check

You are here

Инфографика

АӘК
Бөлімдер:
7 қазан, 2019 - 13:12 өзгертілді
Еңбек нарығы

Облыстық, Астана, Алматы қалаларының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының мәліметтері бойынша 2019 жылдың қаңтар-тамыз 394 мың адам жұмыспен қамту мәселесі жөнінде өтініш жасаған. 2019 жылдың 1 қыркүйек  жұмыспен қамту органдарында 175.7 мың адам  тіркелінген. Жұмыспен қамту органдарының көмегімен 299 мың адам немесе уәкілетті органдарға жүгінгендердің жалпы санының 75.9 пайызы жұмысқа орналастырылды, оның ішінде 18,8 мың адам әлеуметтік жұмыс орындарына, 26.5 мың білім беру ұйымдарының түлегі жастар тәжірибесінен өтуге жіберілді.

2019  жылдың өткен кезеңі бойынша 68.9 мың адам қоғамдық жұмыстармен қамтылды, 32.5 мың адам кәсіптік оқытуға және қайта даярлауға жіберілді.

Еңбек нарығы

Облыстық, Астана, Алматы қалаларының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының мәліметтері бойынша 2019 жылдың қаңтар-шілде 408,7 мың адам жұмыспен қамту мәселесі жөнінде өтініш жасаған. 2019 жылдың 1 тамыз  жұмыспен қамту органдарында 172,7 мың адам  тіркелінген. Жұмыспен қамту органдарының көмегімен 255,9 мың адам немесе уәкілетті органдарға жүгінгендердің жалпы санының 62,6 пайызы жұмысқа орналастырылды, оның ішінде 18 мың адам әлеуметтік жұмыс орындарына, 20,9 мың білім беру ұйымдарының түлегі жастар тәжірибесінен өтуге жіберілді.

2019 жылдың өткен кезеңі бойынша 64,1  мың адам қоғамдық жұмыстармен қамтылды, 27,5  мың адам кәсіптік оқытуға және қайта даярлауға жіберілді.

     

Как оплатить единый совокупный платеж
Бөлімдер:
14 тамыз, 2019 - 17:16 өзгертілді
Коммуналдық шаруашылық кәсіпорындарында жарақат алу

Коммуналдық кәсіпорындардағы жағдай әлі күнге алаңдаушылық туғызады. Мәселен, 2018 жылы 76 жұмысшы зардап шеккен, бұл ұқсас жылмен салыстырғанда 14%-ға төмен (2017 ж. - 89 адам).

Зардап шеккендер арасында қайтыс болғандар саны 38%-ға қысқарып, 8 адамға азайған. (2017 ж. - 13 адам). 

Бүгінде коммуналдық кәсіпорындарда тек бірінші жартыжылдықтың өзінде 31 жұмысшы зардап шеккен. Бұл ұқсас кезеңмен салыстырғанда (2018 ж. - 33) 6%-ға төмен, ал адам өлімімен аяқталған – 9 адам. (2018 ж. - 6 адам). 
Өңірлер бөлінісінде, ұқсас кезеңмен салыстырғанда құрбан болғандар санының өсуі Ақмола облысында (3 адамнан 5 адамға дейін) және Нұр-Сұлтан қаласында (0-ден 5 адамға дейін) тіркелді.

Атап айтқанда, 2019 жылғы 23 мамырда кәріздік қысым станциясының жабдықтарын бөлшектеу кезінде «Астана су арнасы» мемлекеттік кәсіпорнының 4 қызметкері метаннан уланып қайтыс болған. 

12 маусымда Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы орталығында екі метр тереңдіктегі кәріз ұңғымасын тазарту жұмыстарын жүргізу кезінде «Зайсан» ККМК-нің үш қызметкері (метаннан улану) апат болып, оның біреуі қайтыс болып, екеуі аудандық ауруханаға жатқызылған. 

Жазатайым оқиғалардың себептері: жұмыс беруші кәріз жұмыстары кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтамаған, жұмыс жеткілікті ұйымдастырылмаған, ал жұмысшылар қорғаныс құралдарын пайдаланбаған. 

Осылайша, жұмыстың сәтті өтуі мен жұмысқа қатысушылардың қауіпсіздігі әрқайсысының жеке-жеке әрекетіне байланысты екені белгілі болды. Қазақстандықтардың еңбек жағдайы үнемі бақылауда болғанына қарамастан, әр адам өз әрекетіне мұқият қарауы қажет.

Тау-кен өнеркәсібі кәсіпорындарында жарақат алу

Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында тау-кен өнеркәсібі кәсіпорындарында 96 жұмысшы зардап шеккен, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 64,9 пайызға төмен. Адам шығыны 7-ге жетіп, өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 30 пайызға азайған (2018 ж. 10 адам). 

Жазатайым оқиғаға әкеліп соқтыратын ең көп таралған құқық бұзушылықтар: еңбек қауіпсіздігімен қамтамасыз етпеу, қызметкер нұсқаулығы мен оқыту жұмыстарын өткізбеу, жеке және ұжымдық қорғаныс құралдарымен, сондай-ақ арнайы киім, арнайы аяқ киіммен және т.б. қамтамасыз етпеу.

Құрылыс саласындағы кәсіпорындарда өндірістік жарақатты азайту мақсатында:

- Министрлік әлеуметтік әріптестермен бірлесіп (Атамекен ҰКП және Кәсіподақтар федерациясы) өндірістік жарақаттануды азайтуды және жұмыс орындарындағы қауіпті жағдай бойынша 2019-2023 жылдарға арналған ҚР Жол картасын әзірледі (ҚР Үкіметінің 2019 жылғы 26 маусымдағы № 441 қаулысымен бекітілген). Ол орталық мемлекеттік органдарға, әкімдік және әлеуметтік әріптестерге онда көзделген іс-шараларды жүзеге асыруға жіберілді.
- Өндірістік жарақаттануды азайту бойынша, залал келтіретін және қауіпті еңбек жағдайлары орын алған жұмыс орындары бойынша өңірлік жол картасы қабылданды. 
- Өңірлерде өндірістік жарақаттың көбеюіне мүмкіндік беретін жарақат алу қаупі бар кәсіпорындар анықталды, бұл ретте олардың әрқайсысы бойынша іс-шаралар жоспары әзірленді, ол арқылы ай сайынғы әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі өңірлік үшжақты комиссия отырыстарын бақылауға болады.
Жұмысшылардың еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында қабылданып жатқан шараларға қарамастан, жұмыс беруші оқиғаны саралап, қызметкерлер денсаулығына залал келтіретін қандай да бір қауіпті болдырмау үшін қажетті шараларды жасауы қажет. Ал жұмысшылар өз кезегінде, жұмыс орнында жарақат алмау үшін техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтауы тиіс .

Бөлімдер:
9 тамыз, 2019 - 16:51 өзгертілді
Тәуекелді басқару және еңбек саласындағы профилактиканың жаңа шарттары

2019 жылдың бірінші жартыжылдығында құрылыс саласының кәсіпорындарында жұмыс істейтін 65 жұмыскер зардап шегіп, оның ішінде 12 адам қаза тапты.

Өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда зардап шеккендер саны өңірлер бойынша Ақтөбе облысында көбірек болып, 3-тен 4 адамға дейін жетсе, Нұр-Сұлтан қаласында 7-ден 11-ге дейін, ал Алматы қаласында 6-дан 7 адамға дейін өскен. 

Жазатайым оқиғаларға әкеп соқтыратын, жиі кездесетін бұзушылықтар: еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етпеу, қызметкерлерді оқытудан өткізбеу, жеке және ұжымдық қорғаныс құралдарымен, арнайы киіммен және т.б. қамтамасыз етпеу болып табылады.
Құрылыс саласындағы кәсіпорындарда өндірістік жарақаттануды азайту мақсатында:
- Министрлік әлеуметтік әріптестермен бірлесіп (Атамекен ҰКП және Кәсіподақтар федерациясы) өндірістік жарақатты азайтуды және жұмыс орындарындағы қауіпті жағдай бойынша 2019-2023 жылдарға арналған ҚР Жол картасын әзірледі (ҚР Үкіметінің 2019 жылғы 26 маусымдағы № 441 қаулысымен бекітілген). Ол орталық мемлекеттік органдарға, әкімдік және әлеуметтік әріптестерге көзделген іс-шараларды жүзеге асыруға бағытталған.
- Өндірістік жарақатты азайту бойынша, залал келтіретін және қауіпті еңбек жағдайлары бар жұмыс орындары бойынша өңірлік жол картасы қабылданды. 
- Өңірлерде өндірістік жарақаттың көбеюіне мүмкіндік беретін жарақат алу қаупі бар кәсіпорындар анықталды. Бұл ретте, олардың әрқайсысы бойынша іс-шаралар жоспары әзірленді, сол арқылы олардың нәтижелерін ай сайынғы әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі өңірлік үшжақты комиссия отырыстарын бақылауға болады. 
Жұмыс орындарындағы еңбек жағдайларын жақсарту арқылы жұмыс берушінің жарақат алу қаупін азайтуға болады. Бұл ретте, еңбек қатынастарындағы тараптардың әрқайсысы өндіріс процесінде жауапкершілігін білдіруі тиіс. Бұл туралы жұмыс берушілер, қызметкерлер және олардың өкілдері (кәсіподақтар) ойлануы керек.

Ал құрылыс саласы компанияларындағы еңбек жағдайының қауіпсіздігін қамтамасыз ету ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органдардың тұрақты бақылауында

Тәуекелді басқару және еңбек саласындағы профилактиканың жаңа шарттары

Соңғы уақытта еңбек саласында жаңа тәуекелдерді зерттеуге көп көңіл бөлініп келеді. Зерттеушілер өндірістегі жазатайым оқиғалардың, әсіресе кәсіптік аурулардың пайда болуының жаңа тенденцияларын бақылау және болжау жұмыстарымен айналысуда. 
Мәселен, жақында Еуропалық тәуекелдер обсерваториясы Еуропа одағы жұмыс орындарындағы жаңа қауіптер туралы зерттеу жариялады. 
Кәсіптік тәуекелдердің пайда болуы техникалық жетілдірулерден немесе әлеуметтік және ұйымдастырушылық өзгерістерден туындауы мүмкін, мысалы:
- нанотехнология, биотехнология сияқты жаңа технологиялар мен өндірістік процестер; 
- жаңа еңбек жағдайлары, мысалы: жұмыс көлемінің артуы, штат қысқаруына байланысты қарқынның артуы, еңбек миграциясы үшін нашар еңбек жағдайы, экономиканың бейресми секторында жұмыс істеу;
- жаңа жұмыс түрлері, мысалы: өзін-өзі жұмыспен қамту, аутсорсинг, уақытша келісімшарттар.
Елімізде жұмыс орнындағы қауіп-қатерді азайту мәселесі әлі де өзекті болып қала береді. 
Жұмысшылардың ағзасына зиянды өндірістік факторлардың әсер етуі жұмысшыларда кәсіптік аурудың пайда болуына алып келеді.
Статистика комитетінің мәліметі бойынша, 2018 жылы кәсіпорындарда тексерістен өткен 1,6 миллион жұмысшының 373 мыңы немесе әр төртіншісі (22,3%) зиянды және қауіпті еңбек жағдайында жұмыс жасаған.

Шамамен әрбір екінші жұмысшы (45,4%) шу мен дірілдің жоғары көрсеткіш жағдайында жұмыс істеген. Ал әрбір үшінші жұмысшы (34,4%) газдың ластануы мен шаңның әсері бар жерде еңбек еткен.
85,2 мың адам ауыр физикалық еңбекпен шұғылданған (сауалнамаға қатысқан кәсіпорын қызметкерлерінің 5,1%-ы). 
Осы жылдың бірінші жартыжылдығында зиянды еңбек жағдайындағы жұмыс орындарын қысқарту кезеңінде 941 өндірістік нысан аттестциядан өтті. 
2018 жылғы аттестция нәтижесі бойынша, 676 мың қызметкерге зиянды еңбек жағдайында жұмыс жасағаны үшін 116,3 млрд теңге көлемінде түрлі өтемақы төленді. 
Жоғарыда айтылғандай, қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету жұмыс берушінің өзіне экономикалық жағынан тиімді. Ал қызметкер өз кезегінде тұрақты түрде жұмыс мәдениетін жетілдіріп отыруы қажет.
Кәсіподақтар әлеуметтік диалог арқылы жұмыс беруші үшін де, қызметкер үшін де қауіпсіз орта құруда жеке қызығушылықты дамытуы керек.

Беттер

ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
үздік әлеуметтік жобалар дауыс беру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші