check

Вы здесь

Алматыда Қазақстан урологтарының V съезі өтуде

Бүгін Алматыда «Урологиядағы кіші инвазивті технологиялар» тақырыбында жұмысын бастаған Қазақстан урологтарының V съезі 13 маусымға дейін жалғасады. Сол күні ТМД елдері урологтарының І құрылтайшы съезі өтеді.

Съезд аясында 10-11 маусымда Ресей, Франция, Грузия және Өзбекстаннан келген атақты хирург-ғалымдар Б.У.Жарбосынов атындағы Урология ғылыми орталығында эндоскопиялық және лапароскопиялық урология бойынша шеберлік сабақтарын өткізеді. 

Шеберлік сабақтарына қатыспайтын съездің өзге қатысушылары бейне көрсетілім арқылы операцияның өткізілу барысын қадағалайды.  

«Урологиядағы кіші инвазивті технологиялар» атты бағдарламалық баяндамасында «Б.У.Жарбосынов атындағы Урология ғылыми орталығы» АҚ басқарма төрағасы Мырзакәрім Алшынбаев отандық урологиядағы инновациялық диагностика және емдеу технологияларының басымдық бағыттарына тоқталды.

Айта кету керек, жаңа технологияларды енгізу арқасында Қазақстанда урологиялық аурулардың басым көпшілігі бойынша жаңа емдеу-диагностикалық әдістер әзірленді. Ол науқастардың өмір сапасын жақсартып, мүгедектікті азайтады. 

Қазіргі заманғы ғылымның дамуына байланысты диагностиканың және емдеудің жаңа технологияларын енгізуде халықаралық ынтымақтастықтың рөлі елеулі түрде арта түсті. Съезд мамандарға, оның ішінде жас ғалымдарға алыс және жақын шетелдерден келген әріптестерімен тәжірибе алмасуға, бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізуді жоспарлауға мүмкіндік береді. 

Талқылаулар мен пікірталастар қорытындымында еліміз тұрғындарына көрсетілетін урологиялық көмектің сапасын арттыру және ұйымдардың жұмысын жетілдіру мақсатында қарар қабылданады. 

13 маусымда ТМД елдері урологтарының І құрылтайшы съезі өтіп, ТМД елдері урологтары қауымдастығының президенті сайланады. Сонымен қатар, аталған қауымдастықтың әрі қарайғы даму жолдары мен ынтымақтастық жайын анықтайтын ереже бекітіледі.   

Изменён 10 июня, 2015 - 11:10
Голосуй за лучшего работника системы соцзащиты
Достижения за годы независимости РК
Адресная социальная помощь
Онлайн калькулятор по исчислению АСП
Проверка статуса
Борьба с наихудшими формами детского труда
Информационная кампания "Безопасный труд"
Голосование за лучший социальный проект
Республиканский конкурс «Еңбек жолы»
Развитие трудовых навыков и стимулирование рабочих мест
НСК
Новый национальный классификатор занятий