check

You are here

алқа отырысында

Бұл туралы, бүгін, Мемлекет басшысының «Болашаққа көзқарас: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру мәселелеріне арналған ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кезектен тыс алқа отырысында еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Біржан Нұрымбетов хабарлады. 

Тамара Дүйсенова

Бүгін, Астанада, ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын жүзеге асыру (әрі қарай – бағдарлама) жөнінде селекторлық кеңес өткізді. Жиын барысында, ведомство басшысы, жұмыссыз және өзін өнімсіз жұмыспен қамтыған қазақстандықтарды жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тарту және халықты толық міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесімен қамту мақсатында азаматтардың мәртебесін анықтауға қатысты жайттарды егжей-тегжейлі сараптап берді. 

мүгедектер

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті (әрі қарай – ЕӘҚКК) Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің қызметкерлері Шымкент қаласындағы 6 баланы тәрбиелеп отырған жалғызбасты ана Ділбар Құттыбайға жеделтілген тәртіпте мүгедектігін анықтауға көмектесті.  

мүгедектер

Қазақстанда, 2017 жылдың қаңтар мен наурыз айлары аралығы, әлеуметтік және көлік инфрақұрылымының 258 нысаны мүмкіндігі шектеулі жандар мұқтаждығы үшін ішінара бейімделіп, оның ішінде 46-сы жергілікті бюджет есебінен жаңаша кейіпке енсе, 212-сін нысандардың меншік иелері өз қаржысына жөндеді. 

үздік әлеуметтік жоба

Елімізде «Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар» республикалық байқауының алғашқы (өңірлік) кезеңі бастау алды.  Барлық облыстарда, Астана мен Алматы қалаларында өтінімдерді қабылдап, жеңімпаздарды іріктеумен айналысатын және құрамына әкімдердің мүмкіндігі шектеулі жандар мәселелері жөніндегі кеңесшілері, үкіметтік емес ұйымдардың (әрі қарай – ҮЕҰ), «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалдарының, өңірлік кәсіпкерлер палаталарының өкілдері және басқа да мүдделі тараптар енген комиссия өз жұмысына кірісті. Бүгінде 13 қатысушы тіркеліп үлгерді.

Мажилис Парламента РК

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінде ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова депутаттарға Мемлекет басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты 2017 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мақсатында әзірленген «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңының жобасын таныстырды.

ҚР ЕХӘҚМ басшысы жоғарыда аталған заң жобасында:

жұмыспен қамту

2016 жылы Батыс Қазақстан облысында халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің Өңірлік кешенді жоспарын іске асыру аясында мемлекеттік қолдау шараларымен жұмыссыздар (20,3 мың адам) және өзін нәтижесіз жұмыспен қамтығандар (2,4 мың адам) қатарындағы 22 мың 674 адам қамтылды. Бұл өңірдегі жұмыссыз және өзін нәтижесіз жұмыспен қамтыған азаматтардың жалпы санының 77,2%-ы.

Оның ішінде:

- мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалар, өңірлерді дамыту бағдарламалары аясында іске асырылып жатқан жобаларға 1 мың 980 адам жұмысқа орналасты;

әлеуметтік көмек

Қазақстанда, 2017 жылдың қаңтар мен наурыз айлары аралығы, «Өрлеу» пилоттық жобасын жүзеге асыру аясында 48,3 мың азаматқа жалпы сомасы 1 млрд 758 млн теңге шартты ақшалай көмек тағайындалды. Ең көп қатысушы Оңтүстік Қазақстан (35126 адам), Жамбыл (3426 адам) және Алматы (2569 адам) облыстарында тіркелді.

жұмыспен қамту

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасына (әрі қарай – бағдарлама) бүгінде 80 мың адам қатысқан болса, олардың ішінде 75 мыңы (94%) жұмыссыздар, 5 мыңы (6%) өзін жұмыспен қамтыған жандар саналады. Бағдарламаны жүзеге асыру аясында 48 мың адам әлеуметтік жұмыс орындары арқылы еңбекпен қамтылып, қоғамдық жұмыстар мен жастар тәжірибесіне жолданды.

әлеуметтік төлемдері

Бүгін, Астанада, орталық мемлекеттік органдар, ҚР Кәсіподақтар федерациясы, ҚР «Атамекен» ҰКП, «Қазақ тағамтану академиясы» ЖШС, «Ардагер» ҚБ және де ҚР салалық кәсіподақтары өкілдері мен басқа да тараптардың қатысуымен, ең төменгі күнкөріс деңгейін есептеудің әдісін жетілдіру жолдарын талқылау бойынша дөңгелек үстел өтті.

Беттер

ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
үздік әлеуметтік жобалар дауыс беру
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші