check

You are here

Сұрақ-жауаптар «Еңбекке ақы төлеу әдіснамасы»

Саламатсыз ба! Бізде дәрігер рентгенолог 5 күндік жұмыс уақыты болғанда қанша сағат жұмыс жасайды. мыс сағ 9/00 ден 12/30 - 14/00 ден 16/30 ге дейін бе? яғни 6 сағ. Денсаулық сақтау саласы бойынша заңнамалар ұсынасыз ба? Д-рентгенологқа кезекшілік есептегенде қанша сағ есептеймін 6 сағ-қа бөліп жасаймын ба? мыс 30500/21/6= Рахмет!
Жауап: 

Құрметті Арнур Мадиұлы! Денсаулық сақтау ұйымдарықызметкерлерінің жалақысын есептеудің ерекшелігінескере отырып, сауалыңызды Қазақстан РеспубликасыныңДенсаулық сақтау министрлігіне жіберуіңізге кеңесбереміз.

Еңбекті нормалау және еңбекақытөлеу басқармасының сарапшысы – Бейсембаева Д.А.

Сұрақтың нөмірі: 211522
30 шілде, 2008 - 00:00 өзгертілді
салематсыздар ма жергілікті жердегі еңбек инспекциясы арқылы мен перерасчетомды ала алам ба? сонда инспектор мекемені тексеріп барып бере ме? әлде тек бухгалтерияны тексере ме? рахмет
Жауап: 

 Жауап: Азаматтардың еңбек құқықтары бұзылған жағдайда, олар жұмыс орны жеріндегі Мемлекеттік еңбек инспекциясына (облыс, қала бойынша Бақылау және әлеуметтік қорғау департаментіне) шағымдана алады. Шағымда міндетті түрде арыз иесінің аты-жөні көрсетілуі тиіс, себебі – домалақ (анонимді) арыздар заң бойынша қаралмайды. Сондай-ақ, онда бұзылған еңбек құқы, мекеменің атауы мен орналасқан жері туралы мәліметтер көрсетілуге тиіс. Заң бойынша арыздар бір ай мерзімде қаралады. Бірақ, кейбір жағдайларда (қосымша зерттеулер жүргізу қажет болғанда) арызды қарау мезгілі ұзартылуы мүмкін. Азаматтардың шағымдарына ықпал ету мақсатында мемлекеттік еңбек инспекторлары мекемеде жоспардан тыс тексеріс өткізіп, заң бұзушылық іс жүзінде орын алғаны расталған жағдайда, жұмыс берушіге заңмен белгіленген тәртіппен айыпұл салады. Атап айтқанда, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексіне сәйкес, жұмыс берушінің жалақыны толық көлемде және ҚР еңбек заңнамасымен белгіленген мерзімде төлемеуі, сондай-ақ төлемді кешіктіру кезеңі үшін өсімақыны (пеня) есептемеуі және төлемеуі оларға жиырмадан елу айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айппұлдың салынуына себеп болады. Мұндай әрекеттердің (әрекетсіздіктің) әкімшілік жазаның қолданылуынан кейін бір жыл ішінде қайталанып орын алуы жүзден екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі айыппұлдың салынуына әкеп соғады.Орынд. Ш. Молдабекова, мемлекеттік еңбек инспекторы, бас сарапшы

Сұрақтың нөмірі: 211585
29 шілде, 2008 - 00:00 өзгертілді
Были ли изменение базового должностного оклада с 01.01.2008г. (с 2004 г. - 8712-00 тенге)? Изминился ли месячный расчетный показатель с 01.07.08г.(ранее был 1168-00 тенге)?
Жауап: 

Уважаемая НургульМолдашевна! Базовый должностной оклад утвержденпостановлением Правительства Республики Казахстан от 23 января 2004 года № 74 вразмере 8712 тенге.

В соответствиис Законом Республики Казахстан от 6 декабря 2007 года «О республиканскомбюджете на 2008 год» с 1 января 2008 года месячный расчетный показатель установлен в размере  1168 тенге.

Бейсембаева Д.А.,эксперт Управления нормирования и оплаты труда

Сұрақтың нөмірі: 211521
29 шілде, 2008 - 00:00 өзгертілді
Саламатсыздарма. Мен бюджеттік мекемеде 5 жыл еңбек етіп, декретке қалдым,балама 8-ай болған кезде аяғым 2-ші балаға ауыр болып жұмысқа қайтадан шықтым.4-ай жұмыс жасап, қайтадан декретке қалдым.121 күн декрет демалысыма барлығы 22000 тенге шықты.Еңбек жалақым 16000 тенге болатын Осы алған ақшам дұрыс па? Алдын ала рахмет.
Жауап: 

Құрметті Орынгүл!

Жүктілікжәне босануға орай берілетін әлеуметтік төлеммөлшері Сіздің еңбекке жарамсыздықпарағының берілген күнінен бастап соңғы 12 айдатапқан орташа айлық табысыңыздың көлеміндеанықталады. Орташа айлық табыс соңғы 12 айдаәлеуметтік аударымдар жасалған табыс қосылып, 12-гебөлу арқылы анықталады. Еңбекке жарамсыздықпарағы берілген күннен бастап соңғы 12 айда Сізде тек 4ай табыс болды. Демек, 4 айлық табысыңыз қосылып 12-гебөлінді. Шыққан сома Сіздің соңғы 12 айдатапқан орташа айлық табысыңызды құрады,яғни (16000 х 4) / 12 = 5 333 т. Осы табысты 4,2 коэффициентінекөбейту арқылы әлеуметтік төлемнің мөлшеріанықталды.

НұрсулуКемел - «Мемлекетік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ басмаманы wwwgfss.kz

Сұрақтың нөмірі: 211196
29 шілде, 2008 - 00:00 өзгертілді
Сәлеметсіздер ме? Мен мектепке 2007 жылдын акпан айында жумыска турдым.Бурын жумыс істемегенмін.2008 жылдын сәуір айында осы аралыкка енбек демалысына шыктым.Менін сурайын дегенім,мамыр айынан жумыска косылдым№жануя жагдайына байланысты енбек демалысына тамыз айында шыгуыма бола ма,ягни 1 жыл ішінде 2 рет алуыма бола ма? Алдын-ала рахмет!
Жауап: 

Құрметті Жұлдыз! 2007 жылғы 15 мамырдағыҚазақстан Республикасы Еңбек кодексінің (бұданәрі – Кодекс) 101-бабына сәйкес егер қызметкерлердіңжекелеген санаттары үшін басқа нормативтікқұқықтық актілерде, еңбек шартында, ұжымдықшартта және жұмыс берушінің актілерінде көп күнсаны көзделмесе, қызметкерлерге ұзақтығыкүнтізбелік жиырма төрт күн болатын жыл сайынғыақылы еңбек демалысы беріледі.

Жыл сайынғы ақылы еңбекдемалысына құқық беретін жұмыс стажынанақты жұмыс істелген уақыт, қызметкер нақтыжұмыс істемеген, бірақ оның жұмыс орны (лауазымы) менжалақысы толық немесе ішінара сақталған уақыт,қызметкер еңбекке уақытша жарамсыздығына байланыстынақты жұмыс істемеген уақыт, қызметкер жұмысынақайта алыну алдында нақты жұмыс істемеген уақытқосылады            (Кодекстің 104-бабы).

Кодекстің 105-бабына сәйкес қызметкергежұмыс істеген бірінші және келесі жылдары үшін жылсайынғы ақылы еңбек демалысы тараптардың келісімібойынша жұмыс жылының кез келген уақытында беріледі.

Сонымен қатар, қызметкерлергежалақы сақталмайтын демалыс беріледі (Кодекстің 100-бабы).

Еңбекті нормалау және еңбекке ақытөлеу басқармасының сарапшысы – Бейсембаева Д.А.

Сұрақтың нөмірі: 211167
28 шілде, 2008 - 00:00 өзгертілді
Саламатсыздарма!!! Егер де жұмысшылар себепсізден-себепсіз жұмысқа келмей, жұмыс уақытысында жұмыс орнын тастап кетіп қалу, басшылықты жұмысқа келмейтіндігі жөнінде алдын-ала ескерту жасамаған жағдайда, жұмыс беруші ҚР Еңбек кодексінің қай бабын қолданып жұмыстан босатуына болады? Осы жағдайда мен ҚР Еңбек кодексінің 54 бабының 6 тармағын қолдануыма болады ма?
Жауап: 

Біріншіден, Еңбек кодексінің 54-бабында6-тармақ көзделмеген. Сіздің айтып отырғаныңыз,мүмкін 54-баптың 1-тармағының 6-тармақшасы болар.Бұл ретте, егер жұмысшыларыңыз   іс жүзінде дәлелді себепсіз  үш және одан да көп  сағат бойы бір жұмыс күні(жұмыс ауысымы) ішінде  жұмыста болмаса,  жұмыс берушінің  өз бастамасы бойынша олармен  еңбек шартын бұзуға  құқығы бар.

          Алайда,еңбек шартын 54-баптың 1-тармағы 6) тармақшасынегізінде  бұзудан бұрынжұмыс беруші  жұмысшылардан  жұмыста болмауының себептері туралы  жазбаша түсініктемелер талап етуге  міндетті. Қызметкердің  жазбаша түсініктеме беруден  бас тартуы тәртіптік  жазақолдануға (яғни оларды жұмыстан шығаруға)кедергі жасай алмайды.

Орынд. Молдабекова Ш. – бас мемлекеттікеңбек инспекторы- бас сарапшы

Сұрақтың нөмірі: 211145
28 шілде, 2008 - 00:00 өзгертілді
Саламатсыздарма. Мен бюджеттік мекемеде 5 жыл еңбек етіп, декретке қалдым,балама 8-ай болған кезде аяғым 2-ші балаға ауыр болып жұмысқа қайтадан шықтым.4-ай жұмыс жасап, қайтадан декретке қалдым.121 күн декрет демалысыма барлығы 22000 тенге шықты.Еңбек жалақым 16000 тенге болатын Осы алған ақшам дұрыс па? Алдын ала рахмет.
Жауап: 

Құрметті Орынгүл!

Жүктілікжәне босануға орай берілетін әлеуметтік төлеммөлшері Сіздің еңбекке жарамсыздықпарағының берілген күнінен бастап соңғы 12 айдатапқан орташа айлық табысыңыздың көлеміндеанықталады. Орташа айлық табыс соңғы 12 айдаәлеуметтік аударымдар жасалған табыс қосылып, 12-гебөлу арқылы анықталады. Еңбекке жарамсыздықпарағы берілген күннен бастап соңғы 12 айда Сізде тек 4ай табыс болды. Демек, 4 айлық табысыңыз қосылып 12-гебөлінді. Шыққан сома Сіздің соңғы 12 айдатапқан орташа айлық табысыңызды құрады,яғни (16000 х 4) / 12 = 5 333 т. Осы табысты 4,2 коэффициентінекөбейту арқылы әлеуметтік төлемнің мөлшеріанықталды.

НұрсулуКемел - «Мемлекетік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ басмаманы wwwgfss.kz

Сұрақтың нөмірі: 211186
24 шілде, 2008 - 00:00 өзгертілді
Я хотел получить кое какую информацию. 2005-2006 году я работал в одной компаний. И там были нарушение по удержанию Подоходного налога в 2-м размере. Если я напишу на них иск то будет ли идти проверка в той организаций? Это организация не правильно считала Под.Налог и удерживала у сотрудников в 2-м, 3-м размере так как там не проверялась расчет налогов. Как просчитала программа так и удерживали налог. Ответьте пожалуйста на мой вопрос. Заранее Спасибо
Жауап: 

Уважаемый Нуржан! По вопросу удержания подоходного налога Вамнеобходимо обратиться в Налоговый комитет, а по вопросу правомерноститребования возврата удержанных сумм – к государственным инспекторам по труду поместу жительства.

АлпысбаеваА.С., эксперт управления нормирования и оплаты труда

Сұрақтың нөмірі: 211133
23 шілде, 2008 - 00:00 өзгертілді
Саламатсыздар ма? Ценрально-стерилизацианный отделенияға зияндылық төленеді ме? Қандай заңмен? Олар автоклавпен жұмыс жасайды, барлық медқұралдар стерилизовать етеді. Зияндылық төленеді ме, қанша пайыз?
Жауап: 

Құрметті Арнур Мадиұлы! Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттiкбюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардыңқызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардыңқызметкерлерiне еңбекақы төлеу ҚазақстанРеспубликасы Үкіметінің 2007 жылғы 29желтоқсандағы № 1400 қаулысымен (бұдан әрі –қаулы) реттеледі.

Ауыр (аса ауыр) қол еңбегіменшұғылданатын және еңбек жағдайы зиянды (ерекшезиянды) және қауіпті (ерекше қауіпті) жұмыстардаістейтін қызметкерлерге төленетін қосымша ақы мөлшерімен қызметкерлер кәсіптерінің, лауазымдарының,санаттарының атауы қаулыға 6-қосымшада айқындалған.

Еңбектінормалау және еңбекақы төлеу басқармасыныңсарапшысы – Бейсембаева Д.А.

Сұрақтың нөмірі: 211031
22 шілде, 2008 - 00:00 өзгертілді
Саламатсыздар ма? босанганнан кейнги 1 жыл колемин де айлыктын 40% баска косымша 3-ши балага косылатын жардем акы тагы бериледи ма ? рахмет
Жауап: 

 Құрметті Жансая!

Жұмысістейтін әйелдер Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыруқорының есебінен бір жасқа дейінгі бала күтімінеберілетін әлеуметтік төлем (12 ай ішінде беріледі) және бірреттік баланың туылуына орай берілетін әлеуметтікжәрдемақы алуға құқылы.

Жұмысістемейтін әйелдер мемлекеттік бюджет есебінен бір жасқа дейінгібала күтіміне берілетін әлеуметтік жәрдемақы (12 айішінде беріледі) және бір реттік баланың туылуына орай берілетінәлеуметтік жәрдемақы алуға құқылы.

Екіжақтан, яғни Қордан да, мемлекеттік бюджет есебінен де бірдейалуға болмайды.

НұрсулуКемел - «Мемлекетік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ басмаманы wwwgfss.kz

Сұрақтың нөмірі: 211184
18 шілде, 2008 - 00:00 өзгертілді

Беттер

ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші