Вы здесь

Қызылорда облысы бойынша департаменті ішкі конкурс жариялайды

«Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті» РММ, Қызылорда қаласы, Бекзатхан Асқар көшесі 47, индекс 120015, анықтама үшін байланыс телефондары: /7242/27-01-26, факс 8/7242/27-28-15, электронды пошта dep.kyzylorda@enbek.gov.kz  «Б» корпусы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс жариялайды:  

        С-О-4  санаты үшін: жоғары білім; мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, В-5, С-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес; 

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, В-5,  С-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3) А-5, В-5, С-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-3 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

4) өкiлеттiктерiн теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі алты айдан кем емес;

5) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдарының лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

6) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес;**

7) жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

8) ғылыми дәрежесінің болуы;**

9) сот орындаушысы лауазымына жұмыс тәжірибесі талаптары қолданылмайды.

        С-О-5 санаты үшін:  жоғары білім; мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-6, С-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-6, С-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3) В-6, С-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-3 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес;

4) мемлекеттік қызмет өтілі орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегі құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдарының лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

 5) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес;**

6) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

7) ғылыми дәрежесінің болуы.**

     ** Ескертуге: осы талап «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға жалпы конкурсқа қатысушылар үшін қойылады.

        Мемлекеттік әкімшілік қызметшінің лауазымдық жалақысы

(экологиялық коэффициентті есепке алмағанда)

Санаты

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

С-О-4

109 932

148 242

С-О-5

83 282

112 430

  Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі, Қызылорда қаласы, Бекзатхан Асқар көшесі 47, индекс 120015, анықтама үшін байланыс телефондары: /7242/27-01-26, факс 8/7242/27-28-15, электронды пошта dep.kyzylorda@enbek.gov.kz  «Б» корпусы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс жариялайды:

    1. Медициналық-әлеуметтік сараптаманың әдіснамалық және  бақылау бөлімінің басшысы, (С-О-4) санаты, индекс № 06-1-1,  1 бірлік. (2019 жылдың 18 наурызына дейін бала күтімі бойынша демалыстағы негізгі қызметшінің міндетін уақытша атқару үшін)

Негізгі функционалдық міндеттері: МӘС бөлімдерінде медициналық–әлеуметтік сараптама мәселесіне әдістемелік басшылық жасай отырып, жұмыстарын талдау, МӘС құзырына кіретін жинақтау–талдау, әдістемелік, статистикалық мәліметтер дайындау; БАҚ арқылы мүгедектіктің алдын–алу туралы, мүгедектік мәселелері бойынша түсінік жұмыстарын жүргізу; МӘС бөлімдерінде медициналық–әлеуметтік сараптама қызметінің дұрыс жүргізілуін бақылау; департаменттің медициналық–әлеуметтік сараптама бөлімдерінің шешіміне шағым жасаушыларға департамент басшысы орынбасарының қатысуымен қайта куәландыру өткізу; МӘС бөлімдерінің мамандарына кеңестік, әдістемелік көмек көрсетеді және денсаулық сақтау мекемелерінде медициналық–әлеуметтік сараптама және мүгедектерді оңалту жөнінде семинарлар, конференциялар өткізу.

Үміткерлерге қойылатын негізгі талаптар: Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина) (дәрігерлік емдеу ісі, педиатр, жалпы тәжірибелі мамандар) мамандықтары бойынша жоғары білім

2. № 1 медициналық - әлеуметтік сараптама бөлімінің бас маманы, С-О-5 санаты, индекс № 07-1-2,  1 бірлік.

Негізгі функционалдық міндеттері: Бөлімнің жұмысын ұйымдастыру, еңбек қабілеттілігінің сараптамасы үшін жіберілген әрбір науқасқа жеке медициналық қарауды жүргізу; еңбек қабілеттілігін қалпына келтіру бойынша шараларды анықтау, мүгедектің денсаулығына мүмкіндік беретін, еңбектің сипаты мен жағдайын анықтау, мүгедектіктің тобын анықтауды, еңбек қабілеттілігінің жағдайы туралы сараптамалық шешім шығару;  емдеу-сауықтыру мекемесінің дәрігерлеріне медициналық-әлеуметтік сараптама мәселелер бойынша кеңестік көмек көрсету; мүгедектерді сауықтырудың жеке бағдарламасын әзірлеуге қатысу; мүгедектерді және науқастарды  қарауда медициналық құжаттаманы рәсімдей білуі; мүгедектерді медициналық-әлеуметтік сауықтыру және медициналық-әлеуметтік сараптама мәселелері жөнінде ұйымдарда және халықтың арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізу, мүгедектер бойынша орталықтандырылған мәліметтер базасын жүргізу; өз құзыры шеңберінде Қазақстан Республикасының заңнамаларымен, нормативтік құқықтық актілерімен, бөлім туралы ережемен және лауазымдық нұсқаулықпен белгіленген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асыру.

Үміткерлерге қойылатын негізгі талаптар: Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина) (дәрігерлік емдеу ісі, педиатр, жалпы тәжірибелі мамандар) мамандықтары бойынша жоғары білім.

3. № 2 медициналық - әлеуметтік сараптама бөлімінің бас маманы, С-О-5 санаты, индекс № 08-1-3, 1 бірлік.

Негізгі функционалдық міндеттері: Бөлімнің жұмысын ұйымдастыру, еңбек қабілеттілігінің сараптамасы үшін жіберілген әрбір науқасқа жеке медициналық қарауды жүргізу; еңбек қабілеттілігін қалпына келтіру бойынша шараларды анықтау, мүгедектің денсаулығына мүмкіндік беретін, еңбектің сипаты мен жағдайын анықтау, мүгедектіктің тобын анықтауды, еңбек қабілеттілігінің жағдайы туралы сараптамалық шешім шығару;  емдеу-сауықтыру мекемесінің дәрігерлеріне медициналық-әлеуметтік сараптама мәселелер бойынша кеңестік көмек көрсету; мүгедектерді сауықтырудың жеке бағдарламасын әзірлеуге қатысу; мүгедектерді және науқастарды  қарауда медициналық құжаттаманы рәсімдей білуі; мүгедектерді медициналық-әлеуметтік сауықтыру және медициналық-әлеуметтік сараптама мәселелері жөнінде ұйымдарда және халықтың арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізу, мүгедектер бойынша орталықтандырылған мәліметтер базасын жүргізу; өз құзыры шеңберінде Қазақстан Республикасының заңнамаларымен, нормативтік құқықтық актілерімен, бөлім туралы ережемен және лауазымдық нұсқаулықпен белгіленген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асыру.

Үміткерлерге қойылатын негізгі талаптар: Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина) (дәрігерлік емдеу ісі, педиатр, жалпы тәжірибелі мамандар) мамандықтары бойынша жоғары білім.

4. №2 зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің  бас маманы, С-О-5 санаты, индекс № 05-1-3, 1 бірлік. (2019 жылдың 1 наурызына дейін бала күтімі бойынша демалыстағы негізгі қызметшінің міндетін уақытша атқару үшін)

Негізгі функционалдық міндеттері: Жұмыс жоспарын, бөлімге жүктелген ұйымдастыру және әдістемелік іс-шараларды орындау, зейнетақымен қамсыздандыру және әлеуметтік қорғау, сондай-ақ Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдер және олар бойынша шаралар қабылдау мәселелері бойынша азаматтардың және ұйымдардың өтініштерін заңнамамен белгіленген тәртіпте және мерзімде қарау;зейнетақымен қамсыздандыру, әлеуметтік қорғау және әлеуметтік сақтандыру туралы заңнаманың өкілетті органдармен, ұйымдармен сақталу жағдайын мазмұндайтын талдаға, жинақтауға, жүйелендіруге қатысу; зейнетақымен қамсыздандыру және әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша департаменттің алқа отырысын өткізуді дайындауға және басқа да ұйымдастыру іс-шараларына қатысу; әлеуметтік жәрдемақылар мәселелері бойынша ақпараттық-аналитикалық анықтамалар дайындау; зейнетақымен қамсызданыдру және әлеуметтік қорғау және «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» заңының бұзушылығының алдын-алу бойынша бақылауға бағытталған іс-шараларды іске асыру бойынша шараларды қабылдау және дайындау.

Үміткерлерге қойылатын негізгі талаптар: Құқық (құқықтану, халықаралық құқық) немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, қаржы, есеп және аудит, менеджмент, әлеуметтік жұмыс) немесе білім (құқық және экономика негіздері, физика, математика) немесе техникалық ғылымдар және технологиялар (ақпараттық жүйелер) мамандықтары бойынша жоғары білім.

Мынадай құзыреттердің бар болуы:

Бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

Тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттардың мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органмен анықталатын тестілеу бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасын білу;

«Қазақстан-2050»: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білу, нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу;осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының (бұдан әрі-Қағида) 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

         Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады. Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы не «Е-gov» электрондық үкімет порталы немесе «е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірілмей беріледі.           

          Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

          Құжаттарды қабылдау мерзімі 3 жұмыс күні, ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі. Құжаттар «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті» Республикалық мемлекеттік мекемесі, 120015, Қызылорда қаласы, Бекзатхан Асқар көшесі, №47, №405 кабинетте  қабылданады.

Құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейiн конкурс комиссиясы ішкі конкурсқа қатысушылардың құжаттарын қарауды жүзеге асырады. Конкурс комиссиясы ұсынылған құжаттардың бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн қарайды. Конкурс комиссиясы ұсынылған құжаттарды қарау қорытындысы бойынша құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін бір жұмыс күн ішінде олардың тиiстi «Б» корпусы мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарға қойылған бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгi мен конкурсқа қатысушыларды әңгімелесуге жiберу туралы шешiм қабылдайды.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар конкурстық комиссия шешім қабылдаған күннен бастап бір жұмыс күн ішінде және әңгімелесуді өткізуге дейін бір жұмыс күннен кешіктірмей әңгімелесу өткізу күні туралы конкурс комиссиясының хатшысымен хабарландырылады. Хабарландыру қатысушылардың электрондық мекенжайларына және ұялы телефондарына ақпарат жіберу жолымен жүзеге асырылады.

Рұқсат алмаған конкурс қатысушылары конкурс комиссиясы шешім қабылдағаннан кейін бір жұмыс күн ішінде бұл туралы конкурс комиссиясының хатшысымен хабарландырылады.

Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде конкурс жариялаған мемлекеттік органда өтеді.

Үміткерлермен әңгімелесу өтетін орны «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті» Республикалық мемлекеттік мекемесі, 120015, Қызылорда қаласы Бекзатхан Асқар көшесі 47.

 Әңгімелесу өткiзілгеннен кейiн екі жұмыс күнінен кешіктірілмей өткізілетін қорытынды отырыста конкурс комиссиясы кандидаттарды берген құжаттары, өткiзiлген әңгiмелесудiң нәтижелерi негiзiнде бағалайды және олардың қатарынан бос лауазымға орналастыру үшiн iрiктеудi жүзеге асырады.

Конкурс комиссиясының шешімі мен конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған кандидаттардың тізімі конкурс өткізілгеннен кейін бір жұмыс күн ішінде мемлекеттік органның ақпараттық қабырғаларында, баршаға көрінетін жерлерге, сондай-ақ оның интернет-ресурсына орналастырылады.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметінде (кадр қызметінде) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін, осы Қағидалардың 26-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық көшірмелерін ұсынады.

 Бұл ретте, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) әңгімелесу басталғанға дейін құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді. Қағиданың 13-тармағында көрсетілген тұлғаның келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады. Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұратын жер жалдау, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

«Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті» Республикалық мемлекеттік мекемесінің конкурстық комиссиясы

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының

2-қосымшасы

 

Нысан __________________________ (мемлекеттік орган)

 

 

Өтініш

Мені____________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін. Қоса берілген құжаттар: __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________

 

Мекен жайы және байланыс телефоны____________________________

 

________                         ____________________________________ 

  (қолы)                                   (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

«___»_______________ 20 __ ж.

Разделы:
Изменён 11 апреля, 2018 - 18:29
Достижения за годы независимости РК
Адресная социальная помощь
Проверка сведений о готовности к назначению с 1.01.2020
Онлайн калькулятор по исчислению АСП
Проверка статуса
Борьба с наихудшими формами детского труда
Лучшие социальные проекты, реализуемые в Казахстане
Информационная кампания "Безопасный труд"
Республиканский конкурс «Еңбек жолы»
Развитие трудовых навыков и стимулирование рабочих мест
НСК
Новый национальный классификатор занятий