You are here

Сұрақ-жауаптар «Еңбекке ақы төлеу әдіснамасы»

2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап жаңа үлгідегі атаулы әлеуметтік көмек түрі енгізілді. Осыған байланысты 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап Халықты жұмыспен қамту орталықтарының штатына әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультанттар және ассистенттер қабылданды.Осыған байланысты әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультанттың еңбек ақысы "В" категориясымен, ал ассистенттердің еңбек ақысы "Д" категориясымен төленіп отыр. ҚР Үкіметінің 1193 қаулысында "В" категориясында "әлеуметтік жұмыс жөніндегі  ассистент деп көрсетілуде.

Жауап: 

Мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысы (бұдан әрі – Қаулы) негізінде жүргізіледі.
Қаулының 4-тармағына сәйкес тиісті қызмет салаларындағы уәкілетті органдар еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісу бойынша тиісті қызмет салалары бойынша азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекітеді.
Осылайша, әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы лауазымдар тізілімі «Әлеуметтік қамсыздандыру саласының азаматтық қызметшілері лауазымдарының тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 1042 бұйрығымен бекітілген, оған сәйкес әлеуметтік жұмыс жөніндегі ассистент лауазымы біліміне қарай В2, В3 блоктары бойынша, ал ассистент лауазымы D блогы бойынша анықталған.
Осыған орай, жұмыспен қамту орталығы ассистентінің еңбекақысы
D блогы бойынша анықталуы қажет.

Сұрақтың нөмірі: 348934
17 сәуір, 2018 - 19:46 өзгертілді

Сәлеметсіз бе!

Әлеуметтік қызметкерлердің еңбек ақысына ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы 1193 қаулысының 6 қосымшасында көрсетілген ерекше еңбек жағдайлары үшін қосымша ақы төлеу қандай жағдайда төленеді?

Егер әлеуметтік қызметкер елді мекенде қызмет атқаратын болса?

Жауап: 

Мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысы (бұдан әрі – Қаулы) негізінде жүзеге асырылады.
Қаулының 6-қосымшасына сәйкес ерекше еңбек жағдайлары үшін:
1) стационарлық және жартылай стационарлық үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемелерде, үйде қызмет көрсету ұйымдарында, зейнетақы төлеу орталықтарында әкімшілік-шаруашылық қызмет көрсетумен айланысатын қызметкерлерден басқа:
- қарттармен, оның ішінде зейнетақы мен жәрдемақы төлеген кезде жұмыс істегені үшін - БЛА-дан 30 %;
- мүгедектермен, оның ішінде тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедек балалармен жұмыс істегені үшін - БЛА-дан 40 %;
- психоневрологиялық ауруы бар мүгедек балалармен және 18 жастан асқан мүгедектермен жұмыс істегені үшін - БЛА-дан 50 %;
2) уақытша болу ұйымдарында:
- белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдармен (әлеуметтік бейімдеу орталықтарында) - БЛА-дан 60 %;
- қатыгездікке ұшыраған адамдармен - БЛА-дан 40 %;
- бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және қылмыстық-атқару инспекциясының пробация қызметінің есебінде тұрған адамдармен жұмыс істегені үшін - БЛА-дан 60 %;
3) халықты жұмыспен қамту орталықтарының басшыларына, мамандарына және басқа қызметшілеріне жұмыстың күрделілігі мен қауырттылығы үшін - ЛА-дан 50 %;
4) әлеуметтік қамсыздандыру ұйымдарында жұмыс істегені үшін: директорларға, олардың орынбасарларына және бөлімшелердің меңгерушілеріне; әкімшілік-шаруашылық қызмет көрсетумен айланысатын басшыларға; арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау жүргізетін қызметкерлерге; асүй және асхана қызметкерлеріне, киім және төсек-жабдықтарын жуу жөніндегі машинистерге, қосалқы жұмысшыларға, киім және төсек-жабдықтарын жөндеу тігіншілеріне, диеталық тамақ жөніндегі мейіргерге, кіші медициналық персоналға БЛА-дан 30 % мөлшерде қосымша ақы көзделген.
Егер аталған қызметкерлер санаттары қандай елді мекенде болса да жоғарыда көрсетілген еңбек жағдайларында қызмет көрсетсе, қосымша ақы ала алады.
Егер қызметкер Қаулының 6-қосымшасы 1-тармағының 1, 2-тармақшаларына сәйкес бірнеше еңбек жағдайларында бір уақытта қызмет көрсетсе, қосымша ақының ең жоғары көлемі жүргізіледі.

Сұрақтың нөмірі: 348879
30 наурыз, 2018 - 16:21 өзгертілді

Сәлематсыздарма? менің сұрағым жұмыстан босаған кісінің қолданылмаған ақылы еңбек демалысының ақысын алуы яғни расчетный алуы барысында өзіне тиесілі сомманы алғандығына қалай көз жеткізуге болады? Мен бір мекемеде 4 айдай жұмыс істедім,  өз ойымша маған төлеген расчетный тым аз, оны маған тағы бир санап берулеріңіз үшін көмек сұраймын!

Жауап: 

Құрметті Сымбат Муратовна!

   ҚР Еңбек кодексінің 103-бабына сәйкес, Жалақы жұмыскерге жұмыс уақытын есепке алу бойынша жұмыс берушінің құжаттарында есепке алынған нақты жұмыс істеген уақыт үшін төленеді.

   Еңбек шарты тоқтатылған кезде жұмыс берушіден жұмыскерге тиесілі сомаларды төлеу ол тоқтатылғаннан кейінгі үш жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі (Кодекстің 113-бабы).

   Сіздің өтінішіңіздегі мәселе бойынша тексеру жүргізілуі тиіс, осыған байланысты, Сіз жұмыс жасаған ұйымның орналасқан жері бойынша тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің еңбек инспекциясы жөнiндегi жергілікті органына (ҚР ЕК-нің 12-бабының 8-тармағы, 17-бабының 1) тармақшасы) шағым жазу қажет.

   ҚР заңнамасына сәйкес Сіздің шағымыңыз негізінде олар кәсіпорында тексеру жүргізіп, құқық бұзушылықтар анықталған жағдайда тиісті шаралар қабылдайды.

 

кезекті еңбек демалысын есептеу үшін орташа жалақыны есептегенде ақшалай сыйақы сомасы есепке алына ма? алде тек қана қызметкердің еңбек ақысы есепке алына ма? 

Жауап: 

Құрметті Әсем Нұрғабылқызы!

   ҚР Еңбек кодексінің 87-бабына сәйкес жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысы жұмыскердің орташа жалақысы сақтала отырып беріледі.

   Орташа жалақыны есептеу тәртібі «Орташа жалақыны есептеудің бірыңғай қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 908 бұйрығымен бекітілген (бұдан әрі - Қағида).

   Бес күндік, сондай-ақ алты күндік жұмыс аптасында орташа айлық жалақыны есептеу белгіленген қосымша ақылар мен үстемеақылар, сыйлықақылар және еңбекақы төлеу жүйесінде көзделген тұрақты сипаттағы басқа да ынталандыру төлемдері ескеріле отырып, тиісті кезеңдегі орташа күндік (сағаттық) жалақының есебінен нақты жұмыс істелген уақыт үшін жүргізіледі.

   Орташа жалақыны есептеу кезінде Қағидаларға қосымшада көрсетілген төлемдер ескерілмейді.

   Қосымшаның 12-тармағына сәйкес біржолғы көтермелеу төлемдері (біржолғы ақшалай сыйақыларды қоса алғанда) орташа жалақыны есептеу кезінде ескерілмейді.

   Осыған орай, егер Сіздің жағдайыңызда, аталған ақшалай сыйақы біржолғы төлем болса, орташа жалақыны есептеу кезінде ескерілмейді.

   Сонымен бірге, Қағиданың 14-тармағына сәйкес өткен жылдың жұмыс қорытындысы бойынша төленетін жылдық сыйлықақыларды, сыйақыларды қоспағанда, тұрақты сипаттағы және жұмыс берушінің еңбекақы төлеу жүйесінде көзделген сыйлықақылар мен еңбек нәтижелері үшін төленетін басқа да ынталандыру төлемдері орташа жалақыны есептеу кезінде есептелген уақыты бойынша қосылады.

 

Сұрақтың нөмірі: 348743
7 наурыз, 2018 - 18:55 өзгертілді

Саламатсыздар ма!

Жауап: 

Құрметті Бақытжан Күшібарұлы!

   Бірінші және екінші сұрақ бойынша:

   Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің (бұдан әрі – Кодекс)
52-б. 1-т. 24) тарм. сәйкес, жұмыскермен еңбек шарты жұмыс берушінің бастамасы бойынша тараптардың өзара келісімі бойынша еңбек шартының мерзімін жыл сайын ұзарту құқығы бар жұмыскер «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 1-тармағында белгіленген зейнеткерлік жасқа толған жағдайларда бұзылуы мүмкін.

   Бұл ретте, Кодекстің 30-б. 5-т. сәйкес, зейнеткерлік жасқа толған, кәсіби және біліктілік деңгейі жоғары жұмыскермен еңбек шарты оның еңбекке қабілеттігі ескеріле отырып, осы баптың 1-т. 2) тарм. төртінші бөлігінде көзделгендей тараптардың келісімі бойынша шектеусіз, сондай-ақ  жыл сайынғы мерзімге (жыл сайынғы пролонгация) ұзартылуы мүмкін.

   Осыған қоса, егер жұмыс беруші зейнеткерлік жасқа толған жұмыскерді жұмыстан босатуға ниетті болмаса еш кедергісіз және өзгеріссіз еңбек қатынастарын жалғастыруына болады.

  Жоғарыда аталғандарды негізге ала отырып, Сіз бен жұмыс беруші арасындағы 2017 жылдың тамызында жасасқан еңбек шарты 2018 жылы мамыр айында зейнетке шығу кезінде өзінің заңды күшін сақтайды және мерзімі аяқталғанша ұзартуды қажет етпейді.

   Сондай-ақ, Кодекстің 139-б. 10-т. сәйкес, мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын азаматтық қызметшілерге лауазымдық айлықақы мөлшерінде сауықтыруға арналған жәрдемақы төлене отырып, ұзақтығы күнтізбелік отыз күннен кем болмайтын жыл сайынғы ақы төленетін негізгі еңбек демалысы беріледі.

   Азаматтық қызметшілерге жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысын берген кезде сауықтыруға арналған жәрдемақы күнтізбелік жылда бір рет төленеді.

   Бұл норма зейнеткерлік жасқа толған жұмыскердің еңбек шарты мерзімінің аяқталуына дейін жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысына шыққан жағдайда, еш кедергісіз сауықтыруға арналған жәрдемақысын алу құқығын білдіреді.

 

 

 

Сәлеметсіз бе!

Азаматтық қызметшілердің мелекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлерінің, яғни коммуналдық мемлекеттік мекеме басшысының еңбек өтілін есептеу кезінде 

-ЖШС директорының орынбасары 

-кооператив атқарушы директоры 

-Жеке кәсіпорын директорының орынбасары  - болып қызмет атқарған уақыты еңбек өтіліне қоса есептеуге болады  ма?  

Жауап: 

Құрметті Аблай Мусакулович!

   Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың және азаматтық қазыналық кәсіпорындардың қызметшілеріне еңбекақыны төлеу «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысы негізінде анықталады.

   Ұйымдар қызметкерлерінің мамандығы бойынша жұмыс өтілін (қызмет саласының ерекшеліктерін ескере отырып) есептеудің тәртібі мен шарттарын тиісті қызмет саласындағы мүдделі орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдар (келісім бойынша) айқындайды.

   Осымен бірге, мамандық бойынша жұмыс өтілін жұмысқа қабылдау кезінде кәсіпорындағы еңбек өтілін есептеу бойынша комиссия айқындайды, оның құрамы кәсіпорын басшысымен бекітіледі.

Сұрақтың нөмірі: 348592
13 наурыз, 2018 - 19:39 өзгертілді

«Семей ядролық полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» заңына сәйкес 1990 жылдан кейінгі туылған қызметкерлерге айлық ақысына ядролық қаупі бар аймақта тұрғаны үшін қосымша ақы төлене ме және еңбек демалысына қосымша күндер қосыла ма?

Жауап: 

Құрметті Медет Берікғалиұлы!

   «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» ҚР Заңының (бұдан әрі – Заң)13-бабына сәйкес, төтенше радиациялық, ең жоғары радиациялық , жоғары радиациялық, ең төмен радиациялық қауiптi аймақ және жеңiлдiктi әлеуметтiк-экономикалық мәртебесi бар аумақта тұрып жатқан тұрғындардың (яғни аталған аумақтарда еңбек қызметтерін жүргізіп жатырған жұмыскерлердің) қосымша еңбекақы алуға, жыл сайын ақысы төленетiн қосымша демалыс алу сияқты үстемеақы алуға құқығы бар.

   Аталған адамдарға куәлiк берiледi, ол осы Заңда көзделген жеңiлдiктер мен өтемдерге құқықты растайтын құжаттар болып табылады.

   Заңның 2-бабы мен 7-бабына сәйкес, бұл Заңның күшi Семей облысының аудандары мен қалаларында және Павлодар, Шығыс Қазақстан мен Қарағанды облыстарының ядролық қарулы сынау салдарынан радиоактивтi заттармен ластануға ұшыраған тиiстi аудандарында тұратын азаматтарға қолданылады.

  Осылайша, қосымша еңбекақы алуға, жыл сайын ақысы төленетiн қосымша демалыс алу Заңда көрсетілген аумақтарда тұрып жатқан және зардап шегуші мәртебесі бар жеңiлдiктер мен өтемдерге құқықты растайтын куәлігі бар  адамдарға төленеді.

   Егер жұмыскерде куәлік болмаған жағдайда ол Заңмен көрсетілген жеңілдіктер мен өтемақыларға өтініш жасай алмайды.

саламатсыз ба! жұмыскер 2016 жылы қараша айында жұмысқа тұрады. 2017 жылы қараша айында толық кезекті еңбек демалысына шығып келді. 2018 жылдың 1 наурызыннан бастап жұмыстан өз еркімен шығады. Ол жұмыскерге 2018 жылға қолданылмаған енбек демалысына өтемақысы қалай есептеледі.

Жауап: 

Құрметті Әсем Нұрғабылқызы!

   ҚР Еңбек кодексінің 96-бабына сәйкес еңбек шарты тоқтатылған кезде жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысын (жыл сайынғы еңбек демалыстарын) пайдаланбаған немесе толық пайдаланбаған жұмыскерге жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысының (жыл сайынғы еңбек демалыстарының) пайдаланылмаған күндері үшін өтемақы төлемі жүргізіледі.

   Пайдаланылмаған еңбек демалысы күндерінің саны жұмыс істелген уақытқа барабар есептеледі.

   Еңбек шартын тоқтатқан немесе бұзған кезде пайдаланылмаған еңбек демалысына өтемақы сомасын айқындау үшін пайдаланылмаған демалыс күндері жұмыскер жұмыстан босатылған күннен кейінгі  бес күндік немесе алты күндік жұмыс аптасы күнтізбесі бойынша жұмыс күнінен бастап саналады және жұмыс режимі ескеріле отырып осы кезеңге сәйкес келетін жұмыс күндері алынады.

   Еңбек демалысының пайдаланылмаған күндері үшін өтемақы орташа жалақы есебінен төленеді.

   Орташа жалақыны есептеу тәртібі «Орташа жалақыны есептеудің бірыңғай қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 908 бұйрығымен (бұдан әрі-Қағида) бекітілген Орташа жалақыны есептеудің бірыңғай қағидаларына сәйкес жүргізіледі.

  Осы Қағидаларға сәйкес қызметкердің орташа жалақысы орташа күндік (сағаттық) жалақыны оқиға кезеңіне(Сіздің жағдайыңызда пайдаланылмаған демалыс күндері) сәйкес келетін жұмыс күндерінің (жұмыс сағаттарының) санына көбейту жолымен есептеледі.

   Барлық жағдайларда орташа күндік (сағаттық) жалақы есеп айырысу кезеңде есептелген жалақы сомасын есеп айырысу кезеңдегі жұмыс күндерінің (сағаттарының) санына бөлу жолымен айқындалады.

Орташа жалақыны есептеудің  әдістемелік ұсынымдары (есептеу мысалдарымен бірге) Министрліктің веб-сайтында ресми бөлім айдарында орналасқанын хабарлаймыз.

Сұрақтың нөмірі: 348473
22 ақпан, 2018 - 18:34 өзгертілді

Саламатсыздар ма! 2018 жылдың 1-қаңтарынан бастап 2017 жылы "Өрлеу" жобасы бойынша қызмет атқарған консультант пен ассистенттер халықты жұмыспен қамту орталығына штат бойынша жұмысқа қабылданған. Осыған сәйкес 2 сұрағым бар:

Жауап: 

Құрметті Райхан Амзеевна!

   Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ассистенттер мен консультанттардың еңбекақысын төлеу және еңбек өтілімін есептеу тәртібіне қатысты хатты қарап, келесіні хабарлайды.

   Әлеуметтік жұмыс бойынша консультанттың қызметтері өтелмелі қызмет көрсету шарты негізінде сатып алынады және азаматтық-құқықтық заңнамамен реттелетін азаматтық-құқықтық қатынастардың пайда болуы үшін негіздеме болып табылады. Яғни, бұл шарттың негізінде пайда болатын қатынастар еңбек құқығының заңнамасымен реттелмеген, сондықтан еңбектік-құқықтық болып табылмайды.

   Мемлекеттік мекемелер және қазынашылық кәсіпорындар жұмысшыларының еңбекақы төлеу жүйесі «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 Қаулысымен (бұдан әрі – Қаулы) анықталады.

   Қаулының 4 тармағына сәйкес тиісті қызмет салаларындағы уәкілетті органдар еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісу бойынша тиісті қызмет салалары бойынша азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізімдерін бекітеді.

   Осылайша, әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы лауазымдар тізімі «Әлеуметтік қамсыздандыру саласының азаматтық қызметшілері лауазымдарының тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы  28 желтоқсандағы № 1042 бұйрығымен бекітілген, бұл бұйрыққа сәйкес жоғары білімді әлеуметтік консультанттың категориясы бар болуына байланысты В2-1, В2-2, В2-3, В2-4 звеноларымен, ал ассистенттің лауазымы D звеносымен анықталған.

   Қаулының 3-тармағына сәйкес ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдық еңбекақысы (тарифтік мөлшерлемесі) атқаратын лауазымдарының функционалдық блоктарға жатқызылуына және мамандығы бойынша жұмыс өтіліне, тағайындалған біліктілік разрядтарына (жұмысшылар үшін) қарай  (тарифтік мөлшерлемесі) есептеу үшін бекітілген тиісті коэффициенттерді осы қаулының 1-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасында белгіленген БЛА мөлшеріне көбейту жолымен айқындалады, қазіргі таңда оның мөлшері 17697 теңгені құрайды.

   Азаматтық қызметшілердің, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен
ұсталатын ұйымдар қызметкерлерінің, қазыналық кәсіпорындар
қызметкерлерінің (жұмысшыларды қоспағанда) функционалдық
блоктар бойынша лауазымдық айлықақыларын есептеуге арналған
коэффициенттері қаулының 2-қосымшасымен анықталған.

   Қаулының 6-қосымшасына сәйкес Халықты жұмыспен қамту орталықтарының басшыларына, мамандарына және басқа қызметшілеріне жұмыстың күрделілігі мен қауырттылығы үшін қосымша лауазымдық айлықақыдан  50 % мөлшерінде қосымша төлеу белгіленген.

   Азаматтық қызметшілер, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлері, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлері үшін бірыңғай қосымша ақылар мен үстемеақылар қаулының 18 қосымшасымен анықталған.

 

Сұрақтың нөмірі: 348230
12 ақпан, 2018 - 10:25 өзгертілді

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбек ақы төлеу жүйесі туралы 2015 жылғы 12 желтоқсандағы № 1193 қаулысының 6 қосымшасымен бекітілген, әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың  қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерл

Жауап: 

Құрметті Эльмира Хаматфаруковна!

   «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысының 6-қосымшаға (бұдан әрі – 6 Қосымша) сәйкес уақытша болу ұйымдарында белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдармен (әлеуметтік бейімдеу орталықтарында) және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және қылмыстық-атқару инспекциясының пробация қызметінің есебінде тұрған адамдармен жұмыс істегені үшін БЛА-дан 60 % қосымша ақы қарастырылған.

   Өз кезегінде, аталған қосымша ақы жоғарыда көрсетілген адамдармен арнаулы әлеуметтік қызметтерді тікелей көрсететін қызметкерлерге төленеді.

   Сонымен қатар әлеуметтік қамсыздандыру ұйымдарында жұмыс істегені үшін директорларға, олардың орынбасарларына және бөлімшелердің меңгерушілеріне; әкімшілік-шаруашылық қызмет көрсетумен айланысатын басшыларға; арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау жүргізетін қызметкерлерге; асүй және асхана қызметкерлеріне, киім және төсек-жабдықтарын жуу жөніндегі машинистерге, қосалқы жұмысшыларға, киім және төсек-жабдықтарын жөндеу тігіншілеріне, диеталық тамақ жөніндегі мейіргерге, кіші медициналық персоналға БЛА-дан 30 % қосымша ақы көзделгенін атап өтеміз.

Беттер

ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші