check

Вы здесь

«Басқарудың ақпараттық жүйелерін енгізу және әлеуметтік қорғау бағдарламаларын жаңғырту» мәселелеріне қатысты Еуропа және Орталық Азия елдерінің өңірлік форумы өткізілді

2014 жылғы 21-24 мамыр аралығында Түркияда (Стамбул қ.) «Басқарудың ақпараттық жүйелерін енгізу және әлеуметтік қорғау бағдарламаларын жаңғырту» мәселелеріне қатысты Еуропа және Орталық Азия елдерінің өңірлік форумы өткізілді. Форум жұмысында Албания, Әзірбайжан, Грузия, Қазақстан, Қырғызстан, Қытай, Румыния, Ресей, Түрік, Өзбекстан, Украина, Хорватия және басқа да көп елдердің делегаттары қатысты.

Форумға қатысушылардың әлеуметтік қорғау бағдарламаларын іске асыруды жақсарту саласындағы соңғы мәліметтермен бөлісу және басқарудың сенімді ақпараттық жүйелерін (БАЖ) және ақпараттық-технологиялық (АТ) шешімдерін енгізу арқылы тиімді қызметтер көрсету мәселелері бойынша тәжірибемен алмасу мүмкіндіктері болды.

Дүниежүзілік банк өкілдерімен Қазақстанда мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету саласында ақпараттық жүйелерін енгізу мәселелеріне конференцияға қатысушылар тарапынан едәуір мүдделік білдірілгенін атап өтілді. Демек, ҚР «Еңбекминінің «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» РМҚК Бас директорымен онлайн режимде мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы тағайындау процесі көрсетілген болатын.

ЗТМО жұмысында бизнес процестерін жаңғыртуға байланысты қағаз нысандағы құжаттарды (жеке куәлік; мекенжайы туралы анықтама; мүгедектігі туралы анықтама) мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алынатын электрондық деректерге ауыстыру мүмкіндігі туды.

Қазіргі уақытта мүгедектігі бар азаматқа мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алу үшін тұрғылықты жері бойынша ЗТМО бөлімшесіне жүгінуі және өтініш толтыруы қажет. Өтінішті өңдеу үшін ЗТМО қызметкері өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат туралы және оның тұрақты тұратын жері бойынша тіркелгені туралы «Жеке тұлғалар деректерінің мемлекеттік қоры» - нан растайды.

Алынған деректер негізінде мүгедектігі бойынша жәрдемақы мөлшерін автоматты түрде есептеу жүргізіледі  және шешімнің электрондық жобасы қалыптастырылады, оған қол қойылып, электрондық түрде жәрдамақы тағайындау жөніндегі уәкілетті органға жіберіледі. Қол қойылған электрондық шешімге автоматты түрде нөмір және бекіту күні беріледі, ал жәрдемақы тағайындалғандығы туралы хабарлама алушының қолына беріледі, немесе электрондық цифрлық қолтаңба болған жағдайда алушы жәрдемақы тағаындалғандығы туралы ақпаратты ҚР Электрондық Үкімет порталы арқылы біле алады. Кейіннен, ЗТМО қызметкері мүгедектің банктік шотына ақшалай қаражатты енгізу үшін ақпаратты орталықтандырылған деректер қорына енгізеді. Содан соң ақшалай қаражат аударылады, және жәрдемақы алушы өзінің банктік шотынан ақша ала алады.  

Мемлекеттік қызметтерін уақтылы көрсету және сапасын бағалауды анықтау мақсатында ЗТМО қызметкерлерімен орындалатын операциялар деректер қорында хаттамаланатынын атап өту қажет.

Форумға қатысушылар сондай-ақ жүйелерді және деректерді ұйымдастыру үлгілерімен (Румыния үлгісі бойынша), әлеуметтік сақтандыру және жұмыспен қамту бағдарламаларының проблемаларымен (Әзірбайжан үлгісі бойынша), бенефициар деректерін басқару механизмдері және стратегияларымен, сондай-ақ АЖБ енгізу бойынша нұсқаулықтарымен (Грузия үлгісі бойынша) танысқан болатын. 

Изменён 30 мая, 2014 - 19:54
Голосуй за лучшего работника системы соцзащиты
Достижения за годы независимости РК
Адресная социальная помощь
Онлайн калькулятор по исчислению АСП
Проверка статуса
Борьба с наихудшими формами детского труда
Голосование за лучший социальный проект
Информационная кампания "Безопасный труд"
Республиканский конкурс «Еңбек жолы»
Развитие трудовых навыков и стимулирование рабочих мест
НСК
Новый национальный классификатор занятий