You are here

Ұлттық жоспар жобасын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобы мен Мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы Үйлестіру кеңесінің бірлескен отырысы жөнінде

Ұлттық жоспаржобасын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобы мен Мүгедектердіәлеуметтік қорғау саласындағы

 Үйлестіру кеңесініңбірлескен отырысы жөнінде

            АСТАНА. Наурыздың 24-і. ҚазақстандағыБҰҰ Даму Бағдарламасының қолдауымен Мүмкіндіктерішектеулі адамдардың құқықтарынқамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсартужөніндегі ұзақ мерзімді перспективаға арналғанұлттық іс-қимыл жоспарыныңжобасын әзірлеу жөніндегі Жұмыс тобы мен Мүгедектердіәлеуметтік қорғау саласындағы Үйлестірукеңесінің бірлескен отырысы болып өтті.

            Жұмыс тобы менҮйлестіру кеңесінің негізгі міндеттері - мүгедектердіәлеуметтік қорғау мәселесі бойынша ұсыныстар менұсынымдар әзірлеу, орталық және жергіліктіатқарушы органдардың, ұйымдар мен қоғамдықбірлестіктердің мүгедектерді әлеуметтік қорғаудықамтамасыз ету, оларға өмір сүруге жәнеқоғамға кірігуге тең жағдай жасау мәселесібойынша өзара қарым-қатынасын қамтамасыз ету. 

Нью-Йорк қаласында 2006 жылғы 13желтоқсанда Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясықабылдаған «Мүгедектердіңқұқықтары туралы конвенцияны және Мүгедектердіңқұқықтары туралы конвенцияның Факультативтікхаттамасына қол қою туралы» Қазақстан РеспубликасыныңПрезиденті 2008 жылғы 11 желтоқсанда № 711 жарлыққақол қойды.

Мүгедектердіңқұқықтары туралы конвенцияны ратификациялаупроцесінің жолдары мен мерзімін анықтау мақсатында төмендегідей5 бағытты қарастыратын Мүмкіндіктері шектеуліадамдардың құқықтарын қамтамасыз етужәне өмір сапасын жақсарту үшін ұзақмерзімді перспективаға арналған Ұлттық жоспардыңжобасы әзірленді:

1) мүгедектердің негізгі тіршілікәрекеті саласындағы объектілерге қол жетімділігінқамтамасыз ету;

2) мүгедектердің негізгі тіршілікәрекеті саласындағы қызметтерге қол жетімділігінқамтамасыз ету;

3) мүгедектерді әлеуметтікқорғау, оңалту жүйесін жетілдіру жәнеоңалту және арнаулы әлеуметтік қызметтердіңтиімділігін арттыру;

4) мүгедектердің мәселелері туралыхалықты ақпараттандыру деңгейін арттыру;

5) статистика және мәліметтердіжинақтау.

Бірлескен отырысқа Жұмыс тобы менҮйлестіру кеңесінің мүшелері – ҚР Еңбекжәне халықты әлеуметтік қорғау министрі Г.Әбдіқалықова, орталық атқарушы мемлекеттікоргандардың вице-министрлері, облыс әкімдерініңорынбасарлары, халықаралық ұйымдардың өкілдеріжәне мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерініңтөрағалары) қатысты.

Іс-шара барысында Мүмкіндіктері шектеуліадамдардың құқықтарын қамтамасыз етужәне өмір сапасын жақсарту үшін ұзақмерзімді перспективаға арналған Ұлттық жоспаржобасының тұсаукесері болды.

Сонымен қатар, аталған жобаны іске асырумәселелері бойынша Жұмыс тобы мүшелерінің – білімжәне ғылым, көлік және коммуникация, байланысжәне ақпарат, ішкі істер министрліктерінің,құрылыс және тұрғын үй-коммуналдықшаруашылық істері агенттігінің есептері, сондай-ақүкіметтік емес ұйымдар өкілдерінің баяндамалары тыңдалды.

24 наурыз, 2011 - 00:00 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші