Вы здесь

Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына конкурс жариялау (жалпы конкурс)

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті  «Б» корпусы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына конкурс жариялау (жалпы конкурс)

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына  үлгілік біліктілік талаптары:

С-5 санаты бойынша мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді: жоғары білім; мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының лауазымдық жалақысы :

Категория

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

Min (тенге)

Max(тенге)

C-5

104102

140746

 

«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму  министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон Комитеті» Республикалық мемлекеттік мекемесі, мекен-жайы: 010000, Астана  қаласы, Министрлік үйі, Орынбор көшесі 8, анықтама үшін телефондары 8 (7172) 74-34-92, электрондық пошта мекен-жайы: a.kaipbaeva@mzsr.gov.kz, «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға жалпы конкурс жариялайды:

1. Еңбек жағдайларын бақылау және еңбекті қорғау басқармасының сарапшысына,  С-5 санаты, 1 бірлік.

 Функциялық міндеттері: Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау  заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік еңбек инспекторы қорытындысының жобасын әзірлеу, республика бойынша өндірістік жарақаттану жағдайына мониторингті жүзеге асыру, сондай-ақ өндірістегі жазатайым оқиғалардың себебі мен жағдайын талдау, оларды жою және алдын алу бойынша ұсыныстар енгізу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Құқық (құқықтану, халықаралық құқық), әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, статистика, әлемдік экономика, еңбекті ұйымдастыру және нормалау), техникалық ғылымдар және технологиялар (есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету, тау-кен ісі, мұнай-газ ісі, металлургия, көлік, көлік техникасы және технологиялары, авиациялық техника және технологиялары, теңіз техникасы мен технологиялары, жылу энергетикасы, электр энергетикасы, құрылыс, қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі, стандарттау, метрология және сертификаттау), ауылшаруашылық ғылымдары (агрономия, мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы, балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау, ауыл шаруашылығын энергиямен қамтамасыз ету), гуманитарлық ғылымдар (шығыстану), білім (бастауышта оқыту педогогикасы мен әдістемесі) мамандықтары бойынша жоғары білім. 

Құжаттарды қабылдау мерзiмi жалпы конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 10 жұмыс күні.

Әңгiмелесу Астана қаласы, Министрлік үйі, Орынбор көшесі 8, № 6 кіреберіс, 928 каб. мекен жайы бойынша өтеді.

Қажетті құжаттар тізбесі:

      1)  1-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;

      2) 3х4 үлгідегі суретпен 2-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған сауалнама;

      3) бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

      4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;

      5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілердің тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама; 086 нысан

      6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі;

      7) құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органмен белгіленген шекті мәннен төмен емес нәтижемен тестілеуден өткені туралы қолданыстағы сертификат (түпнұсқасы  немесе нотариалдық куәландырылған көшiрмесi).

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің сайты: www.kyzmet.gov.kz.

Разделы:
Изменён 16 июня, 2016 - 17:48
Достижения за годы независимости РК
Адресная социальная помощь
Проверка сведений о готовности к назначению с 1.01.2020
Онлайн калькулятор по исчислению АСП
Проверка статуса
Борьба с наихудшими формами детского труда
Лучшие социальные проекты, реализуемые в Казахстане
Информационная кампания "Безопасный труд"
Республиканский конкурс «Еңбек жолы»
Развитие трудовых навыков и стимулирование рабочих мест
НСК
Новый национальный классификатор занятий