Вы здесь

еңбек өтілін есептеу мәселесі

Сәлеметсіздер ме?

Мен Кумекбаева Балжан Кадырбаевна "Үйде әлеуметтік қызмет көрсету" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде "Жалғызілікті қарттарға үйде әлеуметтік қызмет көрсету" бөлімшесінің меңгерушісі болып қызмет атқарамын. Білімім жоғары, мамандығым "экономист ұйымдастырушы"

Менін сұрағым : 1982-1996 жылдар аралығында "Ленинский  путь" колхозында бухгалтер экономист болып жұмыс істегенмін. Осы бухгалтер болып жұмыс істеген жылдарым қазіргі таңда атқарып жатқан "Үйде әлеуметтік қызмет көрсету" коммуналдық мемлекеттік мекемесі "Жалғызілікті қарттарға үйде әлеуметтік қызмет көрсету" бөлімше меңгерушісі лауазымына жұмыс өтіліміме қосылады ма? 

Ответ: 

«Азаматтық қызметшілердің, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлерінің, әлеуметтік қамсыздандыру қазыналық кәсіпорындары қызметкерлерінің мамандығы бойынша жұмыс өтілін есептеу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 10 маусымдағы № 495 бұйрығының (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 14 шілдеде № 13922 болып тіркелген) 5 және 6-тармақтарына сәйкес мамандығы бойынша жұмыс өтілін және мамандықтардың ұқсастығын құрамын ұйым басшысы бекітетін ұйымның еңбек өтілін белгілеу жөніндегі біліктілік (аттестациялық) комиссиясы жұмысқа қабылдау кезінде айқындайды.

Біліктілік (аттестациялық) комиссияның мамандығы бойынша жұмыс өтілін белгілеу туралы шешімі хаттамамен ресімделеді.

Осыған байланысты, бұл мәселе бойынша «Жалғызілікті қарттарға үйде әлеуметтік қызмет көрсету» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің біліктілік (аттестациялық) комиссиясына жүгінуіңіз қажет.

Жалпы бухгалтер лауазымында қызмет өтілі бөлімше меңгерушісі лауазымы өтіліне қосылмайды.

Номер вопроса: 360822
Изменён 5 июня, 2019 - 20:10
Достижения за годы независимости РК
Адресная социальная помощь
Онлайн калькулятор по исчислению АСП
Лучшие социальные проекты, реализуемые в Казахстане
Республиканский конкурс «Еңбек жолы»
Развитие трудовых навыков и стимулирование рабочих мест
НСК
Новый национальный классификатор занятий