You are here

Жаңалықтар мұрағаты

жұмыс тобы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен 2019 жылғы желтоқсанда Жаңаөзен қаласында құрамына Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Ұлттық экономика, Ауыл шаруашылығы, Білім және ғылым министрліктерінің, Маңғыстау облысы әкімдігінің, «Атамекен» ҰКП, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, «ҚазМұнайГаз» ҰК өкілдері кірген Жұмыспен қамту мәселелерін шешу жөніндегі жұмыс тобы құрылып, Жаңаөзен қаласында Кәсіпкерлікті дамыту және жұмыспен қамтуды ынталандыру жөніндегі жол картасын әзірледі және бекітті.

Әлеуметтік-еңбек саласын цифрландыру 3 млрд теңгеден астам қаржы үнемдеуге мүмкіндік берді

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (бұдан әрі – ҚР Еңбекмині) цифрлық жобаларды іске асыру және Мемлекеттік қызметтерді электрондық және проактивті форматқа көшіру арқылы бюджет қаражатын 3,03 млрд теңгеге үнемдеді.

Бұл соманы есептеу кезінде «Электрондық еңбек биржасы» және «Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесі» сияқты жобалар, сондай-ақ электрондық форматқа ауыстырылатын мемлекеттік қызметтер ескерілді.

Қазақстандағы зейнетақы жүйесін одан әрі жетілдіруге қатысты түсініктеме

Мемлекет басшысы 2019 жылғы 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында Үкіметке 2019 жылдың соңына дейін жұмыс істейтін азаматтардың өздерінің зейнетақы жинақтарының бір бөлігін мақсатты пайдалану мүмкіндігі туралы ұсыныс енгізуге тапсырма берген болатын.

АӘК

2020 жылғы 28 қаңтардағы жағдай бойынша атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі – АӘК) тағайындауға өтініш 80,5 мың отбасынан қабылданды, оның құрамына 412,9 мың адам кіреді, оның ішінде 265,6 мыңы бала. Көпбалалы отбасылардың үлесі 40,5 % немесе 32,6 мың отбасын құрайды.

2020 жылы мүгедектерді оңалту құралдары мен қызметтерімен қамтамасыз ету үшін 19 миллиард теңгеден астам қаражат қарастырылған

  

2020 жылы мүгедектігі бар адамдарға техникалық оңалту құралдарын (бұдан әрі – ТОҚ) және оңалту қызметтерін ұсыну үшін 19,1 млрд теңге қарастырылған. ТОҚ және оңалту қызметтерімен қамтылғандардың үлесі ағымдағы жылдың қорытындысы бойынша 300 мыңнан астам адамды құрайды деп жоспарлануда.

Қазақстанда мүгедектігі бар 695 мың адам тұрады, оның ішінде 424 мың адам еңбекке қабілетті жаста, 179,7 мың адам – зейнеткерлік жаста, 91,6 мың адам – 18 жасқа дейінгі балалар.

2020 жылы оралмандарды қабылдау квотасы 1,3 мың адамнан асады

ҚР Үкіметінің қаулысымен оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасы 2020 жылы 1 378 адам болып белгіленген.

Аталған қаулыны қабылдаудың мақсаты ҚР Үкіметі белгілеген өңірлерде оралмандарды оңтайлы орналастыру болып табылады. 2020 жылы квота былайша бөлінді: Павлодар облысы бойынша – 500 адам, Қостанай облысы бойынша – 350, Ақмола облысы бойынша – 258, Шығыс Қазақстан облысы бойынша-150, Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 120.

фэйк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2020 жылы борыш жүктемесін төмендету үшін қосымша қаражат сұрағаны туралы  БАҚ-та жарияланған ақпарат шындыққа сәйкес келмейді.

ҚР азаматтары үшін борыш жүктемесін төмендету 2019 жылы Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жүргізілді және бір реттік акция болды. Аталған акция өткен жылы аяқталды, оның қорытындысы бойынша жалпы сомасы 115 млрд теңгеге 554 мың адам үшін кепілсіз тұтыну кредиттері бойынша берешектер өтелді

Еңбек министрлігі қазақстандықтарды тағы екі әлеуметтік қызметті SMS арқылы алуды ұсынады

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (бұдан әрі – Еңбекмині) азаматтарға қандай да бір мемлекеттік органдарға жүгінбестен SMS арқылы тағы екі қызметті алуды ұсынады. Атап айтқанда, мүгедектік бойынша жәрдемақы тағайындау туралы, сондай-ақ мүгедектік жағдайындағы әлеуметтік төлемдер туралы сөз қозғалып отыр.

2019 жылы Қазақстанға 17,6 мыңнан астам оралман келді

2019 жылы 17 661 этникалық қазақ немесе 9 993 отбасы тарихи отанына оралды және оралман мәртебесіне ие болды. Оралмандардың көпшілігі Қытайдан – 41,5% (7 326 адам), Өзбекстаннан – 40,1% (7 074 адам), Түркменстаннан – 6,5% (1 152 адам), Монғолиядан – 6,2% (1 095 адам), Ресейден – 1,8% (313 адам), 3,9% (701 адам) басқа елдерден келді.

Оралмандардың басым көпшілігі Алматы – 38%, Маңғыстау – 14% облыстарына, Шымкент – 7% және Нұр-Сұлтан – 6% қалаларына қоныстанды.

фэйк

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде таратылған атаулы әлеуметтік көмекті (бұдан әрі - АӘК) тағайындау үшін құжаттарды халыққа қызмет көрсету орталықтарында беруге болатыны туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді.
АӘК тағайындауға өтініштер Халықты жұмыспен қамту орталықтарында және әкімдіктер жанындағы жұмыспен қамту бөлімдерінде қабылданады. Құжаттарды 2020 жылғы қаңтардың соңына дейін тапсыруға болады.

Беттер

ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Көп балалы отбасыларға жәрдемақы тағайындау туралы ақпаратты тексеру
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші