You are here

Сұрақ-жауаптар «Еңбекке ақы төлеу әдіснамасы»

Саламатсыздар ма? босанганнан кейнги 1 жыл колемин де айлыктын 40% баска косымша 3-ши балага косылатын жардем акы тагы бериледи ма ? рахмет
Жауап: 

 Құрметті Жансая!

Жұмысістейтін әйелдер Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыруқорының есебінен бір жасқа дейінгі бала күтімінеберілетін әлеуметтік төлем (12 ай ішінде беріледі) және бірреттік баланың туылуына орай берілетін әлеуметтікжәрдемақы алуға құқылы.

Жұмысістемейтін әйелдер мемлекеттік бюджет есебінен бір жасқа дейінгібала күтіміне берілетін әлеуметтік жәрдемақы (12 айішінде беріледі) және бір реттік баланың туылуына орай берілетінәлеуметтік жәрдемақы алуға құқылы.

Екіжақтан, яғни Қордан да, мемлекеттік бюджет есебінен де бірдейалуға болмайды.

НұрсулуКемел - «Мемлекетік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ басмаманы wwwgfss.kz

Сұрақтың нөмірі: 211183
18 шілде, 2008 - 00:00 өзгертілді
Саламатсыздар ма? босанганнан кейнги 1 жыл колемин де айлыктын 40% баска косымша 3-ши балага косылатын жардем акы тагы бериледи ма ? рахмет
Жауап: 

 Құрметті Жансая!

Жұмысістейтін әйелдер Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыруқорының есебінен бір жасқа дейінгі бала күтімінеберілетін әлеуметтік төлем (12 ай ішінде беріледі) және бірреттік баланың туылуына орай берілетін әлеуметтікжәрдемақы алуға құқылы.

Жұмысістемейтін әйелдер мемлекеттік бюджет есебінен бір жасқа дейінгібала күтіміне берілетін әлеуметтік жәрдемақы (12 айішінде беріледі) және бір реттік баланың туылуына орай берілетінәлеуметтік жәрдемақы алуға құқылы.

Екіжақтан, яғни Қордан да, мемлекеттік бюджет есебінен де бірдейалуға болмайды.

НұрсулуКемел - «Мемлекетік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ басмаманы wwwgfss.kz

Сұрақтың нөмірі: 211182
18 шілде, 2008 - 00:00 өзгертілді
мен мектепте жұмыс жасаймын және сырттай оқимын маған оқуға кеткен күндігіме төленбейді неге?
Жауап: 

Құрметті Жанна! 2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан РеспубликасыЕңбек кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 100-бабының4-тармағына сәйкес қызметкерлерге жалақысақталмайтын демалыс, оқу демалысы, баланы (балаларды) тууға,жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланыстыдемалыстар беріледі.

Кодекстің 112-бабына сәйкес білім беруұйымдарында оқып жүрген қызметкерлерге сынақтармен емтихандарға дайындалу және оларды тапсыру, зертханалық жұмыстардыорындау, дипломдық жұмысты (жобаны) дайындау мен қорғауүшін оқу демалыстары беріледі.

            Оқу демалысына ақытөлеу еңбек шартында, ұжымдық шартта, оқушартында айқындалады.

Еңбекті нормалау және еңбекке ақытөлеу басқармасының эксперті – Бейсембаева Д.А.

Сұрақтың нөмірі: 210934
16 шілде, 2008 - 00:00 өзгертілді
салематсыздар ма мемлекеттік қызметкерлерге Астананың 10 жылдығына премиялныйлар беріледі ме? яғни мектепке
Жауап: 

Құрметті Света! Мемлекеттiк бюджет қаражаты есебінен ұсталатынұйымдардың қызметкерлерінің, қазыналықкәсіпорындардың қызметкерлерiнің еңбекақытөлеу жүйесі Қазақстан РеспубликасыҮкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1400қаулысымен (бұдан әрі – қаулы) реттеледі.

Қаулының 6-тармағынасәйкес ұйымдардың басшыларына кредиторлық берешекболмаған кезде қаржыландыру жоспары бойынша тиiстi мемлекеттікмекеменi ұстауға көзделген қаражатты үнемдеуесебiнен немесе кредиторлық берешегi болмаған кезде мемлекеттiкбасқару органы қазыналық кәсiпорын үшiн бекiткенсмета бойынша салалық келiсiмде, ұжымдық шартта және(немесе) жұмыс берушiнiң актiсiнде белгiленген тәртіппенқызметкерлердiң лауазымдық жалақыларына ынталандыруүстемеақыларын белгiлеу, сыйлықақы беружәне материалдық көмек көрсетуқұқығы берiлген.

Сондықтан сыйлықақы беружұмыс берушінің шешімімен белгіленуі мүмкін.

Еңбекті нормалау және еңбекке ақытөлеу басқармасының эксперті – Бейсембаева Д.А.

Сұрақтың нөмірі: 210933
16 шілде, 2008 - 00:00 өзгертілді
салематсыздар ма мен мектептердегі лаборанттыққа /G-13/жәрдемақының төлену есебін білейін деп едім 1 /еңбек ақы /айлықпа әлде мемлекеттік қызметкерлердегідей 2 айлық па және неге зияндылық төленбейді рахмет
Жауап: 

Құрметті Жанна! 2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан РеспубликасыЕңбек кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 239-бабының1-тармағына сәйкес мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын азаматтыққызметшілерге лауазымдық жалақысы мөлшеріндесауықтыруға арналған жәрдемақы төленеотырып, ұзақтығы күнтізбелік отыз күннен кемболмайтын жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы беріледі.Азаматтық қызметшілерге сауықтыруға арналғанжәрдемақы күнтізбелік жылда бір рет төленеді.

Кодекстің 1-бабы 1-тармағының2)-тармақшасына сәйкес азаматтық қызметші -Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленгентәртіппен қазыналық кәсіпорындарда, мемлекеттікмекемелерде ақылы штаттық лауазымда істейтін жәнеолардың міндеттері мен функцияларын іске асыру және мемлекеттікоргандарға техникалық қызмет көрсетуді жүзегеасыру мен олардың жұмыс істеуін қамтамасыз етумақсатында лауазымдық өкілеттіктерді жүзеге асыратынадам.

Азаматтық қызметшілерлауазымдарының тізбесі Қазақстан Республикасының 2007жылғы 27 қыркүйектегі № 850 қаулысыменайқындалған.

Сонымен қатар, ҚазақстанРеспубликасы Үкіметінің 2007 жылғы 29желтоқсандағы № 1400 «Азаматтық қызметшілерге,мемлекеттiк бюджет қаражаты есебінен ұсталатынұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардыңқызметкерлерiне еңбекақы төлеу жүйесі туралы»қаулысына сәйкес ауыр (аса ауыр) қол еңбегіжұмыстарымен және еңбек жағдайлары зиянды (аса зиянды)және қауіпті (аса қауіпті) жұмыстармен айналысатынқызметкерлерге қосымша ақы көзделмеген.

Еңбектінормалау және еңбекақы төлеу басқармасыныңсарапшысы – Бейсембаева Д.А.

Сұрақтың нөмірі: 210932
16 шілде, 2008 - 00:00 өзгертілді
егер еңбек ақы есептегенде отделения дәрігерлерін G9 тан G7 ге ауыстырылса қанадай заңға сүйенеді 1400приказда G7ге руководитель отделения (филиала) деп тұр дәрігерлер жұмысқа алынғанда приказ бөлім меңгерушісі деп тұр Бөлім меңгерушілерін G7мен есептеуім қате ме?
Жауап: 

Құрметті Әділет Кененұлы! Азаматтыққызметшілердің (білікті жұмысшылардықоспағанда) санаттарбойынша лауазымдарының тiзiлiмiне (ҚазақстанРеспубликасы Үкіметінің 2007 жылғы 29желтоқсандағы № 1400 қаулысына 1-қосымша) сәйкес бөлім меңгерушісілауазымы сектор, бөлімше басшысы ретінде G-7 санатына, алдәрігер лауазымы бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi маман ретіндеG-9 санатына жатқызылған.

Егер дәрігер бұйрық бойыншабөлім меңгерушісі лауазымына қабылданса, ондасәйкесінше лауазымдық жалақы G-7 санаты бойыншатөленеді.

Еңбектінормалау және еңбекақы төлеу басқармасыныңсарапшысы – Бейсембаева Д.А.

Сұрақтың нөмірі: 210929
15 шілде, 2008 - 00:00 өзгертілді
мыс:жедел-жардем бөлімінде жасайтын медқызметкерлеріне көрсетілген уақыт нормасынан артық сағаттар төленеді ме? мысалыға шілде айында 176 сағ ал фельдшерлерге 184,204 сағаттар шығып тұр. Баланс времени тек 5 күндік және 6 күндік жұмыс күндеріне есептелген емес пе.Фельдшерлер 24 сағ 7 күн. Рахмет!
Жауап: 

Құрметті Арнур Мадиұлы! 2007 жылғы 15 мамырдағыҚазақстан Республикасы Еңбек кодексінің (бұданәрі – Кодекс) 127-бабына сәйкес еңбекке уақыт бойыншаақы төлеу кезінде үстеме уақыттағы жұмысқакемінде біржарым есе мөлшерде ақы төлеу жүргізіледі. Еңбеккекесімді ақы төлеу кезінде үстеме уақыттағыжұмысқа қызметкердің белгіленген тарифтік ставкасының(лауазымдық айлықақысының) кемінде елу проценті мөлшеріндеқосымша ақы төленеді.

Кодекстің 89-бабына сәйкесүстеме жұмыстар әрбір қызметкер үшін тәулікішінде - екі сағаттан, ал ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайларызиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті жұмыстарда бірсағаттан аспауға тиіс.

Үстеме жұмыстардың жалпы ұзақтығыайына он екі сағаттан және жылына жүз жиырма сағаттанаспауға тиіс.

Сонымен қатар, дәрiгерлердiң жұмысуақытының айлық нормасынан тыс атқарылатын кезекшiлiкуақытындағы еңбегi үшiн ақы төлеу ҚазақстанРеспубликасы Денсаулық сақтау министрінің 2002 жылғы 20ақпандағы № 185 бұйрығымен бекітілген Денсаулықсақтау ұйымдарының медициналық қызметкерлерiнiңкезекшiлiгiн ұйымдастыру және оларға ақы төлеуережесiмен анықталады.

Сондықтан, толық ақпарат алуүшін сауалыңызды Қазақстан Республикасы Денсаулықсақтау министрлігіне жіберуіңізге кеңес береміз.

Еңбектінормалау және еңбекақы төлеу басқармасыныңсарапшысы – Бейсембаева Д.А.

 

Сұрақтың нөмірі: 210928
15 шілде, 2008 - 00:00 өзгертілді
Мен мектепте кіші қызметкер (техничка) болып жұмыс жасаймынМаған Маған еңбек демалысынан кейін сауықтыруға арнаклған жәрдемақы төлене ме?Рахмет
Жауап: 

Құрметті Миуа! 2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан РеспубликасыЕңбек кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 239-бабының1-тармағына сәйкес мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын азаматтыққызметшілерге лауазымдық жалақысы мөлшеріндесауықтыруға арналған жәрдемақы төленеотырып, ұзақтығы күнтізбелік отыз күннен кемболмайтын жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы беріледі.Азаматтық қызметшілерге сауықтыруға арналғанжәрдемақы күнтізбелік жылда бір рет төленеді.

Кодекстің 1-бабы 1-тармағының2)-тармақшасына сәйкес азаматтық қызметші - ҚазақстанРеспубликасының заңнамасында белгіленген тәртіппенқазыналық кәсіпорындарда, мемлекеттік мекемелерде ақылыштаттық лауазымда істейтін және олардың міндеттері менфункцияларын іске асыру және мемлекеттік органдарғатехникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыру менолардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатындалауазымдық өкілеттіктерді жүзеге асыратын адам.

Азаматтық қызметшілерлауазымдарының тізбесі Қазақстан Республикасының 2007жылғы 27 қыркүйектегі № 850 қаулысыменайқындалған. Тізбеде осы санатқа жататын басшылар, мамандар,қызметкерлер лауазымдары және білікті жұмысшыларқарастырылған.

Сондықтан, білікті емес жұмысшыларазаматтық қызметшілерге жатпайды.

Сонымен қатар, ҚазақстанРеспубликасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы№ 1400 қаулысының 6-тармағына сәйкесұйымдардың басшыларына кредиторлық берешек болмағанкезде қаржыландыру жоспары бойынша тиiстi мемлекеттік мекеменiұстауға көзделген қаражатты үнемдеу есебiненнемесе кредиторлық берешегi болмаған кезде мемлекеттiк басқаруорганы қазыналық кәсiпорын үшiн бекiткен смета бойыншасалалық келiсiмде, ұжымдық шартта және (немесе)жұмыс берушiнiң актiсiнде белгiленген тәртіппенқызметкерлердiң лауазымдық жалақыларына ынталандыруүстемеақыларын белгiлеу, сыйлықақы беру және материалдықкөмек көрсету құқығы берiлген.

Еңбектінормалау және еңбекке ақы төлеубасқармасының эксперті – Бейсембаева Д.А.

Сұрақтың нөмірі: 210800
10 шілде, 2008 - 00:00 өзгертілді
1 Сұрақ. Жеке меншік колледждер еңбекке жарамсыз уақытқа (больничный) төлей ма? Төлесе қалай төленеді? 2 Сұрақ. Полигон аймағында туып-өскен, бірақ кейін басқа аймаққа қоныс аударған адамдарға экологический отпуск төлене ме? 3 сұрақ. Компенсация қандай жағыдайларда төленеді? Төленсе неше күнге төленеді?
Жауап: 

Құрметті Гүлден! 1. 2007 жылғы 15 мамырдағыҚазақстан Республикасы Еңбек кодексінің (бұданәрі – Кодекс) 159-бабының 1-тармағына сәйкес жұмысберуші өз қаражаты есебінен қызметкерлерге еңбекке уақытшажарамсыздық бойынша әлеуметтік жәрдемақы төлеугеміндетті.

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппенберілген еңбекке жарамсыздық парақтары еңбекке уақытшажарамсыздық бойынша әлеуметтік жәрдемақылар төлеуүшін негіз болып табылады.

Жұмыс берушінің қаражатыесебінен уақытша еңбекке жарамсыздық бойынша әлеуметтікжәрдемақы тағайындаудың және төлеудіңтәртібі мен оның мөлшері Қазақстан РеспубликасыҮкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 1339қаулысымен айқындайды.

2. Семейядролық сынақ полигонындағы ядролықсынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтікқорғау туралы» ҚазақстанРеспубликасының 1992 жылғы 18 желтоқсандағы Заңының(бұдан әрі – Заң) 5, 6, 7, 8, 9-баптарында көрсетілгенаумақтарда тұратын халық Заңның 13-бабындаайқындалған мөлшерде қосымша еңбекақыжәне жыл сайынғы ақылы қосымша еңбек демалысалуға құқылы. Заңда көзделген қосымшаеңбекақы әлеуметтік қолдау ретінде айлық есептіккөрсеткіштен есептеледі және айына бір рет төленеді.

3. Қойған сұрағыңызтолық емес, қандай «өтемақы» жөніндебілгіңіз келетінін нақтылаңыз.

Еңбекті нормалау және еңбекақытөлеу басқармасының сарапшысы – Бейсембаева Д.А.

Сұрақтың нөмірі: 210788
9 шілде, 2008 - 00:00 өзгертілді
Салеметсіздер ме! Мен казирги уакытта Атырау каласында жумыс жасаймын.2008 жылдын октябрь айында босануга байланысты демалыска шыгамын,ал өзім Алматы каласында тіркеудемин.Мен еңбекке жарамсыз парағын кештеу,ягни ноябрь айында өткізсем бола ма? Сосын жумыс беруши печать я болмаса баскалай белгі согуы керек па ?(еңбекке жарамсыз парағына)Жұмыс берушінін рұксатымен босанганша жұмыс жасауыма болады ма? Рахмет!
Жауап: 

Құрметі Жансая!

Әлеуметтіктөлем алу үшін Мемлекеттік зейнетақы төлеужөніндегі орталықтың тұрғылықтыжеріңіз бойынша бөлімшесіне баруыңыз керек. Егер Алматыдатіркеуде болсаңыз, Атырау қаласында құжатөткізгіңіз келсе, Атырау қаласында уақытша мекендеутуралы құжат алуыңыз қажет. Еңбеккежарамсыздық парағын берілген күннен бастап 12 ай ішіндеөткізуге болады. Еңбекке жарамсыздық парағыныңартқы бетін жұмыс беруші толтырып, қолын қоюы тиіс,мөр қою міндетті емес. Жұмыс берушіге көшірмесінқалдыру қажет. Еңбекке жарамсыздық парағыәйелді толықтай жұмыстан босатады. Сол себептіәлеуметтік төлемнің мөлшерін есептеуде парақберілген күннен бастап соңғы 12 айдағы табысқолданылады. Егер сіздің және жұмысберушіңіздің келісімімен жұмыс жалғастырғанкүйде, еңбекке жарамсыздық парағы берілген күнненкейінгі табыс жүктілік пен босануға байланысты берілетінәлеуметтік төлемнің мөлшерін есептеудеқосылмайды.

орынд.Нұрсулу Кемел - «Мемлекетікәлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ бас маманы wwwgfss.kz

Сұрақтың нөмірі: 210879
8 шілде, 2008 - 00:00 өзгертілді

Беттер

ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
Көп балалы отбасыларға жәрдемақы тағайындау туралы ақпаратты тексеру
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші