You are here

Үкіметте Жинақтаушы зейнетақы жүйесін дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасының жобасы қаралды

25.11.2004         Үкіметте Жинақтаушызейнетақы жүйесіндамытудың 2005-2007 жылдарғаарналған бағдарламасыныңжобасы қаралды


Астана. 2004 ж. Қарашаның 25-і. ҚазАқпарат.Бүгін ҮкіметтеПремьер-министр Даниал Ахметовтіңтөрағалығымен өткенкеңесте Жинақтаушызейнетақы жүйесіндамытудың 2005-2007 жылдарғаарналған бағдарламасыныңжобасы қаралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Үкіметтіңбаспасөз қызметінесілтеме жасап.
Кеңес барысында айтылғанындай, ҚазақстанныңЖинақтаушы зейнетақыжүйесінің ағымдағыжағдайы мынадай көрсеткіштермен сипатталады.2004 жылғы қарашаның1-дегі жағдай бойынша,жинақтаушы зейнетақықорларында жинақтаушыазаматтардан жиналған455 миллиардтан астам теңге шоғырланған.Қазіргі кезде 6,7 миллионнан астам жеке зейнетақы есебі ашылған, ал таза инвестициялық табыс 107, 4миллиард теңгені құрайды.Бұдан басқа, зейнетақы қорлары менаударуды қосқанда,жалпы құны 25миллиард теңге болатын,міндетті және қайырымдылық зейнетақыжарнасы есебінен зейнетақы төлемі жүзеге асырылған. Өз кезегінде, 2007 жылы зейнетақы қорының көлемі947 миллиард теңгеге жетедідеп болжанған.
Сонымен бірге, кеңеске қатысушы мемлекеттік органдар өкілдерінің, тәуелсізсарапшылардың, сондай-ақ бірқатар басшылардың, ортақ пікірі бойынша, Қазақстанда жұмысістейтін жинақтаушы зейнетақы қорларында,еліміздің зейнетақыжүйесінде қазіргікезде аталған бағдарламаны әзірлеудежаңаша шешімді қажет ететін бірқатар проблема бар.
Қаржы нарығымен қаржы ұйымдарынреттеу және қадағалау агенттігініңтөрағасы Болат Жәмішевтің айтуынша, құжат жинақтаушызейнетақы жүйесінмемлекеттік реттеуді көздейді. Міндетті зейнетақы жарнасын төлеудің тиімділігін арттырудың нақты тетіктерін әзірлеу, мемлекеттік кепілдікті сақтауды жүзеге асыру тәртібін айқындау, төлем кезіндегі инфляция деңгейінесептей отырып енгізілген зейнетақы жарнасын, сондай-ақ салымшылар мен зейнетақы жинағын алушылардың құқығынқорғауды қамтамасызету туралы әңгіме қозғалды.
Бұдан басқа, бағдарламада жинақтаушызейнетақы қорларыпортфеліндегі ұзақмерзімді қаржылыққұралдар үлесінұлғайту мен тізбесінкеңейту, зейнетақыактивтерін басқару тиімділігін арттыру қарастырылады.
Сарапшылардың пікірі бойынша, Қазақстанда жинақтаушы зейнетақы жүйесін дамытудағы басқа маңызды бағыт қаржы салуды жобалауды дамыту болып табылады.Инвестициялауды жобалауды қаржыландырудың баламатүрін кеңейту, сарапшылардың пікірінше, оларды қаржыландыру үшін шығарылғаноблигациялар бойынша мемлекеттік кепілдікті ұсынатын жобалар тізбесін анықтауды заңды жолмен жүзеге асырады.
Ұсынылған ақпаратқатүсініктеме бере отырып, Премьер-министр экономиканыңаталған секторыныңауқымы мен маңызынакелгенде, барлық проблемалы мәселелер бір ғана ұсынылған бағдарламашеңберінде шешіле қоймайтынын атап өтті. Саланың мүддесін қозғайтынмаңызды сипаттарды Үкіметтің өзге бағдарламалық құжатындакөрініс табады. Осыған байланысты Даниал Ахметов жылдың аяғына дейін Үкімет толықтай алғанда, қаржы жүйесін жетілдіруге бағытталған бірқатарбағдарлама әзірлеудіойластырып отырғанын айтты. Атап айтқанда,әңгіме бағалықағаздар нарығындамыту бағдарламасы және әлеуметтік реформаны тереңдету бағдарламасы туралы болды. Үкімет басшысының айтуынша, жинақтаушы зейнетақы жүйесі бойынша бүгін қозғалғанкөптеген мәселеөз шешімін табады.
Дегенмен, ұсынылғанқұжаттың жетістігімен кемшілігі туралы айта келе, Премьер-министр құжатты әзірлеушілерназарын бағдарлама аясында еліміздің жұмысқа қабілеттіхалқының жинақтаушызейнетақы жүйесіндекең көлемде қамтылуын қамтамасыз етуге бағытталған қажетті әзірлемелерге,нақты шаралар жүйесіне аударды. Бұл тұрғыдағымазалайтын жәйт, тұрғындардың «өзібетінше жұмыс істеуші» бөлігіне қатысты болып отыр. Үкімет басшысының сөзіне қарағанда, бұл мәселені елемеушілік немесе жеткілікті көңіл бөлмеушілікорын алғандықтан,перспективалық тұрғыдаедәуір әлеуметтіксалдары болуда. Халықтың біраз бөлігініңжинақтаушы зейнетақыжүйесіне қатыспайқалуы, ақыр соңында, бұл мемлекет бюджетіне 10-15 жылдан кейін ауыр тиюімүмкін, деп атап өтті Даниал Ахметов. Аталған проблеманы шешуге бағытталған ұсыныс,оның пікірінше, зейнетақы жинақтары жүйесін құру жағдайында азаматтар үшін тартымды болып, олардың ресми есеп шеңберіндежоқ қаражатымен табысын жинақтаушызейнетақы жүйесінеаударуын ынталандырғанболар еді.
Кеңес соңындаПремьер-министр бағдарламаны әзірлеушілерге айтылғанбағыттарды ескере отырып, екі аптамерзімде жобаны пысықтауды қамтамасызетуді тапсырды, ол содан кейінбарып Үкімет мәжілісінде қаралады.

www.inform.kz сайтының  басылымы

25 қараша, 2004 - 00:00 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші