check

You are here

выплаты

Мүгедек балалар тәрбиелеп отырған азаматтарға берілетін жәрдемақыға 2016 жылы республикалық бюджеттен  21,7 млрд. теңгеден астам бөлінді.

2016 жылы жәрдемақының орташа мөлшері 24 002 теңгені құрады. Мұндай жәрдемақы 73,4 мың адамға төленді. 

2017 жылы мүгедек балалар тәрбиелеп отырған азаматтарға берілетін жәрдемақыға республикалық бюджетте 24,9 млрд. теңге қарастырылған. 

Нур Отан

Бүгін «Нұр Отан» партиясының Республикалық қоғамдық қабылдауында ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрі Тамара Дүйсенова әлеуметтік-еңбек және денсаулық сақтау мәселелері бойынша ел азаматтарын қабылдады.  

дкз

 «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының кәсіпкерлік бастаманы ынталандыру мен тірек ауылдарын кешенді түрде дамытуды қарастыратын (әрі қарай – «»ЖҚЖК 2020) екінші бағытын жүзеге асыру аясында 10 мың 99 адам микрокредит алды. Оның ішінде 421 адам микрокредитті қайтарылған қаражат есебінен рәсімдеді.

дкз

2016 жылы «Жұмыспен қамтудың 2020 жол картасы» бағдарламасының жұмыспен қамтуды инфрақұрылымды және тұрмыстық-коммуналдық шаруашылықты дамыту арқылы қарастыратын бірінші бағытының аясында 5673 инфрақұрылымдық жоба жүзеге асырылды.

Аталған жобаларды жүзеге асыру нәтижесінде 40 мың 927 адам жұмысқа орналасты. Оның ішінде 22 мың 213-і – бағдарламаға қатысушылар.

ирс

Ақтөбе облысы мен Астана қаласындағы жұмыс берушілер шетелдік жұмыс күшін тартудың жаңа ережелеріне сай 28 шетел қызметкерін жұмысқа орналастыруға рұқсат алу мақсатында 12,5 млн. теңге көлемінде салық төледі.

Шетелдік мамандар бұрғылау инженері, инженер-технолог, электроника инженері қызметтеріне шақырылды.

Рұқсат беру бойынша мемлекеттік қызмет жергілікті атқару органдары, сонымен бірге, «бір терезе» қағидасы бойынша электрондық үкімет порталы арқылы жүзеге асырылады.

пособие

2016 жылы бір жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты жәрдемақы төлеуге республикалық бюджеттен 30,9 млрд. астам теңге бөлінді. 

Жәрдемақының мұндай түрін алушылардың жылдық орташа саны 143,3 мың адамды құрады. Ал жәрдемақының мөлшері балалардың кезегіне қарай 12 217 теңгеден 18 877 теңге аралығында құрады. 

2017 жылы бір жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты жәрдемақы төлеуге республикалық бюджетте 35,9 млрд. теңге қарастырылған.  

заседание

Бүгін ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінде (әрі қарай –ДСӘДМ) ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрі Тамара Дүйсенованың басшылығымен Мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы өтті.

предпринимательство

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі (бұдан әрі – ҚР ДСӘДМ) Министрліктің жанындағы кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестің құрамына енгізу үшін жеке кәсіпкерлік субьектілер бірлестіктерін аккредиттеу басталды.

Сараптамалық кеңестің жұмысына қатысқан, акредиттелген бизнес қауымдастық өкілдерінің бірлестіктері жеке кәсіпкерлердің мүдделерін қамтитын ҚР ДСӘДМ нормативтік құқықтық актілерінің жобаларына сараптама жасау құқығына ие болады.

инвалиды

Бүгін Астанада ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Светлана Жақыпова мен ҚР Жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары қауымдастығының президенті Любовь Худова физикалық мүмкіндігі шектеулі азаматтар, оның ішінде мүгедектігі бар балалар үшін арнайы киім мен аяқ киім өндіруді ұйымдастыру шараларын қарастыратын серіктестік туралы меморандумға қол қойды. Мүгедектерге арналған киімдерді тігу мен аяқ киімді шығару барысында олардың функционалдық мүмкіндіктері мен қажеттіліктерін ескерілетін болады.

пособия

 «Балалары бар отбасыларға төленетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» заңға сәйкес 2016 жылы 438,1 мың азаматқа бала тууына байланысты бір реттік жәрдемақы беріліп, бұл мақсатқа республикалық бюджеттен 32,3 млрд. теңге жұмсалды.

Бірінші, екінші және үшінші бала туылғанда төленетін жәмдемақы мөлшері 66 621 теңгені құраса, төртінші және одан көп бала дүниеге келген жағдайда 111 035 теңге төленеді.  

2017 жылы бала туылуына байланысты бір реттік жәрдемақы төлеуге республикалық бюджетте 32,4 млрд. теңге қарастырылған.   

Беттер

ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
үздік әлеуметтік жобалар дауыс беру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші