. Дүйсенованың әлеуметтік-еңбек саласындағы тиісті білімі мен мол тәжірибесін атап өтіп, бірінші кезекте тұрған бірқатар мәселелерді міндеттеді.

Беттер

ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші