You are here

Сенаторлар министрлермен кездестi

Сенаторлар министрлермен кездестi

Егемен Казакстан (Астана), № 66 (24643), 14.03.2007г.

Сенаторлар министрлермен кездестi /Cоб. Инф./

Кеше Парламент Сенатының депутаттары Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі ( Министерство труда и социальной защиты населения) Гүлжан Қарағұсовамен кездесіп, Мемлекет басшысының ақпан айындағы халыққа Жолдауында айтылған қазақстандықтардың өмір деңгейін көтеру мәселелерін талқыға салды.

Әлеуметтік жаңғырулардың негізгі қорытындылары туралы айта келіп, министр елімізде халықтың мұқтаждары мен сұраныстарына жауап бере алатын әлеуметтік қамсыздандырудың жаңа жүйесі жасалғанын және оның дамып келе жатқанын атап өтті. Қазіргі кезде осы саладағы шығын мөлшері үш еседен астам өсіп, биыл 430,8 миллиард теңге болды. Бұл өз кезегінде ең төменгі мемлекеттік стандарттарды көтеруге мүмкіндік беріп отыр.

Әлемдегі ізгі міндеттердің бірі болып табылатын ана мен баланы қорғау еліміздің Ұлттық стратегиясындағы маңызды басымдықтардың бірі. Атаулы әлеуметтік көмек, баланың дүниеге келуіне байланысты бір жолғы жөргекпұл беру өткен жылғы балалы отбасыларды қолдаудың тұтас жүйесін толықтырды. Кедейшілік деңгейі едәуір төмендеді. Ол сонымен қатар, кедейліктен арылуға, жұмыссыздықтың алдын алуға, қолданыстағы атаулы әлеуметтік көмек жүйесін жақсартуға бағытталған белсенді тәсілдер шараларына да байланысты. Әлеуметтік саланы дамыту бұрынғыша басым сала болып қала береді, алдағы жылы тиісті міндеттерді шешуге 108 миллиард теңге бөлінеді.

Сенаторлардың сауалдарына жауап бере келіп, Гүлжан Қарақұсова, әсіресе, зиянды және ауыр еңбек жағдайына орай 1998 жылғы 1 қаңтарда өтілі толғандарға қолдау ретінде зейнетақы жинағын сақтау жөніндегі мемлекеттік кепілдікті қамтамасыз етуге катысты зейнетақы жинақтаушы жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелеріне назар аударды. Министр жаңа жұмыс орындарын ашуға, бәсекеге қабілетті еңбек ресурстарын дамытуға, жұмыссыздарды әлеуметтік қорғаудың белсенді тәсілдерін пайдалануға басымдық берілетін еңбекке тарту шараларын жүзеге асыруға байланысты қыруар жұмыстар күтіп тұрғанын айтты.

Материал «Медиа-Систем» Агенттігінен Еңбек министрлігінің

Ақпараттық -Талдау  Орталығы тапсырысы бойынша алынған

14 наурыз, 2007 - 00:00 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
Көп балалы отбасыларға жәрдемақы тағайындау туралы ақпаратты тексеру
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші