check

You are here

Сұрақ-жауаптар «Еңбекке ақы төлеу әдіснамасы»

Сәлеметсіз бе,мемлекеттік қызметте  2016 жылдың 14-ші қыркүйегінен бастап жетекші маман ретінде қызметке тұрдым. Мамандығым бойынша экономист - бухгалтер, білімім арнайы орта. Еңбек ақым   протокол бойынша мемлекеттік қызметкер ретінде 1 жылға дейін деп бекітілді. Еңбек кітапшамда жалпы қызмет өтілім 5 жыл, оның ішінде 2 жыл мемлекеттік мекемеде келісім - шарт бойынша есепші, ал 3 жыл ТОО да кассир. 

Жауап: 

Құрметті Гулим Ергазиевна!

   Мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық жалақысын белгілеуге құқық беретін жұмыс өтілін есептеу Қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Мемлекеттік қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 152 Жарлығымен бекітілген.

   Қағиданың 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 17 қаңтардағы № 1284 ҚБП Жарлығымен бекітілген мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық жалақыларын және сауықтыру жәрдемақыларын есептеу коэффициенттеріне сәйкес лауазымдық жалақы белгілеуге құқық беретін өтілге мемлекеттік қызметте болған барлық уақыт енгізіледі.

   Қағиданың 3-тармағының 8) және 9) тармақшаларына сәйкес   мемлекеттік ұйымдағы басшы лауазымдардағы немесе мемлекеттік қызмет мамандықтарымен бірдей мамандықтар бойынша лауазымдарда жұмыс істеген уақыт;

   егер осы лауазымдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметшілер лауазымдарына жатқызылған болса, мемлекеттік органдар мен олардың аппараттарына техникалық қызмет көрсеткен және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз еткен қызметкерлер лауазымдарында жұмыс істеген уақыт кіреді.

   Сонымен қатар, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі № 480  Заңының 60-бабы 3-тармағына сәйкес толық ақпарат алу үшін осы сұрау бойынша уәкілетті орган – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігіне жүгінуіңізді ұсынамыз.

Сұрақтың нөмірі: 348164
12 ақпан, 2018 - 20:18 өзгертілді

Саламатсыз ба! Біздің мекемеде  бір мемлекеттік қызметші болып жұмыс жасайды. Әкім аппаратында жетекші маман болып 7 ай  жұмыс жасады.  3 қаңтар 2018 жылдың еңбек демалысынан кетті күнтізбелік 30 кунге қосымша 7 күнге. 9 қаңтарда еңбек демалысынан кері шақыртып алып, 9 қаңтардан бастап жумыстан босатылды өз арызы бойынша. Ендігі сұрағым 7 айдағы жалақысын жұмыс жасаған күніне бөлдім. енді орташа жалақысын 37 кунге кобейтемин ба, әлде басқаша есептеледі ма? Осы сұрағыма жауап берсеңіз.

Жауап: 

Құрметті  Айымгул Айткалиевна!

   Біріншіден, Сіздің сұрағыңыз түсініксіз.

   Екіншіден, егер Сіз орташа жалақыны есептеуді сұрасаңыз, онда орташа жалақыны есептеу жолы «Орташа жалақыны есептеудің бірыңғай қағидаларын бекіту туралы» ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 908 бұйрығымен айқындалады, оған сәйкес қызметкердің орташа жалақысы орташа күндік  жалақыны оқиға кезеңіне (еңбек демалысы күндері, пайдаланылмаған еңбек демалысы күндері, еңбекке жарамсыздық күндері, т.б.) сәйкес келетін жұмыс күндерінің  санына көбейту жолымен есептеледі.

   Сонымен бірге ақпарат ретінде хабарлаймыз:

    ҚР Еңбек кодексінің(бұдан әрі – Кодекс) 96-бабына сәйкес еңбек шарты тоқтатылған кезде жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысын (жыл сайынғы еңбек демалыстарын) пайдаланбаған немесе толық пайдаланбаған жұмыскерге жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысының (жыл сайынғы еңбек демалыстарының) пайдаланылмаған күндері үшін өтемақы төлемі жүргізіледі.

   Кодекстің 95-бабына сәйкес жұмыскерді жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысынан кері шақыртып алған кезде демалыстың пайдаланылмаған бөлігін басқа уақытта берудің орнына, жұмыскер мен жұмыс берушінің арасындағы келісім бойынша жұмыскерге жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысының пайдаланылмаған бөлігінің күндері үшін өтемақы төлемі жүргізіледі.

    Орташа жалақыны есептеудің  әдістемелік ұсынымдары (есептеу мысалдарымен бірге) Министрліктің веб-сайтында ресми бөлім айдарында орналасқанын ақпарат ретінде хабарлаймыз.

 

Сұрақтың нөмірі: 348109
1 ақпан, 2018 - 20:12 өзгертілді

Саламатсызба! Түркістан қаласындағы Ясауи атындағы ХҚТУниверситетте 20 жыл компьютер саласында компьютер сыныбының маман қызметінен IT-инженер қызметіне дейін қызмет атқардым. Жанұя жағдайыма байланысты университеттегі жұмыстан шығып (21.11.2017), ауылымдағы жердегі мектепке компьютер сыныбының лаборанты болып орналастым (21.11.2017). Жоғарыдағы аталған ұйымдар екеуіде білім ошақтары гой. Білім бөлімінің есепшілері университеттегі стажым ендігі есептелетін еңбек ақыма қосылып есептелмейді дейді. Қояр сұрағым: Бұрынғы стажым қазіргі еңбек ақыма қосылама? Және ауылдық деген ше?

Жауап: 

Құрметті Бауыржан Асанович!

     «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысының 4-тармағының 3) тармақшасына сәйкес ұйымдар қызметкерлерінің ЛА (тарифтік мөлшерлемесін) айқындау мақсатында орталық атқарушы органдар мамандығы бойынша жұмыс өтілін (қызмет саласының ерекшеліктерін ескере отырып) есептеудің тәртібі мен шарттарын айқындайды.

     Осы қаулының 20-қосымшасының 4-тармағына сәйкес мамандығы бойынша жұмыс өтілін құрамын тиісті мемлекеттік органның басшысы бекітетін еңбек өтілін белгілеу жөніндегі комиссия айқындайды делінген.

     Осыған орай, Сіз көрсеткен жағдайда ҚР Білім және ғылым министрлігі білім саласындағы мамандардың жұмыс өтілін есептеу тәртібін басшылыққа ала отырып жұмыскердің еңбек өтілді есептеу ұйымдағы арнайы комиссияның құзыретіне кіреді және аталған комиссияның шешіміне келіспеген жағдайда ҚР Еңбек кодексінің 159-160-баптарына сәйкес жұмыскер мен жұмыс берушінің арасындағы келіспеушіліктер мекемедегі келісу комиссиясына, ал онда реттелмесе сотқа жүгіну тәртібімен шешуге болатынын хабарлаймыз.

Сұрақтың нөмірі: 347566
15 желтоқсан, 2017 - 21:05 өзгертілді

Саламатсызба ! ! ! Біздің әкімшілік ғимаратта 1 еденші жұмыс жасап келеді. 

1. Сұрақ. Мемлекеттік органдарға техникалық қызмет көрсетуді және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ететін жұмыскерлер санының бірыңғай салааралық нормативтерін бекіту туралы

Жауап: 

   1-сұраққа:

    «Тазаланатын ауданның 250 шаршы метріне 1 бірлік» дегенді «Тазаланатын ауданның 250 шаршы метріне дейін 1 бірлік» деп түсіну қажет.

   Сондықтан, тазаланатын ауданның көлемі қоса алғанда 250 шаршы метр болса, қызметтік орынжайды тазалаушы еденші 1 бірлік болып есепке алынады және жалақы 1 бірлікке төленуі тиіс.

   2-сұраққа:

   Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 30 қарашадаға № 343-ө бұйрығымен бекітілген Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығында (1-шығарылым) жұмысшы кәсібі «курьер» 1-разрядқа тарифтік-біліктілік сипаттама бекітілген.

   Жұмысшылардың лауазымдық айлықақыларын (тарифтік мөлшерлемелерін) есептеуге арналған коэффициенттер Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне  еңбекақы  төлеу жүйесі туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысының 3-қосымшасында қарастырылған, оған сәйкес 1-разрядтағы жұмысшының айлық ақысын есептеуге арналған коэффициент - 1,60 болады.

Сұрақтың нөмірі: 347530
19 қаңтар, 2018 - 21:47 өзгертілді
Жауап: 

Құрметті Салтанат Ықыласқызы!

      Қолданыстағы еңбек заңнамасының нормаларына сәйкес  жұмыскер жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын пайдалануға құқылы, ал жұмыс беруші  оған бұл демалысты  беруге міндетті.

     Сонымен қатар, жұмыскерде аталған құқық онда жыл сайынғы еңбек емалысы  беруге құқық беретін еңбек стажы болған кезде пайда болады.

     ҚР Еңбек кодексінің (бұдан әрі -Кодекс) 91-б. сәйкес бұл стажға (басқа да кезеңдермен қатар) жұмыскер еңбекке уақытша қабілетсіздігіне байланысты нақты жұмыс істемеген уақыт, сонымен  қатар нақты жұмыс істелген уақыт  кіреді.

     Демек, Сізге жыл сайынғы еңбек демалысын беру кезінде осы кезеңдер есепке алынуы  тиіс.

     Егер еңбекке уақытша қабілетсіз болған уақытыңыз жыл сайынғы еңбек демалысын беру кезеңіне түссе  Кодекстің 94-бабына сәйкес толық немесе оның бір бөлігі басқа уақытқа ауыстырылады.

     Осы баптың 1-тармағында көзделген жағдайларда жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысы (оның бір бөлігі) жұмыскердің өтініші бойынша жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысында болу кезеңіне ауыстырылады.

    Ауыстырылған еңбек демалысы тараптардың келісімі бойынша келесі жұмыс жылының еңбек демалысына қосылуы немесе жұмыскердің өтініші бойынша ағымдағы жұмыс жылында бөлек берілуі мүмкін.

 

Сәлеметсіздер ме? Мен ауылдық жерде бастауыш сынып мұғалімі қызметін атқарамын. 1-ші мамандығым арнаулы орта бастауыш сынып мұғалімі , 2-ші мамандығым ЖОО-да "Жалпы педагогика және психология "  мамандығы . Еңбекақы арнаулы орта білім бе немесе жоғарғы білім бойынша төленуі қажет ? Жауап берсеңіздер рахмет!!!

Жауап: 

 

Құрметті Самал Нуртаевна!

    ҚР Еңбек кодексінің Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандарға, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгiленбесе, жергiлiктi өкiлдi органдардың шешiмi бойынша бюджет қаражаты есебiнен қызметтiң осы түрлерiмен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшiлердiң айлықақыларымен және мөлшерлемелерімен салыстырғанда кемiнде жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтiк мөлшерлемелер белгiленедi.

   Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесiн жергiлiктi өкiлдi органмен келiсу бойынша жергiлiктi атқарушы орган айқындайды.

   Азаматтық қызметшілерге еңбекақы төлеу жүйесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысымен бекітілген.

   Аталған Қаулыға сәйкес, ұйымдардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу қоры лауазымдық ақының  (тарифтік мөлшерлемеден), еңбек жағдайлары үшін қосымша ақылар мен үстемеақылардан, азаматтық қызметшілердің жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына қосылатын бір лауазымдық ақы (тарифтік мөлшерлеме) мөлшеріндегі сауықтыру жәрдемақысынан, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде көзделген өтемақылардан айқындалады.

   Ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдық ақылары (тарифтік мөлшерлемесі) атқаратын лауазымдарының функционалдық блоктарға жатқызылуына және мамандығы бойынша жұмыс өтіліне, тағайындалған біліктілік разрядтарына (жұмысшылар үшін) қарай лауазымдық ақы (тарифтік мөлшерлемесі) есептеу үшін бекітілген тиісті коэффициенттерді белгіленген  базалық лауазымдық жалақы мөлшеріне көбейту жолымен айқындалады.

   Сонымен қатар, аталған Қаулыға сәйкес  педагог қызметкерлердің жекелеген санаттары үшін лауазымдық ақы (тарифтік мөлшерлемелер) бір аптаға белгіленген оқу жүктемесіне қарай айқындалады; жан басына шаққанда нормативтік қаржыландырылатын орта білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлеріне еңбекақы төлеудің шарттары көрсетілетін білім беру қызметтерінің сапасы мен олардың қызмет нәтижелеріне қарай білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен белгіленеді.

Сұрақтың нөмірі: 347405
14 желтоқсан, 2017 - 13:47 өзгертілді

МКҚК-да жұмыс атқаратын әкімшілік-шаруашылық қызметкерлеріне  еңбекақы төлеу бойынша ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 Қаулысымен бекітілген 5 қосымшаға сәйкес туберкулез (туберкулезге қарсы) мекемелерінде, диспансерлерінде, санаторийлерінде, санаторий-профилакторийлерінде, емдеу-өндірістік шеберханаларында, палаталарында (дәрігерлерден, орта медициналық қызметкерлерден, санитарлардан басқа) жұмыс істегені үшін БЛА-дан 60 % көрсетілген мөлшері бойынша төлемақы төленуде.

Жауап: 

Құрметті Болатхан Салибекович!

    Денсаулық сақтау саласындағы қызметкерлерге еңбек жағдайлары үшін қосымша ақылар, оның ішінде зиянды еңбек жағдайлары үшін қосымша ақылар «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысының 5-қосымшасына сәйкес, Еңбек жағдайлары зиянды кәсіптер және қызметтер өндірістерінің, цехтарының тізімі (тізбесі) негізінде белгіленеді.

    Сондай-ақ, бірыңғай қосымша ақылар аталған қаулының 18-қосымшасында көзделген.

    Бұл ретте, бір қызметкерге бірдей (зиянды) еңбек жағдайлары үшін екі немесе одан да көп қосымша ақы қарастырылған жағдайда, қосымша ақылардың мөлшері жағынан ең жоғарысы, яғни тек біреуі төленеді.

    Осыған орай, Сіздің жағдайыіызда аталған қызметкерлерге зиянды еңбек жағдайлары үшін тек БЛА-дан 60 % көлеміндегі қосымша ақы төленуі қажет.

Сұрақтың нөмірі: 347362
30 қараша, 2017 - 19:27 өзгертілді

ОҚО ДСБ-ның «Облыстық туберкулеге қарсы диспансер» МКҚК-да алдын жұмыс атқарып жүрген кезінде 1945 жылы туылған азаматша Кожабаева Шекер кәсіби сырқаттанып мерзімсіз екінші топ мүгедектікпен 70% еңбек қабілеттілігін жоғалтуына байланысты мекеме тарапынан өтемақы төленіп отырған болатын.

Жауап: 

Құрметті Болатхан Салибекович!

    «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру және исламдық қаржыландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 27 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңымен (бұдан әрі - Заң) «Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізілген. Заң 2015 жылғы 10 мамырдан бастап күшіне енгізілді.

     Заңмен Азаматтық кодекстің 944-бабының 1-тармағына жәбірленушінің еңбек (қызметтік) міндеттерін атқару кезінде жоғалтылған табысы бөлігінде зиянды өтеу еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесін белгілеу мерзіміне, бірақ оның Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында белгіленген зейнеткерлік жасқа жетуінен аспайтын мерзімге жүзеге асырылатындығын көздейтін өзгерістер енгізілген.

     Сонымен қатар, бұл өзгерістердің 2015 жылғы 10 мамырдан бастап күшіне енгізілгендігін ескеретін болсақ, онда бұл норманың осы көрсетілген мерзімнен кейін болған және белгіленген тәртіпте тіркелген  жағдайларға ғана қолданылады.

        2015 жылдың 10 мамырына дейін болған және белгіленген тәртіпте тіркелген  барлық жағдайларға жұмыс беруші зиянды өтеу төлемдерін еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесін белгілеу мерзіміне жүзеге асырады. 

Сұрақтың нөмірі: 347361
28 қараша, 2017 - 16:22 өзгертілді

Сәлеметсіз бе! Менің қояр сұрағым төмендегідей.

Мен 2016 жыл қараша айының 02-сі күні декреттік демалысқа кеткен қызметкердің орнына уақытша жұмысқа қабылдандым. Содан кейін 2017 жылдың мамыр айында өзім декреттік демалысқа шығып кеттім. Қәзіргі таңда менің алдымда жұмыс жасаған қызметкерде менде  декреттік демалыстамыз. Яғни екеумізде еңбек демалысын алмадық.   

Сұрақ. Маған 2017 жылдың кезекті еңбек демалысы тиесілі ме?

Жауап: 

Құрметті Жандос Орангалиевич!

      Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 92 – бабына сәйкес жұмыскерге жұмыс істеген бірінші және келесі жылдары үшін жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысы тараптардың келісімі бойынша жұмыс жылының кез келген уақытында беріледі.

     Жұмыс жылы жұмыскердің бірінші жұмыс күнінен бастап есептелген күнтізбелік он екі айды құрайды.

     Кодекстің 91-бабының 1-тармағына сәйкес жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысы нақты жұмыс істелген уақытына беріледі.

     Осыған орай, Сіздің нақты жұмыс істеген уақытыңыз үшін еңбек демалысын алуға құқығыңыз бар.

Сұрақтың нөмірі: 347360
7 желтоқсан, 2017 - 18:25 өзгертілді

Сәлеметсіз бе? Жалпы білім беретін мектептің /логопедтік пункт/ мұғалім-логопеді сөйлеу тілінде кемшілігі бар және дамуында ауытқушылығы бар балалармен түзету жұмыстарын жүргізгені үшін жалақысына қосымша үстемақы, оған қоса кабинетке меңгерушілік еткені үшін үстемақы ала алады ма? Жауаптарыңыз үшін алдын-ала рахмет.

Жауап: 

Құрметті Индира Базарбекқызы!

    Мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысы (бұдан әрі – Қаулы) негізінде жүргізіледі.

       Қаулыға 4-қосымшаға сәйкес білім саласындағы қызметкерлерге еңбек жағдайлары үшін қосымша ақылар қарастырылған. Оған сәйкес білім саласындағы азаматтық қызметшілерге дене бітімінің даму мүмкіндіктері шектеулі балалармен жұмыс істегені үшін базалық лауазымдық айлықақыдан (БЛА) 40% мөлшерде, сондай-ақ мектептерде және мектеп-интернаттарында, балалар үйлерінде оқыту кабинеттерін (зертханаларды, шеберханаларды, оқу-консультациялық пункттерді) меңгергені үшін БЛА-дан 20 % мөлшерде қосымша ақы белгіленген.

      Нақты ақпарат алу үшін білім саласында уәкілетті орган – ҚР Білім және ғылым министрлігіне жүгінуіңізді ұсынамыз.

Сұрақтың нөмірі: 347315
25 қараша, 2017 - 18:18 өзгертілді

Беттер

Әлеуметтік қорғау жүйелеріндегі үздік қызметкерге дауыс бер
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
үздік әлеуметтік жобалар дауыс беру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші