You are here

Сұрақ-жауаптар «Еңбекке ақы төлеу әдіснамасы»

Мен, Мұратова Жанар мынадай жайды түсінгім келеді. Мемлекеттік қызметкер жұмыс бабында жүріп қайтыс болады, оның артында екі 9 жастағы баласы және жұбйы қалады. Жұбайы жұмыс жасамайды. Енді ол балаларға қандай зейнетақы немесе қандай жәрдемақы төленуі тиіс? Жұмыс орнынан қандай зейнетақы көлемі төленуі тиіс, соны түсінгім келеді.
Жауап: 

Құрметті Жанар! «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңының 24-бабының 5-тармағына сәйкес мемлекеттік қызметші қайтыс болған жағдайда оның отбасы мүшелеріне мемлекеттік органдағы соңғы қызмет орны бойынша үш орташа жалақысы мөлшерінде біржолғы жәрдемақы төленеді, бұл орайда жәрдемақының мөлшері Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленгеннен төмен болмауы керек.

Асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алуға, асыраушысы қайтыс болған отбасының еңбекке жарамсыз, оның асырауында болған мүшелерінің құқығы бар (негіздеме: «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы» ҚР Заңының 13-бабы).

Бұл жәрдемақы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады және ай сайын ақшалай төленіп отырады.

Жәрдемақы мөлшері отбасының еңбекке жарамсыз мүшелерінің санына байланысты тиісі жылға арналған республикалық бюджет туралы заңмен бекітілетін ЕТКД мөлшерінің өзгеруіне қарай анықталады.

2008 жылдың 1 қаңтарынан ЕТКД 10515 теңгені құрайды.

Екі балаға тиесілі жәрдемақы мөлшері 1,14 ең төмен күнкөріс деңгейін, яғни (10515 х 1,14)=11988 теңгені құрайды.

Бұл жәрдемақыны тағайындау үшін тұрғылықты мекен жайы бойынша Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығының аудандық/қалалық бөлімшесіне тиістіқұжаттарын тапсыруы қажет.

Қаржы департаментінің директоры М. Аманбаев

Сұрақтың нөмірі: 208028
12 ақпан, 2008 - 00:00 өзгертілді
Мен, ЖҰБАНАЗАР Аманжол Жұмабайұлы 1972 жылы 26 тамызда Ақтөбе облысы Шалқар ауданына қарасты Қопасор елді мекенінде дүниеге келдім. Қазір Шалқар қаласында (аудан орталығы) тұрамын. Институт бітіргеннен соң 1995 жылдан бастап Шалқар қаласына жұмыс жасап келемін. 2004 жылдың сәуір айынан бастап Білім беру мен тестілеудің мемлекеттік стандарттарының ұлттық орталығы №21 Шалқар филиалында жетекші маман болып жұмыс жасаймын. Бұл мекеменің басты кеңсесі Астана қаласы, пр. Победы, 60 үйде орналасқан.2004 жылдың сәуір айынан бастап аталған мекемеден жалақыға қосылатын экологиялық төлемдер төленбей келеді. Айтысып жүріп 2007 жылдан бастап төлеткен болдық. Онда да экологиялық төлемдерден салық ұсталып келді. Оған да көндік. Енді міне 2008 жылдың қаңтар айынан бастап экологиялық төлемдерді төлеуді тоқтатып тастады. Астанаға бухгалтерияға телефон соқсам, 'Саған экологиялық төлем тиесілі емес' – дейді. Олар 1992 жылғы 30 маусымдағы №1468-ХІІ Арал өңіріндегі қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы ҚР Заңының ІІ бөліміндегі 6 бапқа сілтеме жасайды. 'Ал сен 1972 жылы туғансың', - дейді. Ал аталған ҚР Заңының 6 бабында: '1970 жылдан бастап осы кезге дейін кемінде 10 жыл тұрып жатқан немесе тұрған азаматтар (он жасқа дейінгі балаларды қоса)', - деп көрсетілген. Сонда қалай болғаны 1972 жыл осы аралыққа кірмей қала ма? Осы сұрақ бойынша тиесілі жауабын беруіңізді сұраймын. Осы мәселенің оң шешілуіне ықпал етуіңізді сұраймын.
Жауап: 

Құрметті Аманжол Жұмабайұлы! «Арал өңіріндегі қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 30 маусымдағы Заңында (бұдан әрі – Заң) көзделген қосымша еңбекақы Заңда көрсетілген аймақтарда тұратын, жұмыс істейтін және зардап шеккен азаматтар статусы бар азаматтарға төленеді.

Экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтар статусы аталған Заңның 2-бөлімімен айқындалған.

Заңның 9-бабына сәйкес экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинеті белгілеген тәртіппен тұрғылықты жері және экологиялық қасірет аймағындағы бұрынғы тұрған жері бойынша жүзеге асырылады.

Осы көрсетілген екі мәселе бойынша құжаттарыңыз болса келесі төлемдер төленуі тиіс.

Заңның 13-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес экологиялық қасірет аймағында тұратын халыққа мынадай аудандар бойынша экологиялық қолайсыз жағдайларда тұрғаны үшін коэффициенттер түріндегі еңбекақы төлеу белгіленді:

экологиялық апат – 1,5

экологиялық дағдарыс – 1,3

экологиялық дағдарыс жағдайына жақындаған аймақ – 1,2.

Көрсетілген коэффициенттер қызметкердің лауазымдық қызмет ақысына (тарифтік ставкасына) қоса есептеледі.

Заң қолданысқа енгізілген сәттен бастап экологиялық қасірет аудандарында тұратын халық ай сайын қосымша еңбекақы алады.

Заңның 22-бабына сәйкес азаматтарды әлеуметтік қорғау жөнінде осы Заңда көзделген ережелерді жүзеге асыру республикалық және жергілікті бюджеттер, сондай-ақ ұйымдар мен кәсіпорындардың қаражаттары, ерікті жарналар, қайырымдылық көмек есебінен қаржыландырылады.

Осылайша экологиялық апат салдарынан зардап шеккен қызметкерлерге қосымша еңбекақы төлеу үшін қаражат ұйымның еңбекақы қорын қалыптастыруда көзделеді.

2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі 10-бабының 1-тармағына сәйкес еңбек қатынастары, сондай-ақ еңбек қатынастарына тікелей байланысты өзге де қатынастар еңбек шартында, жұмыс берушінің актісінде, келісімде және ұжымдық шартта реттеледі.

Сондықтан жоғарыда аталған қосымша еңбекақы төлеу еңбек шартында көрсетілуі тиіс.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы № 209 Салық кодексінің 144-бабының 11) тармақшасына сәйкес жеке тұлғалар табыстарының экологиялық апат немесе ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес төленетін төлемдеріне жеке табыс салығы салынуға тиіс емес.

Қаржы департаментінің директоры М. Аманбаев

Сұрақтың нөмірі: 208054
10 ақпан, 2008 - 00:00 өзгертілді
Мен, Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласында мұғалім болып жұмыс жасаймын.Еңбек өтілім - 13 жыл, категориям ІІ санатты. Апталық жүктемем - 25 сағат. Осының 18 сағаты тарификациядан өтеді, ал 7 сағаты вакант. Қыркүйектен бері өтіп келе жатқан сағат неге вакант болады? Апталық сағат пен жеке сағат төлеуде қандай айырмашылық бар?
Жауап: 

Құрметті Аманжол Жұмабайұлы!

Сіздің қойып отырыған сұрағыңыз біздің Министрліктің қарауына жатпайтынын хабарлаймыз. Аталған сұрақпен Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігіне хабарласуыңыз қажет.

Орындаушы: Әлеуметтік төлемдер бөлімінің бас маманы – Сүлейменова Гүлмира Рашидқызы

Сұрақтың нөмірі: 207909
9 ақпан, 2008 - 00:00 өзгертілді
Енбек жане енбекти коргау аттестациясынан мектеп басшыларынын кайсылары отедi. Берiлетiн сурактар саны канша болады жане канша уакыт берiледi.
Жауап: 

Құрметті Марат Аманұлы! Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрінің 2007 жылғы 23 тамыздағы № 205-өбұйрығымен бекітілген Қызметкерлерді еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқытуды жүргізу, нұсқау беру және олардың білімін тексеру Ережесінің 18 тармағына сәйкес өндірістік ұйымдардың басшы қызметкерлері мен еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты адамдары ұдайы, үш жылда кемінде бір рет тиісті білім беру ұйымдарындағы біліктілік арттыру курстарында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқытудан және білімін тексеруден өтуге тиісті.

Егер мектеп қарамағында өндірістік бөлімшелер болған жағдайда (қазандықтар, шеберханалар және басқа), жоғарыда айтылған Ережеге сәйкес мектеп басшылары үш жылда кемінде бір рет тиісті білім беру ұйымдарындағы біліктілік арттыру курстарында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқытудан және білімін тексеруден өтуге тиісті.

Басшы қызметкерлерге арналған еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша оқу бағдарламалары экономика саласындағы ұйымдардың ерекшелігін ескере отырып, теориялық және өндірістік оқытуды қарастыруы керек және оны еңбек жөніндегі аумақтық мемлекеттік орган бекітуге тиіс.

Орындаушы: еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бөлімінің бас маманы -                      Тлеуов Н.О.

Сұрақтың нөмірі: 207862
28 қаңтар, 2008 - 00:00 өзгертілді
Зейнетақы жинақтарын алған кезде неге табыс салығы алынады? Бұл ақша қайда жұмсалады?
Жауап: 

Жауап: Міндетті зейнетақы жарналары жұмыс беруші есептеген табыстан ұсталынып отырады және жинақтаушы зейнетақы қорларына аудару кезінде оларға салық салынбайды. «Салықтар мен бюджетке төленетін өзге де міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің 146-бабына сәйкес жинақтаушы зейнетақы қорларынан төленетін зейнетақы төлемдері салық төлем көзіне салынатын табысқа жатады, осыған орай оларды төлеу кезінде зейнетақы жинақтарына салық салынады. Жеке табыс салығы бюджетке аударылады.

Сұрақтың нөмірі: 207712
18 қаңтар, 2008 - 00:00 өзгертілді
Әлеуметтік аударымды төлеуші жиі кезде әлеуметтік аударымды бір төлем тапсырмасымен бірнеше айға есептеуді жүзеге асырады? Бұл әлеуметтік аударымдар сомасы қайтаруға жатады ма?
Жауап: 

Жоқ, әлеуметтік аударымдарды бұлай төлеу қазіргі кезде бір айға деп есептеледі. «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы 2-тармағына сәйкес мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушылар үшiн төленетiн әлеуметтiк аударымдарды есептеу ай сайын жүргiзiледi. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 21 маусымдағы 2004 жылғы № 683 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік аударымдарды есептеу ережесінің 24-тармағына сәйкес әлеуметтік төлемдердi тағайындау кезiнде қатысу стажына есепке алынған кезеңге есептелген, артық төленген әлеуметтік аударымдардың сомасы қайтарылуға жатпайды.

Сұрақтың нөмірі: 207711
18 қаңтар, 2008 - 00:00 өзгертілді
Саламатсызба.Менің қоятын сұрағым мынадай. Мен 1999-2003 жылдары ОҚМУның ПЕДАГОГИКА бойынша 'ФИЗИКА ЖӘНЕ ИНФОРМАТИКА' мамандығын бітіріп диплом алып осы мамандық бойынша мектепке жұмысқа кірдім, 2007 жыл сентябрде мамандығым бойынша аттестациядан өтіб физика-информатика пәні бойынша 2-категория алдым, бірақ қазіргі кунге дейін жұмыс ақы тек информатикадан 2- категория бойынша , физика общий категория бойынша төленіб жатыр. осы дұрыспа? Осы туралы айтсаңыздар,,,,,,,,, Рахмет
Жауап: 

Құрметті Fahrid! Бюджет саласы қызметкерлерінің еңбекақы төлеу жүйесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1400 «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттiк бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлерiне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» қаулысымен (бұдан әрі – қаулы) реттеледі.

Қаулыға 19-қосымшаға сәйкес біліктілік деңгейі жоғары екінші санаттағы мұғалімдерге біліктілік санаты үшін қосымша ақы БЛЖ-дан 20 % мөлшерінде көзделген.

Аталған қосымша ақы қызметкерлерді аттестаттау нәтижелерінің негізінде уәкілетті орталық мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен тағайындалады.

Педагог қызметкерлерге біліктілік санаттары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2004 жылғы 24 желтоқсандағы № 1051 « Педагогикалық қызметкерлерді аттестаттау ережесін бекіту туралы»бұйрығымен айқындалады.

Қосымша ақпарат алу үшін сауалыңызды Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне жіберуіңізге кеңес береміз.

Қаржы

Департаментінің директоры М. Аманбаев

Сұрақтың нөмірі: 207665
3 желтоқсан, 2007 - 00:00 өзгертілді
Отбасының асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша айлық жәрдемақы алуға құқығы бар еңбекке жарамсыз бір мүшесі болған кезде жәрдемақы 0,66 ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінде тағайындалады. Егер отбасының еңбекке жарамсыз алты мүшесі болса жәрдемақы 0,66*6=3,96 ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінде тағайындала ма?
Жауап: 

Отбасының асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша айлық жәрдемақы алуға құқығы бар еңбекке жарамсыз бір мүшесі болған кезде жәрдемақы 0,66 ең төмен күнкөріс деңгейі; екеу болған кезде - отбасының барлық еңбекке жарамсыз мүшелеріне 1,14 ең төмен күнкөріс деңгейі; үшеу болған кезде - отбасының барлық еңбекке жарамсыз мүшелеріне 1,41 ең төмен күнкөріс деңгейі; төртеу болған кезде - отбасының барлық еңбекке жарамсыз мүшелеріне 1,50 ең төмен күнкөріс деңгейі; бесеу болған кезде - отбасының барлық еңбекке жарамсыз мүшелеріне 1,55 ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінде тағайындалады. Отбасының еңбекке жарамсыз алты және одан да көп мүшелері болған кезде әрбір мүшесіне арналған жәрдемақының мөлшері 1,61 ең төмен күнкөріс деңгейінің бірдей үлесі ретінде есептеледі («Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республиканың Заңы )

Сұрақтың нөмірі: 207664
3 желтоқсан, 2007 - 00:00 өзгертілді

Беттер

ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші