You are here

Министрліктің жаңалықтары

ең қажетті мамандықтар

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік бағдарламалар мен кадрлық қажеттілікті болжау негізінде 2025 жылға дейін 100 сұранысқа ие сервистік және индустриялық кәсіптер тізбесін әзірледі.

ҚР Еңбекмині

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен атаулы әлеуметтік көмек мәселелері бойынша кеңес өтті.

Оған Жоғарғы Сот, Әділет, Ішкі істер, Ауыл шаруашылығы, Қаржы, Ұлттық экономика, Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктерінің басшылары мен өкілдері қатысты.

"Нұрлы жүрек"

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Нұрлы жүрек» Әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ-нің жұмысымен танысты. Ол мамандардың кабинеттері мен жартылай стационарлық бөлімшесі бар медициналық блокты аралап шықты.

Еңбек министрі орталықтың тәрбиеленушілерін және қызметкерлерін Балалар күнімен құттықтап, музыкалық орталықты сыйға тартты. Орталықтың тәрбиеленушілері мерекелік қойылым қойды.

кездесу

28 мамырда ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев «Shell» концернінің Қазақстандағы төрағасы Оливье Лазармен кездесу өткізді.

Тараптар кадрларды даярлау, кәсіпорынның әлеуметтік жауапкершілігі және өндіріс пен инфрақұрылымдық ортаның қауіпсіздігі мәселелерін талқылады. Тараптар одан әрі өзара іс-қимыл жасауға дайын екендерін білдірді.

Б. Сапарбаев «Шелл» компаниясының Қазақстан Республикасы Үкіметімен ынтымақтастығының көп жылғы сындарлы тарихын атап өтті.

«KazTexExpo»

Сейсенбі, 28 мамыр күні ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев «Нұр-Султан» қаласының АЭА аумағындағы «KazTexExpo» автоматтандырылған өндірістік кешенінде болды.

Еңбек министрлігінің басшысы автоматтандырылған тігін цехын аралап, заманауи тоқыма өндірісінің технологияларымен және отандық өнімдердің түрлерімен танысты.

Үкімет отырысы

Болжамдау және экономика үшін қажет кадрларға сұранысты қалыптастыру үшін құрылған Еңбек ресурстарын ұлттық болжамдау жүйесі Қазақстанда 2019 жылдың соңына дейін әзірленетін болады. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің басшысы Бердібек Сапарбаев 28 мамырда Үкімет отырысында мәлімдеді.

«2019 жылдың соңына дейін еңбек нарығында кадрларға қажеттілік болжамын шешу үшін Еңбек ресурстарын ұлттық болжамдау жүйесі құрылатын болады», - деді Б.Сапарбаев.

селектолық кеңес

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев Елбасының «Әлеуметік қамқорлық» әлеуметтік шараларын жүзеге асыру бойынша селекторлық кеңес өткізді.

Кеңеске Әділет, Ауыл шаруашылығы министрліктерінің, ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің, ҚР ІІМ Көші-қон қызметінің өкілдері қатысты. Сондай-ақ бейнеконференция режимінде облыстар мен Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары әкімдерінің орынбасарлары қатысты.

кездесу

Жұма, 24 мамырда Теміртау қаласында Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев пен Қарағанды ​​облысының әкімі Ерлан Қошанов «АрселорМиттал Теміртау» компаниясының бас директоры Парамжит Калонмен кездесу өткізді.

Кездесу барысында Бердібек Сапарбаев компания басшылығын әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға, аз қамтылған және көпбалалы отбасыларды қолдауға шақыра отырып, мемлекет пен бизнестің тығыз өзара іс-қимылының маңыздылығын атап өтті.

«Еңбекке жол»

Қазақстандықтар ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылған Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясының магистранттары мен «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ-ның бірлескен «Еңбекке жол» жобасы аясында Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың «Еңбек» бағдарламасының нәтижелерін онлайн қадағалай алады.

меморандум

Қарағанды облысында алдағы уақытта 120 отбасы қоныс тойын тойлайды. Бұл ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Қарағанды облысының әкімдігі және «Қазақмыс Холдинг» ЖШС арасында құрылған үшжақтық меморандум аясында мүмкін болып отыр. Аталмыш құжатқа министр Бердібек Сапарбаев, облыс әкімі Ерлан Қошанов және компанияның директорлар кеңесінің төрағасы Эдуард Огай қол қойды.

Беттер

ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші