You are here

Сұрақ-жауаптар «Еңбекке ақы төлеу әдіснамасы»

Саламатсызбарма? Атаулы көмек туралы сұрағым келген. Мен қазіргі таңда жалғыз басты анамын. Алайда заңды түрде ажыраспағанбыз, бір жылдан бері бөлек тұрып келеміз. Мекен жай анықтамасы яғни прописка бұрынғы күйеуімнің үйінде. Өзім апамның үйінде тұрып жатырмын. Мен атаулы көмек ала аламынба. Балдарыма алимент алып отырғаным жок. Қай жақтың айлық көрсеткіші есептеледі. Өзімнің айлығым 39000 екі балам бар

Жауап: 

Құрметті Гүлнұр Өмірбекқызы!

«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес 2019 жылдың сәуір айынан бастап аз қамтылған отбасыларды қолдау үшін атаулы әлеуметтік көмек тағайындаудың жаңа механизмі енгізілді.
Жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек көрсету критерийі бір адамға ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-ы яғни 20 789 теңгені құрайды.
Сонымен бірге, қолданыстағы заңнамаға сәйкес атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның және отбасының әрбір мүшесіне тұрғылықты немесе уақытша жері бойынша тіркеу туралы мәлімет ақпараттық жүйелерден сұралады немеме қағаз түрінде ұсынылады (негіз: «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 5 мамырдағы №320 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2019 жылғы 5 сәуірдегі №165 бұйрығы).
Бұдан басқа, отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде отбасы құрамында бірге тұратын, бірақ «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 1-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына сәйкес жақын туыс болып табылмайтын адамдардан басқа, бірге тұратын, ортақ шаруашылықты жүргізетін және тұрғылықты жері бойынша бір елді мекен шегінде тіркелген отбасының барлық мүшелері ескеріледі (негіз: «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 5 мамырдағы №320 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2019 жылғы 5 сәуірдегі №165 бұйрығы).
Осыған орай, қолданыстағы заңнамаға сәйкес отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде Қазақстан Республикасында және одан тыс жерлерде есепті кезеңде алынған табыстың мынадай барлық түрлері есепке алынады:
1) еңбекақы, әлеуметтiк төлемдер түрiнде алынатын табыс;
2) кәсiпкерлiк және басқа да қызмет түрлерiнен түсетiн табыс;
3) балаларға және басқа да асырауындағыларға арналған алимент түрiндегi табыс;
4) жеке қосалқы шаруашылықтан - мал мен құс ұстауды, бағбандықты, бақша өсiрудi қамтитын үй жанындағы шаруашылықтан түсетін табыс (жергілікті атқарушы органдар шешімімен).
Бұл ретте, көтерілген сауалыңыз бойынша Сізге тұрғылықты жеріңіздегі халықты жұмыспен қамту орталығына немесе ауылдық округ әкіміне жолығу қажеттігін хабарлаймыз.

Сұрақтың нөмірі: 359812
15 мамыр, 2019 - 19:03 өзгертілді

Сұрақтың нөмірі: 359811
15 мамыр, 2019 - 19:02 өзгертілді
Жауап: 

Құрметті Ирода Ауезовна!
Атаулы әлеуметтік көмекке келер болсақ, аталған көмекті тағайындау және төлеу мәселелерінде бірқатар өзгерістер енгізілді.
Атап айтар болсақ, аз қамтылған отбасыларды қамтуды кеңейту мақсатында атаулы әлеуметтік көмекті көрсету үшін күнкөріс деңгейінен 70 пайызға дейін критерийі көтерілді. Атаулы әлеуметтік көмекті алуға құқылы балалары бар отбасыларды атаулы қолдау үшін көп балалы отбасылардағы әр балаға ең төменгі төлемді 20 789 теңге мөлшерінде белгіленді.
Бұл ретте, отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде бірге тұратын кәмелетке толмаған төрт және одан көп балалары бар отбасыларға төленетін арнаулы мемлекеттік жәрдемақы, «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқасымен марапатталған көп балалы аналардың жәрдемақысы, баланың мүгедектік жәрдемақысы және шәкіртақы алынып тасталды.
Бұл ретте отбасының жиынтық табысына бiрге тұратын және тұрғылықты бір жерге тiркелген және үй шаруашылығын бірге жүргізетін адамдардың табыстарының жалпы сомасы есепке алынып, есептеледі.
Әлеуметтік көмек отбасына тағайындалып, төленетін ескере отырып, Сізге толық ақпарат алу үшін тұрғылықты жеріңіз бойынша Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бөліміне жолығуыңызға кеңес береміз.

Мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысы (бұдан әрі – Қаулы) негізінде жүзеге асырылады.
Қаулының 4-тармағына сәйкес лауазымдық айлықақыларды анықтау үшін тиісті қызмет салаларындағы уәкілетті органдар еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісу бойынша тиісті қызмет салалары бойынша азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекітеді.
Бұл ретте, білім және ғылым саласындағы азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімі «Білім және ғылым саласындағы азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 123 бұйрығымен (бұдан әрі - Бұйрық) бекітілген, оған сәйкес ММ және МҚК әкімшілік-шаруашылық қызмет көрсетумен айналысатын құрылымдық бөлімшенің басшысы С3 блогы бойынша анықталған.
Осыған орай, мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның шаруашылық меңгерушісіне еңбекақы төлеу С3 блогы бойынша жүргізіледі.
Сонымен бірге, «Басшылардың, мамандардың және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2012 жылғы 21 мамырдағы № 201-ө-м бұйрығына сәйкес шаруашылық меңгерушісі біліктілігіне қойылатын талаптар: тиiстi мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсiптік (орта арнайы, орта кәсiптік) бiлiмі және шаруашылық қызмет көрсету бойынша жұмыс стажы кемінде 1 жыл немесе жалпы орта білімі және шаруашылық қызмет көрсету бойынша жұмыс стажы кемінде 3 жыл болуы тиіс.
Сондай-ақ, сұрағыңыз бойынша қосымша ақпарат алу үшін білім және ғылым саласындағы уәкілетті орган және жоғарыда аталған бұйрықтың әзірлеушісі – ҚР Білім және ғылым министрлігіне жүгінуіңізді ұсынамыз.

Салеметсіздерме мен Ақтөбе обл,Шалқар ауданында тұрам,вахталық əдіспен Ақтөбе обл, Темір ауданында жұмыс істеимін.Сұраин дегенім біздерге еңбек демалысын қаи ауданың экологиясымен төленеді.Еңбек демалысы кезінде Шалқар ауданында болғандықтан сол ауданың экологиялық төлемдері мен есептелмеидіме.

Жауап: 

ҚР Еңбек кодексінің 127-1-бабына сәйкес экологиялық апат пен радиациялық қатер аймақтарында еңбек қызметін жүзеге асыратын жұмыскерлер үшін кепілдіктер Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленеді.
«Арал өңіріндегі экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 30 маусымдағы №1468-XII Заңының 13-бабы 1-тармағына сәйкес экологиялық қасірет аймағында тұратын халыққа экологиялық жағынан қолайсыз жағдайда тұрғаны үшін аймақ бойынша коэффициентті қолдана отырып, еңбекке ақы және жыл сайын ақы төленетін қосымша демалыс (еңбектің зиянды жағдайында жұмыс істегені үшін берілетін демалыстың үстіне) белгіленеді.
Осыған орай, жоғарыда жазылғандарға сәйкес Сіздің жағдайыңызда жоғарыда аталған әлеуметтік төлемдерді және қосымша демалысты белгілеу кезінде Сіздің нақты жұмыс орныңыз (яғни, Ақтөбе облысы Темір ауданы бойынша) ескеріледі.

Сұрақтың нөмірі: 359369
12 сәуір, 2019 - 09:52 өзгертілді

Сұрақтың нөмірі: 359367
12 сәуір, 2019 - 09:51 өзгертілді

«Тараз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің» Тараз қалалық өмірлік қиын жағдайда қалған адамдарды қайта әлеуметтендірілуге арналған орталығы коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Жауап: 

«Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысының 6-қосымшаға (бұдан әрі – 6 Қосымша) сәйкес белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдармен, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінің есебінде тұрған адамдармен жұмыс істегені үшін базалық лауазымдық айлықақыдан (бұдан әрі – БЛА) 60 % қосымша ақы қарастырылған.
Өз кезегінде, аталған қосымша ақы жоғарыда көрсетілген адамдармен арнаулы әлеуметтік қызметтерді тікелей көрсететін қызметкерлерге төленеді.
Сондай-ақ, БЛА-дан 30 % қосымша ақы 6 Қосымшада айқын көрсетілген қызметкерлерге, яғни директорларға, олардың орынбасарларына және бөлімшелердің меңгерушілеріне; әкімшілік-шаруашылық қызмет көрсетумен айланысатын басшыларға; арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау жүргізетін қызметкерлерге; асүй және асхана қызметкерлеріне, киім және төсек-жабдықтарын жуу жөніндегі машинистерге, қосалқы жұмысшыларға, киім және төсек-жабдықтарын жөндеу тігіншілеріне, диеталық тамақ жөніндегі мейіргерге, кіші медициналық персоналға көзделгенін атап өтеміз.

Сұрақтың нөмірі: 359018
28 наурыз, 2019 - 18:19 өзгертілді

Саламатсыз ба?! Мен,Курманбекова Гулзина  Қызылорда облысы, Арал ауданында дәрігер болып жұмыс жасаймын. Экологиялық аудан ретінде еңбек демалысымызда 2016 дан бастап 54 күн дем алып келеміз.Бірақ енбек демалысымызға экологиялық аудан ретінде қосылатын екінші сауықтыру (материальный)ақшамызды 2017жылы бергенімен,2018 жылға(күнін бергенімен)ақшасын бермей тастады. Осы заңды ма? 2018 жылдың еңбек демалысында берілетін екінші материальный ақшасын  ала аламын ба ? Рахмет.

Жауап: 

Саламатсыз ба, Гүлзина! Бұл мәселенің мән-жайын анықтау үшін Сізге жергілікті еңбек инспекциясына шағымдану қажет.
Еңбек инспекторлары мекемеде құжаттамалық тексеріс өткізіп, негіз болған жағдайда жұмыс берушіге шара қолданатын болады.

Саламатсыздарма, мен Қызылорда қаласында орта мектепте информатика кабинетінің зертханашы болып қызмет жасаймын. Жоғары оқу орнын тәмамдағанмын, ақпараттық жүйелер мамандығымен. Мамандығыммен кабинет сай келеді. Сіздерден менің нақты айлық табысымды есептеп беруіңізді сұраймын.

ставка 0,75           стаж 3 жыл 10ай

Жауап: 

Мемлекеттік мекемелердің қызметкерлеріне еңбекақы төлеу «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысымен ( бұдан әрі – Қаулы ) реттеледі.
Қаулыға сәйкес ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдық айлықақылары (ЛА) (тарифтік мөлшерлемесі) атқаратын лауазымдарының функционалдық блоктарға жатқызылуына және мамандығы бойынша жұмыс өтіліне қарай ЛА (тарифтік мөлшерлемесі) есептеу үшін бекітілген тиісті коэффициенттерді Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген базалық лауазымдық айлықақы (БЛА) мөлшеріне (17 697 теңге) көбейту жолымен айқындалады.
Қаулының 4-тармағына сәйкес тиісті қызмет салаларындағы уәкілетті органдар еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісу бойынша тиісті қызмет салалары бойынша азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекітеді.
Бұл ретте, Білім және ғылым саласындағы азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімі ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 123 бұйрығымен бекітілген, оған сәйкес біліктілігі жоғары деңгейлі зертханашы лауазымы санатына қарай В3 (В3-1, В3-2, В3-3, В3-4) буынына жатқызылған.
Қосымша ақпарат алу үшін аталған бұйрықтың әзірлеушісі ҚР Білім және ғылым министрлігіне хабарласуыңызға болады.
ҚР Еңбек кодексінің 113-бабына сәйкес жалақы төлеу кезінде жұмыс беруші әрбір жұмыскерге тиісті кезең ішінде оған тиесілі жалақының құрамдас бөліктері, жүргізілген ұстап қалулардың мөлшерлері мен негіздері туралы, оның ішінде ұстап қалынған және аударылған міндетті зейнетақы жарналары туралы, сондай-ақ төленуге тиісті жалпы ақша сомасы туралы мәліметтерді жазбаша немесе электрондық нысанда ай сайын хабарлауға міндетті.
Осыған сәйкес, жалақыңыздың есебі бойынша ақпарат алу үшін ұйымның бухгалтериясына жүгінуіңіз қажет.

Сұрақтың нөмірі: 358791
11 наурыз, 2019 - 16:09 өзгертілді

Беттер

ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші