You are here

Сұрақ-жауаптар «Еңбекке ақы төлеу әдіснамасы»

Саламатсыздарма ! Сіздерге қояр сұрағым- Мен 2007 жылы шілде айында кезекті еңбек дималысында болып 2 тамыз жұмысқа қосылдым. 1 айдан соң, яғни 4 қыркүйек декреттік демалысқа шығып , қазіргі уақытта ақысыз демалыста отырмын. Мен 2008ж еңбек демалысымды ала аламба және леч пособие тиісті ме ?
Жауап: 

Құрметті Гүлмира! 2007 жылғы 15 мамырдағыҚазақстан Республикасы Еңбек кодексінің (бұданәрі – Кодекс) 239-бабының 1-тармағына сәйкесмемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын азаматтық қызметшілергелауазымдық жалақысы мөлшерінде сауықтыруғаарналған жәрдемақы төлене отырып,ұзақтығы күнтізбелік отыз күннен кем болмайтынжыл сайынғы ақылы еңбек демалысы беріледі. Азаматтыққызметшілерге сауықтыруға арналғанжәрдемақы күнтізбелік жылда бір рет төленеді.

Кодекстің 113-бабына сәйкес баланы (балаларды)туған әйелдерге бала үш жасқа толғанғадейін оның күтіміне байланысты жалақы сақталмайтындемалыс беріледі.

Кодекстің 192-бабына сәйкесәйелге, қалауы бойынша, жүктілікке және босануғабайланысты демалыстың алдында немесе тікелей одан кейін не балағакүтім жасауға арналған демалыс біткен соң жыл сайынғыақылы еңбек демалысы беріледі.

Сонымен қатар, бала үш жасқатолғанға дейін оның күтіміне байланысты жалақы сақталмайтындемалыс жыл сайынғы ақылы еңбек демалысынақұқық беретін жұмыс стажына қосылмайды.  

Еңбектінормалау және еңбекке ақы төлеубасқармасының эксперті – Бейсембаева Д.А.

Сұрақтың нөмірі: 210503
18 маусым, 2008 - 00:00 өзгертілді
Саламатсыз ба? Мен Түркістан қаласында мектепте жұмыс істеймін. Наурыз айынан бастап бала күту демалысындамын (декретный). Енді маған лечпособие, жыл сайынғы ақылы демалыс беріледі ме? Өйткені мен 2007 жылдың тамыз айынан 2008 нарызға дейін жұмыс істегенмін. Жауабыңызға алдын-ала РАХМЕТ.
Жауап: 

Құрметті Айгүл! 2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан РеспубликасыЕңбек кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 239-бабының1-тармағына сәйкес мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын азаматтыққызметшілерге лауазымдық жалақысы мөлшеріндесауықтыруға арналған жәрдемақы төленеотырып, ұзақтығы күнтізбелік отыз күннен кемболмайтын жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы беріледі.Азаматтық қызметшілерге сауықтыруға арналғанжәрдемақы күнтізбелік жылда бір рет төленеді.

Кодекстің 192-бабына сәйкесәйелге, қалауы бойынша, жүктілікке және босануғабайланысты демалыстың алдында немесе тікелей одан кейін не балағакүтім жасауға арналған демалыс біткен соң жыл сайынғыақылы еңбек демалысы беріледі.

Қазіргі кезде Сіз жүктілікке жәнебосануға байланысты демалыста болсаңыз, Сізге жыл сайынғы ақылыеңбек демалысы және бірге төленетін сауықтыруға арналғанжәрдемақы жүктілікке және босануға байланыстыдемалыс біткен соң беріледі.   

Еңбектінормалау және еңбекке ақы төлеубасқармасының эксперті – Бейсембаева Д.А.

Сұрақтың нөмірі: 210346
12 маусым, 2008 - 00:00 өзгертілді
Саламатсыз ба! Тарификациялық тізім бойынша мектепте оператор(газ қондырғысында отыншы)қарастырылып 1 жылғы айлық табысы бекітілген. Бірақ, ол 6 ай жұмыс жасайды (мезгілмен), оған 1 жылдық айлық табыс 6 айға бөлініп төленеді. Еңбек демалысы жұмыс жасаған күндерге есептеледі. Аулымыз экологиялық аймаққа жататындықтан еңбек демалысына шыққан жұмысшыларға бір айлық сауықтыру жәрдем ақысы төленеді. Сұрақ: Операторға экологиялық сауықтыру жәрдем ақысы төлену керек пе?
Жауап: 

Құрметті Ғалия! «Аралөңіріндегі қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтардыәлеуметтік қорғау туралы» ҚазақстанРеспубликасының 1992 жылғы 30 маусымдағы Заңында(бұдан әрі – Заң) көзделген жыл сайын ақы төленетін қосымшадемалыс Заңда көрсетілгенаймақтарда тұратын, жұмыс істейтін және зардапшеккен азаматтар статусы бар азаматтарға беріледі және еңбекдемалысын берумен бірге жыл сайын сауықтыруға арнап қолданылыпжүрген төлемдердің үстіне бір айлық тариф нарқынемесе қызметтік айлықақы көлемінде материалдықкөмек көрсетіледі.

Экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккеназаматтар статусы аталған Заңның 2-бөліміменайқындалған.

Еңбектінормалау және еңбекке ақы төлеубасқармасының эксперті – Бейсембаева Д.А.

Сұрақтың нөмірі: 210256
11 маусым, 2008 - 00:00 өзгертілді
Мен 13 сағат апталық жүктемемен мұғалім қызметін атқарып отырмын.Сонымен қатар 0,5 ставка іс қағаз жүргізушісімін.(іс қағаз жүргізуші 1 жыл болды бала күтіміне байланысты демалыста әлі шыққан жоқ,соның орнында жасап келемін.)Маған сауықтыру жәрдемақысы мұғалімдік және іс жүргізушілік (екеуіде азаматтық қызметшіге жатады) қызметтері бойынша яғни екеуіде төлене ме ? Әлде біреуі төлене ме ? Нақты жауап берсеңіз екен.
Жауап: 

Құрметті Гүлсімай! 2007жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасы Еңбеккодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 239-бабының1-тармағына сәйкес мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын азаматтыққызметшілерге лауазымдық жалақысы мөлшеріндесауықтыруға арналған жәрдемақы төленеотырып, ұзақтығы күнтізбелік отыз күннен кемболмайтын жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы беріледі.Азаматтық қызметшілерге сауықтыруға арналғанжәрдемақы күнтізбелік жылда бір рет төленеді.

Кодекстің 131-бабына сәйкес егерқызметкер бір ұйымда, өзінің еңбек шартында қарастырылғаннегізгі жұмысымен қатар басқа лауазым бойынша қосымша жұмысорындайтын немесе уақытша болмаған қызметкердіңміндеттерін өзінің негізгі жұмысынан босатылмай орындаса,онда бұл лауазымдарды қоса атқару (қызмет ету аймағыныңкеңеюі) немесе уақытша болмаған қызметкердіңміндеттерін орындау болып табылады.

Лауазымдарды қоса атқару (қызметету аймағының кеңеюі) қоса атқарылатын лауазымбойынша жәрдемақыны төлеуге негіз бола алмайды.

Сұрақтың нөмірі: 210211
7 маусым, 2008 - 00:00 өзгертілді
Саламатсыздар ма? Мен Актөбе облысы, Шалқар қаласы №5 орта мектебінде информатика пәнінің мұғалімі болып жұмыс жасаймын.Апталық жүктемем 11 сағат. Менің кезекті еңбек демалысыма қосылып берілетін сауықтыру жәрдемақысы (личпособия) биыл екі есе беріледі екен. Менің окладым 21692 тенге екі есе берілуі керек пе, әлде бухгалтеріміз айтқандай тарифтегі 21692(оклад):18*11(апталық жүктемесағатым)= 13256 тенге. Сұрайын дегенім маған сауықтыру жәрдемақысы (личпособия) 21692т*2 төленеді ме әлде 13256*2 т төленеді ме? Алдын ала рахмет.
Жауап: 

Құрметті Жансәуле Құлтасқызы! 2007 жылғы 15 мамырдағыҚазақстан Республикасы Еңбек кодексінің (бұданәрі – Кодекс) 239-бабының 1-тармағына сәйкесмемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын азаматтық қызметшілергелауазымдық жалақысы мөлшерінде сауықтыруғаарналған жәрдемақы төлене отырып,ұзақтығы күнтізбелік отыз күннен кем болмайтынжыл сайынғы ақылы еңбек демалысы беріледі. Азаматтыққызметшілерге сауықтыруға арналғанжәрдемақы күнтізбелік жылда бір рет төленеді.

Қазақстан РеспубликасыҮкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1400қаулысының 3-тармағына сәйкес ұйымдарқызметкерлерiнiң лауазымдық жалақылары (ставкалары)атқаратын лауазымдарының лауазымдар санаттарына жатқызылуынақарай лауазымдық жалақыларын (ставкаларын) есептеу үшiнбекiтiлген тиiстi коэффициенттердi Қазақстан РеспубликасыныңYкiметi белгiленген базалық лауазымдық жалақының (8712теңге) мөлшерiне көбейту жолымен айқындалады.

Педагог қызметкерлердiң жекелегенсанаттары үшiн лауазымдық жалақылар (ставкалар)заңнамада бiр аптаға белгiленген нормативтiк оқужүктемесiне қарай айқындалады.

Азаматтық қызметшілергесауықтыруға арналған жәрдемақы жұмысуақытының ұзақтығына пропорционалдытөленеді.

Сұрақтың нөмірі: 210124
5 маусым, 2008 - 00:00 өзгертілді
жумыс істеймін. Осы шілде айында кезекті еңбек демалысы жумыс істеген уақытым 12 айға толмаса да беріле ме? Бұрын жумыс стажым жок. Берілген жағдайда ұзақтығы қанша уақыт? алдын-ала рахмет!
Жауап: 

Құрметті Рита! 2007 жылғы 15мамырдағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің(бұдан әрі – Кодекс) 101-бабына сәйкес егерқызметкерлердің жекелеген санаттары үшін басқанормативтік құқықтық актілерде, еңбек шартында,ұжымдық шартта және жұмыс берушінің актілеріндекөп күн саны көзделмесе, қызметкерлергеұзақтығы күнтізбелік жиырма төрт күнболатын жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы беріледі.

Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысынақұқық беретін жұмыс стажына нақтыжұмыс істелген уақыт, қызметкер нақты жұмысістемеген, бірақ оның жұмыс орны (лауазымы) мен жалақысытолық немесе ішінара сақталған уақыт, қызметкер еңбеккеуақытша жарамсыздығына байланысты нақты жұмыс істемегенуақыт, қызметкер жұмысына қайта алыну алдында нақтыжұмыс істемеген уақыт қосылады            (Кодекстің 104-бабы).

Кодекстің 105-бабына сәйкесқызметкерге жұмыс істеген бірінші және келесі жылдары үшінжыл сайынғы ақылы еңбек демалысы тараптардың келісімібойынша жұмыс жылының кез келген уақытында беріледі.

Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысықызметкер мен жұмыс берушінің арасындағы келісімбойынша бөліктерге бөлінуі мүмкін.

Осыған байланысты, орташа жалақыңызсақтала отырып, тараптардың келісімі бойынша нақтыжұмыс істеген уақытыңыз үшін немесе толығымен жылсайынғы ақылы еңбек демалысы беріледі.

Сұрақтың нөмірі: 210099
4 маусым, 2008 - 00:00 өзгертілді
Мен іс қағаз жүргізушісі болып бала күтімі демалысындағы адамның орнына уақытша қосымша(20.08.2008)жасап келемін.1 жыл болды.Негізі мұғалім қызметін атқарып отырмын.Маған жыл сайынға ақылы еңбек демалысы екі қызметім бойынша бірге берілуі қерек деп ойлаймын.(Еңбек Кодексінің 199 бабы)Дұрыс па ? Сосын еңбек демалысының кестесін мектеп өзі беркіте ме,әлде аудадық білім беру бөлімі ме? Нақты заңдық кеңес берсеіңз екен.Рахмет.
Жауап: 

Құрметті Айман! 2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан РеспубликасыЕңбек кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 239-бабының1-тармағына сәйкес мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын азаматтыққызметшілерге лауазымдық жалақысы мөлшеріндесауықтыруға арналған жәрдемақы төленеотырып, ұзақтығы күнтізбелік отыз күннен кемболмайтын жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы беріледі.Азаматтық қызметшілерге сауықтыруға арналғанжәрдемақы күнтізбелік жылда бір рет төленеді.

Кодекстің 196-бабына сәйкес қызметкерөзі еңбек қатынастарында тұрған бір жұмысберушімен (негізгі жұмыс орны бойынша), сондай-ақ бірнеше жұмысберушімен де қоса атқаратын жұмыс туралы еңбекшартын жасасуға құқылы.

Қоса атқаратын жұмыс туралы еңбекшартында жұмысты қоса атқару жөнінде сілтеме болуыміндетті.

Кодекстің 199-бабына сәйкес қосаатқаратын жұмыс туралы еңбек шарты бойынша жұмысістейтін қызметкерлерге жыл сайынғы ақылы еңбекдемалысы негізгі жұмысы бойынша демалыспен қатар беріледі.

Азаматтық қызметшілергесауықтыруға арналған жәрдемақы жұмысуақытының ұзақтығына байланыстытөленетіндіктен (0,5 немесе 1,5 ставка), сауықтыруғаарналған жәрдемақы негізгі жұмысы және қосаатқаратын жұмысы бойынша беріледі. 

Сонымен қатар, Кодекстің 107- бабына сәйкесқызметкерлерге жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын берудің кезектілігі еңбек шартында, ұжымдық шартта, жұмыс беруші қызметкерлердің пікірін ескере отырып, бекітетін демалыс кестесінде белгіленеді.

Демалыс кестелері өндірістікқажеттілікке байланысты өзгертілген жағдайда жұмысберуші бөл туралы қызметкерге еңбек демалысы басталарданкемінде екі апта бұрын хабарлауға міндетті.

Сұрақтың нөмірі: 210114
2 маусым, 2008 - 00:00 өзгертілді
Менің сіздерге қоятын сұрағым: 1 қантардан кезекті демалысқа ақыны (отпускной) есептеудің тәртібінің өзгеруіне байланысты. Демалыс календарлық күнмен берілгенмен ,ақы тек жұмыс күндеріне төленетіні белгілі.Сондықтан : егер жұмысшы вахталық әдіспен жұмыс істесе яғни әр айдың 1 нен 16 дейін 15 күн,ұзақтығы 11 сағаттан, айына 165 сағат,айлығы ( нарядпен)65000-80000 теңге тапсын.Жылдық еңбек ақысы 780000 теңге,еңбек еткен күні 175 күн,сағаты 1900 сағат.Кезекті демалысы мысалы 24 календ.күн 1 июньнен 24-ші июньге дейін болсын.Осы уақыттағы жұмыс күні 17 күн.Бір күндік орташа еңбек ақысын табудың қайсысы дұрыс:1)1900 сағатты 8 сағаттық жұмыс күніне айналдырып күнін табамыз-237 күн2)780000 теңгені 237 күнге бөліп, бір күндік орташа еңбек ақысы 3291,143)3291,14 *17 күнге 55949,38 теңге төленуі керек пе әлде1)780000/175 күнге бөле ме ?!
Жауап: 

Құрметті Сәуле! Орташа жалақыны есептеу Қазақстан РеспубликасыҮкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1394қаулысымен бекітілген Орташа жалақыны есептеудің бірыңғай ережесі негізіндежүргізіледі (бұдан әрі – Бірыңғай ереже).

Бірыңғай ереженің8-тармағына сәйкес орташа күндік (сағаттық) жалақыбарлық жағдайларда есепті кезеңде есептелген жалақысомасын жұмыс уақыты теңгерімін негізге ала отырып, тиісіншебес күндік немесе алты күндік жұмыс аптасының жұмыскүндері (сағаттары) санына бөлу жолымен анықталады.

Сіздің жағдайыңызда есепті кезеңдеесептелген жалақы сомасын 1900 сағатқа бөліп,қызметкердің орташа күндік (сағаттық) жалақысынесептеу қажет.  

Сұрақтың нөмірі: 210046
1 маусым, 2008 - 00:00 өзгертілді
неге кіші қызметкерлерге сауықтыру жәрдемақысы төленбейді? себеп неде?1 шілдеден бастап бюджет қызметркерлерінің еңбекақысы өсетіні рас па?
Жауап: 

Құрметті Света! 2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан РеспубликасыЕңбек кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 239-бабының1-тармағына сәйкес мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын азаматтыққызметшілерге лауазымдық жалақысы мөлшеріндесауықтыруға арналған жәрдемақы төлене отырып,ұзақтығы күнтізбелік отыз күннен кем болмайтынжыл сайынғы ақылы еңбек демалысы беріледі. Азаматтық
қызметшілерге сауықтыруға арналған жәрдемақыкүнтізбелік жылда бір рет төленеді.

Азаматтық қызметшілерлауазымдарының тізбесі Қазақстан Республикасының 2007жылғы 27 қыркүйектегі № 850 қаулысыменайқындалған.

Білікті емес жұмысшылар азаматтыққызметшілерге жатпайды.

Сонымен қатар, ҚазақстанРеспубликасы Үкіметінің 2007 жылғы 29желтоқсандағы № 1400 қаулысының 6-тармағынасәйкес ұйымдардың басшыларына кредиторлық берешекболмаған кезде қаржыландыру жоспары бойынша тиiстi мемлекеттікмекеменi ұстауға көзделген қаражатты үнемдеуесебiнен немесе кредиторлық берешегi болмаған кезде мемлекеттiк басқаруорганы қазыналық кәсiпорын үшiн бекiткен смета бойыншасалалық келiсiмде, ұжымдық шартта және (немесе)жұмыс берушiнiң актiсiнде белгiленген тәртіппенқызметкерлердiң лауазымдық жалақыларына ынталандыруүстемеақыларын белгiлеу, сыйлықақы беру және материалдықкөмек көрсету құқығы берiлген.

2008 жылғы 6 ақпандағы Мемлекет басшысыныңҚазақстан халқына «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру– мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» Жолдауына сәйкес бюджетсаласы қызметкерлерінің жалақысын 2012 жылы екі еселікдеңгейге кезең-кезеңмен жақындату, оның ішінде 2009 жылы– 25 пайызға, 2010 жылы – 25 пайызға, 2011 жылы – 30 пайызғаарттыру көзделген.

Сұрақтың нөмірі: 210045
31 мамыр, 2008 - 00:00 өзгертілді
Ауылдық жерлердегі мұғалімдерге сауықтыру жәрдемақы қалай төленеді? лауазымдық жалақысына ауылдық жерлерде жұмыс жасағаны үшін 25 пайыз және апталық жүктемесі (доплатадан басқа) қоса есептеліп төлене ме? Сауықтыру жәрдемақысы қандай қызметкерлерге төленбейді (мыс: аспаз, кір жуушы және т.б.)? Тізімін қай заңнан қарауға болады?
Жауап: 

Құметті Айнұр! 2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан РеспубликасыЕңбек кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 239-бабының1-тармағына сәйкес мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын азаматтыққызметшілерге лауазымдық жалақысы мөлшеріндесауықтыруға арналған жәрдемақы төленеотырып, ұзақтығы күнтізбелік отыз күннен кемболмайтын жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы беріледі. Азаматтық
қызметшілерге сауықтыруға арналған жәрдемақыкүнтізбелік жылда бір рет төленеді.

Азаматтық қызметшілерлауазымдарының тізбесі Қазақстан Республикасының 2007жылғы 27 қыркүйектегі № 850 қаулысыменайқындалған.

Бюджет саласы қызметкерлерініңеңбекақы төлеу жүйесі ҚазақстанРеспубликасы Үкіметінің 2007 жылғы 29желтоқсандағы № 1400 «Азаматтық қызметшілерге,мемлекеттiк бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардыңқызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардыңқызметкерлерiне еңбекақы төлеу жүйесі туралы»қаулысымен (бұдан әрі – қаулы) реттеледі.

Қаулыға19-қосымшаға сәйкес ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау,әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет жәнеспорт мамандарына қалалық жағдайда осындай қызметтүрлерімен айналысатын мамандар ставкаларымен салыстырғанда 25%-дан кем емес  жоғары айлық(тарифтік ставкалар) белгіленуі мүмкін. Бұл норма«Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтардыдамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының2005 жылғы 8 шілдедегі Заңына сәйкес көзделген.

Осыған байланысты, ауылдық жердежұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтікқамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спортмамандарының жоғары айлығы (тарифтік ставкалары) олардыңлауазымдық жалақыларының құрамдас бөлігіболып табылатындықтан, сауықтыруға арналғанжәрдемақыны төлеуде ескеріледі.

Сұрақтың нөмірі: 210040
30 мамыр, 2008 - 00:00 өзгертілді

Беттер

ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
Көп балалы отбасыларға жәрдемақы тағайындау туралы ақпаратты тексеру
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші