You are here

Заң жобасы Сенаттың қарауына жіберілді

Заң жобасы Сенаттың қарауына жіберілді

АСТАНА. Маусымның 22-сі. ҚазАқпарат /Қанат Тоқабаев/ - Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында Палата депутаттары халықты «Жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын мақұлдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жобаның негізгі мақсаттары мен міндеттері - жұмыспен қамту саласындағы қатынастарды реттейтін заңнаманы одан әрі жетілдіру, заңның нормаларын халықаралық тәжірибеге сәйкес келтіру болып табылады. Тұжырымдамалық өзгерістер мен толықтырулар жұмыссыздарды нысаналы топтардағы халықтың есебінен жұмысқа орналастыруды ұйымдастыру үшін жергілікті бюджет қаражатынан әлеуметтік жұмыс орындарын құруға байланысты.

Заң жобасы бойынша жұмыс тобы өткізген отырыстарда құжатқа 29 түзету енгізіліп, олардың барлығы қабылданды. Ал, тұтастай алғанда, осы өзгерістер ұғымдық аппаратты нақтылауға, өкілетті органның ролін және жұмыспен қамту агенттіктерінің жауапкершілігін арттыруға бағытталған. Мәжіліс депутаттары мақұлдаған құжат Сенаттың қарауына жіберілді.

22 маусым, 2005 - 00:00 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші