You are here

Жаңалықтар мұрағаты

іс-сапар

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ерлан Әукенов Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында ардагерлермен кездесті, халықты жұмыспен қамту орталығы мен «Жанұя» отбасын қолдау орталығында болды, сондай-ақ облыс аудандары әкімдіктерінің қызметкерлерімен атаулы әлеуметтік көмек тағайындау және әлеуметтік қызмет көрсету мәселелері бойынша селекторлық кеңес өткізді.

зейнетақы

Қаңтар айында 2020 жылға республикалық бюджеттен базалық зейнетақы төлеу үшін 62,1 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы төлемдеріне – 138,4 млрд теңге бағытталды.

2020 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша зейнеткерлер саны 2 млн 222,5 мың адамды құрайды.

Зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері (базалық зейнетақы төлемдерін қоса алғанда) 2020 жылдың 1 ақпанына 90 502 теңгені құрады.

2020 жылдың қаңтарында мемлекеттік еңбек инспекторлары 1,1 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады

2020 жылдың қаңтарында мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 69 кәсіпорында 2,3 мың жұмыскер алдында жалақы бойынша 342 млн. теңгеден аса қарыз бар екенін анықтады. 

Аталған кәсіпорындардың жетекшілеріне орындалуға міндетті 33 нұсқама беріліп, 4 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.   

Қолданылған шаралардың нәтижесінде, сонымен қатар, жалақы бойынша қарызды өтеудің мерзімі мен кестесін қатаң белгілеу арқылы 1,1 мыңнан астам жұмыскердің құқығы қорғалып, нәтижесінде оларға 331 млн теңге төленді.     

БЖТ

2019 жылғы 1 қаңтардан бастап 2020 жылғы 31 қаңтарға дейінгі кезеңде бірыңғай жиынтық төлемді (бұдан әрі – БЖТ ) төлеушілер болып табылатын, бейресми жұмыспен қамтылған 297 мың азамат  жалпы сомасы 924,1 млн.теңгеге 562,3 мың төлем жасады.

Төлемдердің жалпы санынан 166,9 мың төлемді елорданың, республикалық және облыстық маңызы бар қаланың тұрғындары 421,5 млн. теңге сомасына, 395.4 мың төлемді 502,6 млн.теңгеге басқа елді мекендердің тұрғындары жүзеге асырды.

Үйлестіру кеңесі

Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2025 жылға дейінгі ұлттық жоспар шеңберінде жұмысының ашықтығын арттыру мақсатында мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы республикалық кеңес құрамын жаңарту туралы шешім қабылданды. Үйлестіру кеңесінің жаңа мүшелері Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің сайтында онлайн дауыс беру арқылы таңдалады.

Үйлестіру кеңесі 2014 жылы құрылып, құрамы 6 жыл бойы жаңартылмаған.

Әлеуметтік қызметтер порталыны

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі aleumet.egov.kz әлеуметтік қызметтер порталының жұмыс тәртібін реттейтін үш бұйрықты қабылдады. Егер бұрын техникалық оңалту құралдарын (бұдан әрі – ТОҚ) сатып алу мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес жүргізілсе, енді мүгедектер жеке қажеттіліктерін ескере отырып, оңалту құралдары мен қызметтерін өздері таңдай алады. Олар сонымен қатар жеткізушілерді рейтингі, шолулар, ұсынылған тауарлардың бағасы мен сапасына қарай таңдай алады.

Қазақстанда 2019 жылы жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларымен 660 мың адам қамтылды

2019 жылы жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шаралары 660 мың адамды қамтыды, оның 261 мыңы немесе 40%-ы жұмыссыздар, 36%-ы жастар, 2%-ы табысы аз көпбалалы отбасылар. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «2019 жылғы  Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асырудың қорытындылары.

ана мен баланы қолдау

Тәуелсіздік жылдары Қазақстанда Ана мен баланы қолдаудың ұлттық моделі құрылған, ол 8 мемлекеттік жәрдемақы мен 3 төлемнен тұрады. Жалпы алғанда, бұл мақсаттарға 2020 жылы 682,9 млрд теңге қарастырылған.

Мүгедектердің өтініші бойынша оларды оңалту мәселелері туралы бұйрыққа өзгерістер енгізілді

Мүгедектігі бар адамдар жеке көмекшілермен тікелей келісімшарт жасайды және бұл ереже туыстарына да қолданылады. Осы және басқа да өзгерістер ерекше қажеттіліктері бар адамдардың өтініші бойынша ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің «Мүгедектерді оңалтудың кейбір мәселелері туралы» 2015 жылғы 22 қаңтардағы № 26 бұйрығына енгізілді.

АӘК

2020 жылғы 3 ақпандағы жағдай бойынша атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі – АӘК) тағайындауға өтініш 97,5 мың отбасынан қабылданды, оның құрамына 504,3 мың адам кіреді, оның ішінде 323,4 мыңы бала.

Өңірлер бөлінісінде өтініштердің ең көп саны Түркістан облысында – 20,3 мың отбасы, Шымкент қаласында – 14,5 мың отбасы, Алматы облысында – 9,9 мың отбасы, Жамбыл облысында – 8,2 мың отбасы, Қызылорда облысында – 7,4 мың отбасы қабылданды.

Беттер

ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Көп балалы отбасыларға жәрдемақы тағайындау туралы ақпаратты тексеру
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші