You are here

Сұрақ-жауаптар «Еңбекке ақы төлеу әдіснамасы»

Мен Аймағамбетова Жұмабике Қайрлапқызы,1950 жылы 11 наурызда Ақтөбе облысы, Шалқар ауданында дүниеге келдім. Мемлекеттік қызметте бас маман болып жұмыс жасаймын,зейнет жасына келуіме байлнысты, сізден сұрайын дегенім , менің жұмысты әрі қарай жалғастыруыма болады ма? Рахмет.
Жауап: 

Құрметті Жұмабике Қайрлапқызы! Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының 27 бабының 1 тармғының 1) тармақшасына сәйкес мемлекеттік әкімшілік қызметкер Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген зейнеткерлік жасқа толуына байланысты тараптардың өзара келісуі бойынша мерзімді еңбек шартын жасау жолымен мемлекеттік қызметте болу мерзімін бір жылға ұзартуға құқылы.

Осыған орай, жұмысты әрі қарай жалғастыру мәселесі, жұмыс берушімен еңбек шартын өз ара келісу арқылы жүзеге асырылады.

Қ азбеков Думан Қ абду ұлы бас маман – бас мемлекеттік еңбек инспектор ы

Сұрақтың нөмірі: 208365
28 ақпан, 2008 - 00:00 өзгертілді
Қазақстан республикасының 13 қазандағы 2006 жылғы № 995 қаулысымен бекітілген Қазақстанда ақпараттық теңсіздікті төмендету бағдарламасы бойынша халықты компьютерлік сауаттылыққа үйретуге арналған бағдарламада оқытушысына төленетін жалақыны аптасына 40 сағат бекітілген 1 сағатқа төленетін ақысын табу үшін 8712*0,07 ҚР 11 қаңтар 2002 жылғы №41 қаулысының 20 қосымшасына өзгерту ҚР қаулысы 30 қараша 2006 жылғы №1156 күшіне 1 қаңтар 2007 жылдан қолданысқа енді осыған байланысты менің есептеуім дұрыспа? Оқытушылар арнайы курыстан өтіп сертификаттары бар.1 сағаттық ақысын табу үшін 8712*0,0,07-ге көбейтіп =609,87 тенге шықты. Маған осы есептеуім дұрыс немесе қателігін білгім келеді
Жауап: 

Құрметті Балжан! Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1400 «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттiк бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлерiне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» қаулысының 20-қосымшасына сәйкес мемлекеттік мекемелерде оқу сабақтарын өткізуге тартылған ғылыми дәрежесі жоқ қызметкерлерге сағат бойынша ақы төлеу ставкасы Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген базалық лауазымдық жалақыны (8712 теңге) сағат бойынша ақы төлеу коэфициенттерінің тиісті мөлшеріне (0,07) көбейту жолымен анықталады.

Е ңбекақы төлеу әдіснамасы бөлімінің жетекші маманы Бейсембаева Д.А.

Сұрақтың нөмірі: 208345
25 ақпан, 2008 - 00:00 өзгертілді
Сәлеметсізбе!Мен техн.ғыл.кандидаты, доцент 1977 жылы мектепті бітіргелі мемелекеттік мекемелерде, соның ішінде 1977-1986 жж. аралығында Панфиловколхозстрой' құрылыс тресінде, 1991-2007 жж. аралығында Ақтау мемлекттік университетінде (1991-1995 жж. -оқытушы, аға оқытушы; 1995-2006 жж.- оқу бөлімі, оқу орталығы, оқу басқармасының бастығы; 2006-2007 жж. институт директоры және осы 1995-2007 жж. қосымша 0,5 ставкада доцент, профессор ) қызмет еттім. Жұмыста үзіліс тек 1978-80 жж. Кеңес әскері қатарында қызмет еткенде, 1980-1983 жж. Алматы құрылыс техникумында күндізгі және 1986-1991 жылдары Қарағанды политехникалық институтында күндізгі бөлімдерінде оқыған кезде болды. 2008 жылдың 17 қаңтар айынан бастап Л.Гумилев атындағы ЕҰУ-тінде Оқу-әдістеме жұмысы бөлімінің бастығы (G-7) лауазымында және осы жылдың 5 ақпанынан бастап қосымша 0,5 доцент (G-6) қызметіне қабылдандым. Енді менде төмендегі сұрақтар бар:1. Кадр бөлімі «Оқу-әдістеме жұмысы бөлімінің бастығы» еңбек стажымды (өтілімімді) 10-11 жыл аралығын қойды, осы дұрыс па? 2. Кадр бөлімі «0,5 доцент» стажымды (өтілімімді) 10 жыл аралығын қойды, осы дұрыс па? 3. Техн.ғыл.кандидаты ғылыми атағыма бір айлық мөлшеріндегі тиесілі қосымша төленбейді, осы дұрыс па? 4. Маған қанша күнтізбелі демалыс және әлеуметтік кепілдіктер тиесілі?5. «Білім» туралы заңға және басқа қаулыларға сәйкес педагог қызметкерге жатамын ба?Рахмет!
Жауап: 

Құрметті Тұрашев А.С. Білім беру ұйымдарының қызметкерлеріне жұмыс стажын белгілеу тәртібі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2002 жылғы 21 ақпандағы № 105 «Білім және ғылым ұйымдарының мемтекеттік қызметші емес қызметкерлеріне мамандық бойынша жұмыс стажын белгілеу Ережесін бекіту туралы» бұйрығымен айқындайды.

Толық ақпарат алу үшін саулыңызды Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне жіберуіңізге кеңес береміз.

Еңбекақы төлеу әдіснамасы бөлімінің жетекші маманы Бейсембаева Д.А.

Сұрақтың нөмірі: 208250
25 ақпан, 2008 - 00:00 өзгертілді
Cәлемесіз бе? 2006 жылғы 23 қаңтаран 28 ақпан аралығында Еңбек келісіммен шартқа отырған, осы жағдайда еңбек кітапшасына енгізуге болама? Ешқандай бұйрық шықпаған?
Жауап: 

Еңбек шарты – қызметкер мен жұмыс берушінің арасындағы жазбаша келісім, бұған сәйкес қызметкер белгілі бір жұмысты (еңбек функциясын) жеке өзі орындауға, еңбек тәртіптемесінің ережелерін сақтауға міндеттенеді, ал жұмыс беріші қызметкерге келісілген еңбек функциясы бойынша жұмыс беруге, осы Кодексте, Қазақстан Республикасының заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерінде, ұжымдық шартта, жұмыс берушінің актілерінде көзделген еңбек жағдайын қамтамасыз етуге, қызметкерге уақтылы және толық мөлшерде жалақы төлеуге міндеттенеді.

Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 35 - бабы 3 - тармағына сәйкес, жұмыс беруші қызметкердің еңбек кітапшасына (ол бар болған кезде) ұйымдағы еңбек қызметі туралы тиісті жазбалар енгізуге міндетті.

«Еңбек кітапшаларын жүргізу және сақтау ережелерін және нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2007 жылғы 5 шілдедегі № 149-ө бұйрығының 16 - тармағына сәйкес жұмысқа қабылдау, еңбек шартын бұзу, басқа жұмысқа ауысу, сондай-ақ, марапаттаулар мен көтермелеулер туралы барлық жазбалар жұмыс беруші уәкілеттік берген тұлға жұмыс берушінің тиісті актісінің жариялануынан кейін енгізеді және жазба оның мәтініне сәйкес келуі тиіс.

Барлық жазбалар жұмыс берушінің актісіне сәйкес еңбек шартын жасасқан немесе оны бұзғаннан кейін жазылады (Ереженің 7- тармағы) .

Тиісті акті (жұмысқа қабылдау немесе жұмыстан босату туралы бұйрық) негізінде жұмыс беруші себебін көрсете отырып, еңбек кітапшасына жазба жасауға міндетті.

Қызметкермен еңбек шартын бұзған кезде, барлық жазбалар жұмыс берушінің қолымен және мөртаңбасымен расталады.

Куатбекова Ж.А., 743504

Сұрақтың нөмірі: 208344
23 ақпан, 2008 - 00:00 өзгертілді
Саламатсыз ба?Сіздерден сұрайын дегенім 2007 жылдың 17 шілдесінен бастап Қазақстан Республикасының 'Мемлекеттік құпиялар туралы' Заңының 12 бабының 36 тармағының негізінде емтихан сұрақтарының жауаптары мемлекеттік құпия қатарына жатқызылауына байланысты 'Білім беру мен тестілеудің мемлекеттік стандарттарының ұлттық орталығы' РМҚК-ның қызметкерлеріне мемлекеттік құпияны сақтау жүктеліп отыр. Осыған орай Қазақстан Республикасының Үкіметінің 29.12.2007 жылғы №1400 қаулысының 14 қосымшасына сәйкес орталық қызметкерлеріне базалық қызмет ақыдан 25% қосымша ақы төлене ме?
Жауап: 

Құрметті Жаннұр! Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1400 «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттiк бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлерiне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» қаулысына сәйкес «Білім беру мен тестілеудің мемлекеттік стандарттарының ұлттық орталығы» РМҚК мамандарына мемлекеттік және қызметтік құпия құжаттармен жұмысы үшін қосымша ақы көзделмеген.

Толық ақпарат алу үшін саулыңызды Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне жіберуіңізге кеңес береміз.

Е ңбекақы төлеу әдіснамасы бөлімінің жетекші маманы Бейсембаева Д.А.

Сұрақтың нөмірі: 208343
22 ақпан, 2008 - 00:00 өзгертілді
Уш ай стаждан откен мезгилимде (15/11/07 ж - 21/02/08 ж) кызметкерлердин кыскарылуына (сокращение) байланысты мекеме басшысы буйрыгына сайкес мени жумыстан босатуда. Зан бойынша мен 'сокращение' негизинде жумыстан босатылсам, маган 'компенсация' толеуи шарт. Сынак мерзиминен енди отуиме байланысты мекеме маган 'компенсация' толемеймиз дегени занды ма? Алде есеп айырысудан (расчет) тыс, маган занга сайкес орташа айлык колеминде 'компенсация' толеуге миндетти ме? Рахмет!
Жауап: 

Құрметті Темір Аланбаев! Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 36 бабына сәйкес сынақ мерзімі кезеңінде қызметкерлерге осы Кодекстің нормалары, еңбек шартының, ұжымдық шарттың талаптары қолданылады.

Осыған орай, Кодексінің 157 бабына сәйкес жұмыс беруші қызметкерлердің саны немесе штаты қысқарған жағдайда жұмыс берушінің бастамасы бойынша еңбек шарты бұзылғанда қызметкерге жұмысынан айрылуына байланысты айына айлық орташа жалақысы мөлшерінде өтемақы төлемін жүргізеді.

орындаушы Б.С.Жұмағұлов, бас маман-бас мемлекеттік еңбек инспекторы

Сұрақтың нөмірі: 208114
19 ақпан, 2008 - 00:00 өзгертілді
Мен, ЖҰБАНАЗАР Аманжол Жұмабайұлы 1972 жылы 26 тамызда Ақтөбе облысы Шалқар ауданына қарасты Қопасор елді мекенінде дүниеге келдім. Қазір Шалқар қаласында (аудан орталығы) тұрамын. Туғаннан осы ауданның тұрғынымын. Институт бітіргеннен соң 1995 жылдан бастап Шалқар қаласына жұмыс жасап келемін. 2004 жылдың сәуір айынан бастап Білім беру мен тестілеудің мемлекеттік стандарттарының ұлттық орталығы №21 Шалқар филиалында жетекші маман болып жұмыс жасаймын. Маған Арал өңіріндегі экологиялық жағдайға сай төленетін үстемақы тиесілі ме? Осы сұраққа жауап беруіңізді сұраймын. Сұрақтың жауабын жазбаша түрде мына мекен-жайға жолдауыңызды сұраймын. Ақтөбе облысыШалқар қаласыТ. Шойғарин көшесі 22 үй, 2 пәтерЭл. почта: azhubanazar@mail.ru
Жауап: 

Құрметті Аманжол Жұмабайұлы! «Арал өңіріндегі қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 30 маусымдағы Заңында (бұдан әрі – Заң) көзделген қосымша еңбекақы Заңда көрсетілген аймақтарда тұратын, жұмыс істейтін және зардап шеккен азаматтар статусы бар азаматтарға төленеді.

Экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтар статусы аталған Заңның 2-бөлімімен айқындалған.

Заңның 9-бабына сәйкес экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинеті белгілеген тәртіппен тұрғылықты жері және экологиялық қасірет аймағындағы бұрынғы тұрған жері бойынша жүзеге асырылады.

Осы көрсетілген екі мәселе бойынша құжаттарыңыз болса келесі төлемдер төленуі тиіс.

Заңның 13-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес экологиялық қасірет аймағында тұратын халыққа мынадай аудандар бойынша экологиялық қолайсыз жағдайларда тұрғаны үшін коэффициенттер түріндегі еңбекақы төлеу белгіленді:

экологиялық апат – 1,5

экологиялық дағдарыс – 1,3

экологиялық дағдарыс жағдайына жақындаған аймақ – 1,2.

Көрсетілген коэффициенттер қызметкердің лауазымдық қызмет ақысына (тарифтік ставкасына) қоса есептеледі.

Заң қолданысқа енгізілген сәттен бастап экологиялық қасірет аудандарында тұратын халық ай сайын қосымша еңбекақы алады.

Заңның 22-бабына сәйкес азаматтарды әлеуметтік қорғау жөнінде осы Заңда көзделген ережелерді жүзеге асыру республикалық және жергілікті бюджеттер, сондай-ақ ұйымдар мен кәсіпорындардың қаражаттары, ерікті жарналар, қайырымдылық көмек есебінен қаржыландырылады.

Осылайша экологиялық апат салдарынан зардап шеккен қызметкерлерге қосымша еңбекақы төлеу үшін қаражат ұйымның еңбекақы қорын қалыптастыруда көзделеді.

2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі 10-бабының 1-тармағына сәйкес еңбек қатынастары, сондай-ақ еңбек қатынастарына тікелей байланысты өзге де қатынастар еңбек шартында, жұмыс берушінің актісінде, келісімде және ұжымдық шартта реттеледі.

Сондықтан жоғарыда аталған қосымша еңбекақы төлеу еңбек шартында көрсетілуі тиіс.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы № 209 Салық кодексінің 144-бабының 11) тармақшасына сәйкес жеке тұлғалар табыстарының экологиялық апат немесе ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес төленетін төлемдеріне жеке табыс салығы салынуға тиіс емес.

Қаржы департаментінің директоры М. Аманбаев

Сұрақтың нөмірі: 208056
12 ақпан, 2008 - 00:00 өзгертілді
Мен, Мұратова Жанар мынадай жайды түсінгім келеді. Мемлекеттік қызметкер жұмыс бабында жүріп қайтыс болады, оның артында екі 9 жастағы баласы және жұбйы қалады. Жұбайы жұмыс жасамайды. Енді ол балаларға қандай зейнетақы немесе қандай жәрдемақы төленуі тиіс? Жұмыс орнынан қандай зейнетақы көлемі төленуі тиіс, соны түсінгім келеді.
Жауап: 

Құрметті Жанар! «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңының 24-бабының 5-тармағына сәйкес мемлекеттік қызметші қайтыс болған жағдайда оның отбасы мүшелеріне мемлекеттік органдағы соңғы қызмет орны бойынша үш орташа жалақысы мөлшерінде біржолғы жәрдемақы төленеді, бұл орайда жәрдемақының мөлшері Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленгеннен төмен болмауы керек.

Асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алуға, асыраушысы қайтыс болған отбасының еңбекке жарамсыз, оның асырауында болған мүшелерінің құқығы бар (негіздеме: «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы» ҚР Заңының 13-бабы).

Бұл жәрдемақы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады және ай сайын ақшалай төленіп отырады.

Жәрдемақы мөлшері отбасының еңбекке жарамсыз мүшелерінің санына байланысты тиісі жылға арналған республикалық бюджет туралы заңмен бекітілетін ЕТКД мөлшерінің өзгеруіне қарай анықталады.

2008 жылдың 1 қаңтарынан ЕТКД 10515 теңгені құрайды.

Екі балаға тиесілі жәрдемақы мөлшері 1,14 ең төмен күнкөріс деңгейін, яғни (10515 х 1,14)=11988 теңгені құрайды.

Бұл жәрдемақыны тағайындау үшін тұрғылықты мекен жайы бойынша Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығының аудандық/қалалық бөлімшесіне тиістіқұжаттарын тапсыруы қажет.

Қаржы департаментінің директоры М. Аманбаев

Сұрақтың нөмірі: 208028
12 ақпан, 2008 - 00:00 өзгертілді
Мен, ЖҰБАНАЗАР Аманжол Жұмабайұлы 1972 жылы 26 тамызда Ақтөбе облысы Шалқар ауданына қарасты Қопасор елді мекенінде дүниеге келдім. Қазір Шалқар қаласында (аудан орталығы) тұрамын. Институт бітіргеннен соң 1995 жылдан бастап Шалқар қаласына жұмыс жасап келемін. 2004 жылдың сәуір айынан бастап Білім беру мен тестілеудің мемлекеттік стандарттарының ұлттық орталығы №21 Шалқар филиалында жетекші маман болып жұмыс жасаймын. Бұл мекеменің басты кеңсесі Астана қаласы, пр. Победы, 60 үйде орналасқан.2004 жылдың сәуір айынан бастап аталған мекемеден жалақыға қосылатын экологиялық төлемдер төленбей келеді. Айтысып жүріп 2007 жылдан бастап төлеткен болдық. Онда да экологиялық төлемдерден салық ұсталып келді. Оған да көндік. Енді міне 2008 жылдың қаңтар айынан бастап экологиялық төлемдерді төлеуді тоқтатып тастады. Астанаға бухгалтерияға телефон соқсам, 'Саған экологиялық төлем тиесілі емес' – дейді. Олар 1992 жылғы 30 маусымдағы №1468-ХІІ Арал өңіріндегі қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы ҚР Заңының ІІ бөліміндегі 6 бапқа сілтеме жасайды. 'Ал сен 1972 жылы туғансың', - дейді. Ал аталған ҚР Заңының 6 бабында: '1970 жылдан бастап осы кезге дейін кемінде 10 жыл тұрып жатқан немесе тұрған азаматтар (он жасқа дейінгі балаларды қоса)', - деп көрсетілген. Сонда қалай болғаны 1972 жыл осы аралыққа кірмей қала ма? Осы сұрақ бойынша тиесілі жауабын беруіңізді сұраймын. Осы мәселенің оң шешілуіне ықпал етуіңізді сұраймын.
Жауап: 

Құрметті Аманжол Жұмабайұлы! «Арал өңіріндегі қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 30 маусымдағы Заңында (бұдан әрі – Заң) көзделген қосымша еңбекақы Заңда көрсетілген аймақтарда тұратын, жұмыс істейтін және зардап шеккен азаматтар статусы бар азаматтарға төленеді.

Экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтар статусы аталған Заңның 2-бөлімімен айқындалған.

Заңның 9-бабына сәйкес экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинеті белгілеген тәртіппен тұрғылықты жері және экологиялық қасірет аймағындағы бұрынғы тұрған жері бойынша жүзеге асырылады.

Осы көрсетілген екі мәселе бойынша құжаттарыңыз болса келесі төлемдер төленуі тиіс.

Заңның 13-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес экологиялық қасірет аймағында тұратын халыққа мынадай аудандар бойынша экологиялық қолайсыз жағдайларда тұрғаны үшін коэффициенттер түріндегі еңбекақы төлеу белгіленді:

экологиялық апат – 1,5

экологиялық дағдарыс – 1,3

экологиялық дағдарыс жағдайына жақындаған аймақ – 1,2.

Көрсетілген коэффициенттер қызметкердің лауазымдық қызмет ақысына (тарифтік ставкасына) қоса есептеледі.

Заң қолданысқа енгізілген сәттен бастап экологиялық қасірет аудандарында тұратын халық ай сайын қосымша еңбекақы алады.

Заңның 22-бабына сәйкес азаматтарды әлеуметтік қорғау жөнінде осы Заңда көзделген ережелерді жүзеге асыру республикалық және жергілікті бюджеттер, сондай-ақ ұйымдар мен кәсіпорындардың қаражаттары, ерікті жарналар, қайырымдылық көмек есебінен қаржыландырылады.

Осылайша экологиялық апат салдарынан зардап шеккен қызметкерлерге қосымша еңбекақы төлеу үшін қаражат ұйымның еңбекақы қорын қалыптастыруда көзделеді.

2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі 10-бабының 1-тармағына сәйкес еңбек қатынастары, сондай-ақ еңбек қатынастарына тікелей байланысты өзге де қатынастар еңбек шартында, жұмыс берушінің актісінде, келісімде және ұжымдық шартта реттеледі.

Сондықтан жоғарыда аталған қосымша еңбекақы төлеу еңбек шартында көрсетілуі тиіс.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы № 209 Салық кодексінің 144-бабының 11) тармақшасына сәйкес жеке тұлғалар табыстарының экологиялық апат немесе ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес төленетін төлемдеріне жеке табыс салығы салынуға тиіс емес.

Қаржы департаментінің директоры М. Аманбаев

Сұрақтың нөмірі: 208054
10 ақпан, 2008 - 00:00 өзгертілді
Мен, Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласында мұғалім болып жұмыс жасаймын.Еңбек өтілім - 13 жыл, категориям ІІ санатты. Апталық жүктемем - 25 сағат. Осының 18 сағаты тарификациядан өтеді, ал 7 сағаты вакант. Қыркүйектен бері өтіп келе жатқан сағат неге вакант болады? Апталық сағат пен жеке сағат төлеуде қандай айырмашылық бар?
Жауап: 

Құрметті Аманжол Жұмабайұлы!

Сіздің қойып отырыған сұрағыңыз біздің Министрліктің қарауына жатпайтынын хабарлаймыз. Аталған сұрақпен Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігіне хабарласуыңыз қажет.

Орындаушы: Әлеуметтік төлемдер бөлімінің бас маманы – Сүлейменова Гүлмира Рашидқызы

Сұрақтың нөмірі: 207909
9 ақпан, 2008 - 00:00 өзгертілді

Беттер

ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші