You are here

Сұрақ-жауаптар «Еңбекке ақы төлеу әдіснамасы»

Саламатсызба! Мен жұмыспен қамту орталығында (қала, облыстық маңызды) референт болып жұмыс атқарамын. Жұмыспен қамту орталығының сектор меңгерушісі, Орталыққа жұмысқа кірмес бұрын Санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасында 2008 жылдың 1 маусымнан бастап 2012 жылдың 31 қазанына дейін заңгер ретінде жұмыс атқарған.

Жауап: 

Құрметті Канатбек Каттабекович!

Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 1-бабының 1-тармағының 29) тармақшасына сәйкес еңбек өтілі – бұл жұмыскер еңбек міндеттерін орындауға жұмсаған, күнтізбемен есептелген уақыт, сондай-ақ осы Кодекске сәйкес еңбек өтіліне кіретін өзге де кезеңдер.
Азаматтық қызметшілер қоспағанда, қандайда бір мамындық бойынша еңбек өтілін есептеу Кодексе реттелмеген.
Азаматтық қызметшілердің, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлерінің, әлеуметтік қамсыздандыру қазыналық кәсіпорындары қызметкерлерінің мамандығы бойынша жұмыс өтілін есептеу қағидалары мен шарттарының (бұдан әрі – Қағида) 2-тармағына сәйкес, мамандығы бойынша жұмыс өтіліне ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан ұйымдарда сол мамандығы бойынша жұмыс істеген барлық уақыты есептеледі, сондай-ақ, өзінің еңбек қызметі өткен қызмет саласына қарамастан, бірдей мамандықтар бойынша лауазымдарда жұмыс істеген; әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және денсаулық сақтау саласында әлеуметтік, педагогикалық және медициналық мамандықтар бойынша лауазымдарда жұмыс істеген уақыты енеді.
Сонымен қатар, Қағиданың 5,6-тармақтарында мамандығы бойынша жұмыс өтілін және мамандықтардың ұқсастығын құрамын ұйым басшысы бекітетін ұйымның еңбек өтілін белгілеу жөніндегі біліктілік (аттестациялық) комиссиясы жұмысқа қабылдау кезінде айқындайды.
Біліктілік (аттестациялық) комиссияның мамандығы бойынша жұмыс өтілін белгілеу туралы шешімі хаттамамен ресімделеді. Хаттаманың түпнұсқасы кадр қызметіне, хаттаманың көшірмесі бухгалтерияға беріледі делінген.
Сіздің жағдайыңызда, «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысының 20-қосымшасының 4-тармағына сәйкес мамандығы бойынша жұмыс өтілін құрамын тиісті мемлекеттік органның басшысы бекітетін еңбек өтілін белгілеу жөніндегі комиссия айқындайды.
Осыған орай, азаматтық қызметшінің мамындық бойынша еңбек өтілін есептеу арнайы комиссияның құзыретіне кіреді және аталған комиссияның шешіміне келіспеген жағдайда мекеменін жоғары уәкілетті органына жағым жазып немесе ҚР Еңбек кодексінің 159-160-баптарына сәйкес мекемедегі келісу комиссиясына, ал онда реттелмесе сотқа жүгіну тәртібімен шешуге болатынын хабарлаймыз.

Сұрақтың нөмірі: 358665
9 наурыз, 2019 - 12:44 өзгертілді

Балабақшаларда аспазшылардың біліктіліктері туралы төмендегідей сұрақтар туындап отыр:

Жауап: 

Жұмыстар разряды – жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығының (БТБА) басылымдарында болатын жұмысшы кәсіптерінің біліктілік сипаттамалары негізінде орындалатын жұмыс мазмұнын біліктілік сипаттамаларында сипатталған тиісті ұқсас жұмыстармен, ал қажет болған жағдайларда жұмыс беруші қосымша әзірлеген жұмыстар үлгілерінің тізбесімен салыстыру (теңестіру) арқылы белгіленетін жұмыстар күрделілігінің деңгейі.
Орындалатын жұмыстардың разрядын айқындау жұмысшы кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамаларында келтірілген жұмыстар мазмұнының сипатталуына сәйкес олардың күрделілігіне қарай жүргізіледі.
БТБА-ның 51-шығарылымына сәйкес балалар тағамын аспазы 5-разряд беріледі, 6-разрядтағы аспазшыға орта кәсіптік білім талап етіледі.
Бұған қоса, жұмысшылардың кәсіптік даярлығы мен кәсіптік біліміне қойылатын нақты талаптар разрядтар беру кезінде айқындалады. Разрядтар ұйымдардың біліктілік комиссиясымен беріледі.
Егер жұмыскер аспазшының 6 разрядты куәлігін ұсынған кезде, осы мәселені біліктілік комиссияға қарау үшін шығару қажет. Көрсетілген комиссия 5-разрядты балалар тағамын аспазшымен орындайтын жұмыстарды және аспазшымен оқұ кезінде алған білім, іскерлік пен әдеттерді саластыруды жүргізе алады. Оқытылған пәндер куәлікке берілген қосымшада көрсетіледі.

Сұрақтың нөмірі: 358641
12 наурыз, 2019 - 15:29 өзгертілді

Мен 1994 жылы ШҚО, Тарбағатай ауданында дүниеге келдім.  Казіргі уақытта Тарбағатай ауданында жұмыс істеп жүрмін.

Жауап: 

Құрметті Бейбіт Ернарұлы!
Көрсетілген Заңның 10-бабында аталған азаматтар категориясының өз денсаулығы мен мүлкіне келтірілген зиянның орнын осы Заңның 12,13,14,15-баптарымен айқындалған мөлшерде толтыруға құқығы бар деп көрсетілген.
Бұл азаматтар санатына әуеде және жер үстінде ядролық жарылыстар жасаған кезеңде (1949-1990 жж.) радиоактивті заттармен ластануға ұшыраған аумақтарда тұрған, жұмыс істеген немесе әскери қызмет (соның ішінде мерзімді) атқарған азаматтар жатады.
10-бапта көрсетілген азаматтарға осы Заңмен көзделген жеңілдіктер мен өтемақыларды алуға құқықтарын растайтын құжат болып табылатын куәліктер беріледі.
Заңның 13-бабына сәйкес төтенше, ең жоғары, жоғары, ең төмен радиациялық қауіпті аймақтар бойынша және жеңілдікті әлеуметтік-экономикалық мәртебесі бар аумақ бойынша тұратын халықтың қосымша еңбекақы мен жыл сайынғы қосымша ақылы демалыс алуға құқығы бар.
Демек, Заңның 13-бабымен көзделген жеңілдіктер Заңда көзделген аймақтарда тұратын және жұмыс істейтін, сондай-ақ тиісті куәліктермен расталатын зардап шегуші мәртебесіне ие азаматтарға беріледі.
Сәйкесінше, осындай куәліктері жоқ азаматтар, олардың бұрынғы ядролық полигоны аумағында тұрып жатқанына қарамастан, зардап шегушілер санатына жатпайды және оларға Заңмен көзделген әлеуметтік қолдау шаралары, соның ішінде Заңның 13-бабымен көзделген қосымша еңбекақы мен қосымша ақылы жыл сайынғы еңбек демалысы түріндегі жеңілдіктер, өкінішке орай, қолданылмайды, егер еңбек немесе ұжымдық шарттармен өзгеше көзделмесе.
Демек, жоғарыда баяндалғанның негізінде, өкішіке орай, Сіз 1990 жылдан кейін туғандықтан, өкінішке орай Сізге қатысты Заңмен көзделген әлеуметтік қолдау шаралары қолданылмайды.

Сұрақтың нөмірі: 358580
1 наурыз, 2019 - 17:39 өзгертілді

Аудандық мектепте 30 жыл есепші болып істеген қызметкер лобаранттық қызметке ауысты сұрақ осы жағдайда 30 стаж лобаранттық қызметте есептелема?????

Жауап: 

Бiлiм ұйымдары мен ғылыми ұйымдардың қызметкерлерiне мамандық бойынша жұмыс стажын есептеу ережесi Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2010 жылғы 14 маусымдағы № 302 бұйрығымен (Әділет минінде № 6340 болып енгізілді) бекітілген.
Осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес ондағы жұмыс уақыты оқу-тәрбие ұйымдарындағы тиiстi лауазымдардағы қызметкерлердiң мамандық бойынша жұмыс стажына есептелетiн оқу орындарының, ұйымдарының және лауазымдарының тiзбесi берілген.
Сондай-ақ, қолданыстағы Ереженің әзірлеушісі және де білім саласының уәкілетті мемлекеттік органы – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі болып саналады.
Осыған байланысты, 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 60-бабының 3-тармағына сәйкес түсініктеме алу үшін жоғарыда көрсетілген уәкілетті мемлекеттік органға жүгінуіңізді ұсынамыз.

Сұрақтың нөмірі: 358566
26 ақпан, 2019 - 19:17 өзгертілді

Сәлеметсіз бе! Арнайы білім беру ұйымдарының педагог-психолог маманы В2 блогымен енбекақы ала алады ма?

Жауап: 

Мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысы (бұдан әрі – Қаулы) негізінде жүзеге асырылады.
Қаулының 4-тармағына сәйкес лауазымдық айлықақыларды анықтау үшін тиісті қызмет салаларындағы уәкілетті органдар еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісу бойынша тиісті қызмет салалары бойынша азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекітеді.
Бұл ретте, Білім және ғылым саласындағы азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімі ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 123 бұйрығымен бекітілген, оған сәйкес:
- В2 блогы бойынша бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог-психологі мамандары;
- В3 блогы бойынша педагог-психолог (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог-психологін қоспағанда) мамандары анықталған.
Осыған орай, Сіздің жағдайыңызда Сізбен аталған педагог-психолог маманы арнайы білім беру ұйымында қызмет жасағандықтан, аталған маманға еңбекақы төлеу В3 блогы бойынша жүргізіледі деп есептейміз.
Сонымен бірге, жоғарыда аталған бұйрықтың әзірлеушісі және білім саласында уәкілетті орган ҚР Білім және ғылым министрлігі екенін есекере отырып, нақты ақпарат алу үшін аталған мемлекеттік органға жүгінуіңізді ұсынамыз.

Сәлеметсіз бе! Менің қояр сұрағым төмендегідей

1. Жоғары білімі (мамандығы сай емес болса мысалы: заңгер немесе мұнай газ) бар мектептегі лаборант қызметкер қандай блокпен жалақы алуы тиіс?

2. Мектептегі педагог-психолог қандай блокпен жалақы алады?

3. Жан басына шаққандағы қаржыландыру бойынша қаржыландырылатын (подушевой финансирование) балабақша қызметкерлерінің жалақысы бала қатысы бойынша төленуі дұрыс па?

Жауап: 

«Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысының 5)-тармақшасының 5 тармағына сәйкес ан басына шаққанда нормативтік қаржыландырылатын орта білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлеріне еңбекақы төлеудің шарттары көрсетілетін білім беру қызметтерінің сапасы мен олардың қызмет нәтижелеріне қарай білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен белгіленеді.
Осыған орай, аталған мәселе бойынша Сізге осы сала бойынша уәкілетті орган ҚР Білім және ғылыми министрлігіне жүгінуіңіз қажет.

Сұрақтың нөмірі: 358397
13 ақпан, 2019 - 16:20 өзгертілді

Саламатсыз ба, кызметкер 01.02.2018 жылы жұмысқа қабылданады, 01.02.2018-03.08.2018 жылғы жұмыс істеген уақытына 06.08.2018-20.08.2018 ж аралығында 15 күнтізбелік күнге еңбек демалысы берілді, біз жактан сол 15 күнтізбелік күннің 11 жұмыс күніне еңбек демалысын есептеп акшасын төледік және де сауықтыру жәрдемақысын 1 оклад толық төлемей тек жумыс істеген уакытына жарты оклад төледік. олай төлегенміз дурыс па?

Жауап: 

ҚР Еңбек кодексінің 139-бабына сәйкес мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын азаматтық қызметшілерге лауазымдық айлықақы мөлшерінде сауықтыруға арналған жәрдемақы төлене отырып, ұзақтығы күнтізбелік отыз күннен кем болмайтын жыл сайынғы ақы төленетін негізгі еңбек демалысы беріледі.
Азаматтық қызметшілерге жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысын берген кезде сауықтыруға арналған жәрдемақы күнтізбелік жылда бір рет төленеді.
Осыған орай, жұмыс беруші жұмыскерге жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысын берген кезде сауықтыруға арналған жәрдемақысын толық мөлшерінде беруге міндетті.

Сұрақтың нөмірі: 358389
21 ақпан, 2019 - 17:30 өзгертілді

«Мемлекеттік органдарға техникалық қызмет көрсетуді және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ететін жұмыскерлер санының бірыңғай салааралық нормативтерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 1002 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік органдарға техникалық қызмет көрсетуді және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ететін жұмыскерлер санының бірыңғай салааралық нормативтеріне сәйкес "Мұрағаттық істі жүргізу" функциясы жөніндегі жұмыс

Жауап: 

Қолданыстағы «Мемлекеттік органдарға техникалық қызмет көрсетуді және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ететін жұмыскерлер санының бірыңғай салааралық нормативтерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 1002 бұйрығында қарастырылған (Әділет минінде № 12670 болып тіркелген) 1-кесте «Мұрағаттық істі жүргізу» функциясы негізінде іс саны 926-ға дейін 1 бірлік қабылдауға болады.

Сұрақтың нөмірі: 358375
15 ақпан, 2019 - 18:08 өзгертілді

Саламатсыздарма? Арал ауданы Жақсықылш кенті мектептегі бағдарламашысына 2019 жылдың 1-қаңтарынан бастап жалақы қосылама?Осы туралы жауап берсеніз?

Жауап: 

Мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысы (бұдан әрі – Қаулы) негізінде жүзеге асырылады.
Қаулының 4-тармағына сәйкес лауазымдық айлықақыларды анықтау үшін тиісті қызмет салаларындағы уәкілетті органдар еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісу бойынша тиісті қызмет салалары бойынша азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекітеді.
Бұл ретте, Білім және ғылым саласындағы азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімі ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 123 бұйрығымен бекітілген, оған сәйкес біліктілігі жоғары деңгейдегі программист (бағдарламашы) С2, біліктілігі орташа деңгейлі – С3 буындарына жатқызылған.
Сонымен бірге, 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі жалақы мөлшерінің артуына байланысты С3 буыны бойынша анықталатын біліктілігі орташа деңгейлі мамандардың жалақысы, сондай-ақ С2 буыны бойынша анықталатын 13 жылға дейін еңбек өтілі бар біліктілігі жоғары дейгейдегі мамандардың жалақысы арттырылды.

Сұрақтың нөмірі: 358292
11 ақпан, 2019 - 17:48 өзгертілді

Сәлеметсіздер ме! Орта мектепте жұмыс істпейтін мұғалімге қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша педагог-шебер біліктілік санаты берілді; мұғалім жалақысына орта мектептен 50 пайыз қосымша ақы төленіп отыр. Ол мұғалім балалар өнер мектебінде қосымша қызмет атқарады, ақындық өнерге баулу сабағын өткізеді. Біз қосымша білім беру ұйымымыз.  Балалар өнер мектебі тарапынан мұғалімге педагог-шебер санаты бойынша қосымша ақы төлене ме?

Жауап: 

Мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысы (бұдан әрі – Қаулы) негізінде жүзеге асырылады.
Қаулыға 4-қосымшаға сәйкес бастауыш, негізгі және жалпы орта білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын мұғалімдерге педагогикалық шеберлік біліктілігі үшін қосымша ақы қарастырылған.
Аталған қосымша ақыны белгілеу тәртібі мен шарттарын білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайды.
Осыған байланысты, сұрағыңыз бойынша жауап алу үшін білім саласындағы уәкілетті орган – ҚР Білім және ғылым министрлігіне жүгінуіңізді ұсынамыз.

Сұрақтың нөмірі: 358284
7 ақпан, 2019 - 17:49 өзгертілді

Беттер

ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші