You are here

Мәжілісте әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері жөніндегі заң жобасы таныстырылды

В Мажилисе презентовали законопроект

Астана. Мәжіліс Үйі. 21 ақпан. Бүгін, Мәжілісте «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заң жобасының таныстырылымы болды.

Отырысты Палатаның Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрайымы Дәриға Назарбаева «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бойынша жұмыс өткен шақырылымның депутаттарымен 2011 жылғы қыркүйек айыннан басталған. Сол кездері жұмыс тобының бірнеше отырыстары өткізілді, заң жобасына жолданған 100-ден астам ұсыныстары бар салыстырмалы кесте жасалынды.

Заң жобасының негізгі тұжырымдамалық нормаларын айта кетейін, ол - зейнетақымен қамсыздандыру туралы және міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы қолданыстағы заңнаманы одан әрі жетілдіру және міндетті әлеуметтік сақтандырылуға тиіс адамдарды әлеуметтік қорғау, олардың өмір сүру сапасы мен деңгейін жақсарту.

Қазіргі уақытта заң жобасы бойынша Мәжілістің барлық комитеттерінен қорытынды алынды, ал жекелеген депутаттардан ұсыныс пен ескертулер әлі де түсіп жатыр.

Комитет қаулысымен жұмыс тобының құрамы бекітілді, оның жетекшісі, біздің комитеттің мүшесі Светлана Ферхо болды»,- деп хабарлап, құжат бойынша баяндап беру үшін сөз кезегін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Гүлшара Әбдіқалықоваға берді.

«Мемлекет басшысы биылғы жылғы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» Жолдауында әлеуметтік саланы дамытуға ерекше көңіл бөлді. Қазіргі таңда еліміздегі қайта құрулардың нәтижесінде мемлекет, жұмыс беруші мен қызметкердің жауапкершілігін оңтайлы түрде бөлуге негізделген әлеуметтік қамсыздандырудың толыққанды көп деңгейлі жүйесі құрылды»,- деп бастаған министр «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» құжатпен таныстыра жөнелді. Заң жобасын әзірлеу: зейнетақымен қамсыздандыру және міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы қолданыстағы әлеуметтік заңнамадағы кемшіліктерді жою қажеттігінен туындап, зейнет жасындағы адамдарды, сондай-ақ міндетті әлеуметтік сақтандыруға жататын адамдарды әлеуметтік қорғауға, және олардың өмір сүру сапасы мен деңгейін одан әрі жақсартуға бағытталып отыр.

2011 жылы осы Заң жобасын Парламент Мәжілісінің төртінші шақырылымының депутаттары талқылаған болатын. 

Заң жобасында «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы», «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы», Салық кодексіне, «Төлемдер мен ақша аударымдары туралы» заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделеді.

Заң жобасында қарастырылып отырған басты тұжырымдамалық өзгерістер: «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңның ҚР Үкіметінің құзыреті бөлігінде Заңның сілтеме нормаларын азайту мен тікелей қызмет ететін нормаларын белгілеу, аннуитеттік сақтандыруды дамыту, жұмыс берушілердің МЗЖ уақытылы аударуы және аударылған МЗЖ және зейнетақы төлемдерін республикалық бюджетке қайтаруы бойынша талаптарды орындау үшін жауапкершілігін күшейту жайлы бөлігіне өзгерістер енгізіледі. Ал, «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Заңның Үкіметтік құзыреті бөлігінде Заңның сілтеме нормаларын азайту мен тікелей қызмет ететін нормаларын белгілеу, ЗТМО-ның мемлекеттік монополия саласына жатқызылуына байланысты оның функцияларын нақтылау және кеңейту, әлеуметтік төлемдердің сәйкестігін және МӘСҚ қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында міндетті әлеуметтік сақтандыру параметрлерін жетілдіру, қор активтерін инвестициялық басқару құқығын беру арқылы МӘСҚ функцияларын кеңейту бөлігіне өзгерістер енгізіледі. ҚР Салық кодексінің «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Заңға сәйкес өндіруге жол берілмейтін банк шоттарында тұрған ақшалардың есебінен салық берешегін төлетуге тыйым салуды енгізу бөлігіне, «Төлемдер мен ақша аударымдары туралы» Заңның ҚР Салық кодексінің нормаларына сәйкестікке келтіру мақсатында инкассалық басқару негізінде салық органдарының МЗЖ бойынша берешекті өндіру өкілеттігін алып тастау бөлігіне өзгерістер енгізу көзделіп отыр»,- деді министр. 

Заң жобасына қатысты депутаттар: А.Самақова, М.Тінікеев, Ә.Тойбаев, Г.Исімбаева, С.Оспанов, Б.Сорокин, Г.Сейтмағанбетовалар сұрақ қойды.

 

21 ақпан, 2012 - 19:16 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші