check

Вы здесь

Сенат «Мүгедектердің құқықтары туралы Конвенцияны ратификациялау туралы» ҚР Заңын қабылдады

Бүгін ҚР Парламенті Сенатының пленарлық отырысында депутаттар «Мүгедектердің құқықтары туралы Конвенцияны ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын қабылдады.    

Аталған Заң мүгедектерге ҚР Конституциясымен, сондай-ақ, Қазақстан қатысушысы боп табылатын халықаралық келісімдермен бекітілген азаматтық, саяси, әлеуметтік, экономикалық, мәдени және өзге де құқықтары мен еркіндіктерін өзге азаматтармен теңдей қамтамасыз етуге бағытталған.      

Заңның негізгі міндеті мүгедектер мен халықтың қауқары аз топтары үшін басым салаларда нысандар мен қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету, оңалту саласында қызметтер ұсыну тетігін жетілдіру, мүгедектерге өмірде және қоғамға ықпалдастыруда теңдей жағдай жасау болып табылады.  

Қазіргі уақытта Конвенцияны әлемнің 151 мемлекеті, оның ішінде ТМД елдерінен - Армения, Әзірбайжан, Грузия, Молдова, Ресей Федерациясы, Украина ратификациялаған.

Конвенцияны ратификациялау Қазақстанда тұратын 627 мың мүгедек жанға және олардың отбасыларына конституциялық құқықтары мен еркіндіктерін іске асыруда және қорғауда қосымша кепілдік береді. 

Изменён 5 февраля, 2015 - 10:43
Голосуй за лучшего работника системы соцзащиты
Достижения за годы независимости РК
Адресная социальная помощь
Онлайн калькулятор по исчислению АСП
Проверка статуса
Борьба с наихудшими формами детского труда
Голосование за лучший социальный проект
Информационная кампания "Безопасный труд"
Республиканский конкурс «Еңбек жолы»
Развитие трудовых навыков и стимулирование рабочих мест
НСК
Новый национальный классификатор занятий