check

You are here

Министрліктің жаңалықтары

Б. Нұрымбетов қазақстандықтарды Еңбек күнімен құттықтады

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов Еңбек күні қарсаңында Қазақстанның барлық азаматтарына бақ-береке, жұмысқа деген құштарлық, әріптестерін құрметтеу және нәтижелі еңбек етуді тіледі.

Әр балаға 11 мың теңге көлемінде жәрдемақы төлеу туралы хабарлама жалған болып табылады

Әр түрлі хабар таратушы мессенджерлерде ағымдағы жылғы 1 қазанынан бастап әр балаға 11 мың теңгеден, отбасының кірісіне қарамастан төлемдер енгізілгені туралы таратылған ақпарат шындыққа жанаспайды.

Балалары бар отбасылардың құқықтарын қорғау және заңды мүдделерін қорғау Қазақстан Республикасы мемлекеттік саясатының негізгі бағыттарының бірі болып табылатынын айта кету керек.

Үйлестіру кеңесі

2019 жылдың басынан бастап Қазақстанда кәмелетке толмағандарды еңбекке заңсыз тартудың екі фактісі анықталды. Бұл ақпарат ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде (бұдан әрі – ҚР ЕХӘҚМ) өткен балалар еңбегінің ең нашар түрлеріне қарсы күрес жөніндегі Үйлестіру кеңесінің отырысында айтылды.

тағайындау

ҚР Үкіметінің қаулысымен Ерлан Мұратұлы Әукенов Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметіне тағайындалды.

Ерлан Әукенов 1984 жылы 5 қыркүйекте Алматы қаласында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, «Болашақ» бағдарламасы бойынша Бредфорд университетін, Халықаралық бизнес академиясын, Лондон экономика және саяси ғылымдар мектебін тәмамдаған. 

Ақтөбеде еңбек жағдайларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері талқыланды

Ақтөбе қаласында Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік еңбек инспекторы Төлеген Оспанқұловтың төрағалығымен республиканың 5 облысының (Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан және Қызылорда облыстары) өкілдерінің қатысуымен «Қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету» тақырыбында семинар өтті. Іс-шара барысында еңбек қауіпсіздігін сақтау мәселелері, сондай-ақ ағымдағы проблемалар мен оларды шешу бойынша қабылданған шаралар қаралды.

АӘК

Мемлекет тарапынан атаулы әлеуметтік көмек (әрі қарай – АӘК) алатын Қостанай облысындағы көпбалалы ана отбасының материалдық жағдайын жақсартып қана қоймай, жеке ісін де ұйымдастыра алды. Қазір әйел адамдарды әдемі етеді.

Жанар Куженова АӘК тағайындаудан түскен қаражатқа аудан орталығының шетінде шағын сұлулық студиясын жалға алды. Жанардың ойынша, жеке кәсіппен айналысу мемлекеттен үнемі әлеуметтік көмек алғаннан гөрі жақсы.

Ағымдағы жылы «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде  9,6 мыңнан астам мүгедек жұмысқа орналастырылды

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде Қазақстанда 9,6 мың мүмкіндігі шектеулі адам жұмысқа орналастырылды, оның ішінде тұрақты жұмыс орындарына - 3,9 мың адам.

2019 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша мемлекеттік бағдарламаға қатысушылардың құрамына 10,8 мың мүмкіндігі шектеулі адамдар енгізілді, бұл мемлекеттік бағдарламаға қатысушылардың жалпы санының 3%-ын құрайды (402,8 мың адам). Мемлекеттік бағдарламаның бағыттары бойынша:

Еңбек бағдарламасы

2019 жылғы сегіз айдың қорытындысы бойынша Түркістан облысында 62 мың 386 адам нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017–2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына қатысты. 42 мың 612 адам жұмысқа орналастырылды, оның ішінде 30 мың 328-і немесе 71% тұрақты жұмыс орындарына тұрғызылды.

министр

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаевтың Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов Семей қаласының зейнеткерлерімен, мүгедекттігі бар азаматтарымен және Шемонаиха қаласының тұрғындарымен кездесу өткізіп, оның барысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауының негізгі бағыттарын түсіндірді.

ЕАЭО-да Еуразиялық электронды еңбек биржасы құрылады

2019 жылдың соңына дейін «ЕАЭО мүше мемлекеттердің азаматтарын жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамтудың цифрлық экожүйелік моделін әзірлеу» жобасын бастауға арналған құжаттар пакетін дайындау жоспарлануда.

Беттер

Әлеуметтік қорғау жүйелеріндегі үздік қызметкерге дауыс бер
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
үздік әлеуметтік жобалар дауыс беру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші