You are here

Үкіметтік жұмыс тобы Қарағанды облысына сапар жасады

Үкіметтік жұмыс тобы Қарағанды облысына сапар жасады

Вице-премьер Ербол Орынбаев бастаған жұмыс тобы бүгін Қарағанды облысына жұмыс сапарын жасады. 
Түске дейін жұмыс тобы бірқатар өндірістік және әлеуметтік нысандарды аралады. Қарағандыда Е.Орынбаев рексил, кремний мен оның қоспаларын шығарумен, электр және жылу энергиясын өндірумен айналысатын «Кенжер» АҚ-ның жұмысымен танысты.
Ал Теміртау қаласында вице-премьер «Ast Etalon Crown» ЖШС-інде болды. Бұл кәсіпорын кронен тығынын шығарумен, қаңылтыр құтылар шығаруда пайдаланылатын лакталған ақ қаңылтыр шығарумен айналысады. 
Өңдеу өнеркәсібі саласындағы кәсіпкерлік субъектілерін қолдаудың «Даму-Өндіріс» бағдарламасының аясында аталмыш кәсіпорынның 175,8 млн. теңге сома несиесі қайта қаржыландырылды. 2010-2011 жылдары «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша «Ast Etalon Crown» серіктестігінің 922 млн. теңге несиелік желісі субсидияланды. 
Вице-премьер сондай-ақ Теміртау политехникалық колледжінде болды. 2011 жылдың 1 қыркүйегінен бастап колледжде «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасының 20 қатысушысы «техник-механик» мамадығы бойынша оқып жатыр. Олар 2 жыл 10 ай оқиды.
Жұмыс тобы Теміртауда сондай-ақ «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасына қатысушыларға қолдау көрсетіп отырған қалалық жұмыспен қамту орталығында болды.
Премьер-министрдің орынбасары Қарағанды облысына жұмыс сапарының барысында Жұмыспен қамту бағдарламасының аймақтағы іске асырылу барысы туралы аудан әкімдерінің есептерін тыңдады.
Және Ербол Орынбаев Теміртаудағы ҚР Тұңғыш Президентінің Тарихи-мәдени орталығында болды.
2012 жылы «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасының іс-шараларын іске асыруға 3 млрд. жуық теңге қарастырылып отыр. Бағдарламаның І бағытының аясында 619 адам ауыл шаруашылығында, қызмет көрсету, құрылыс салаларында сұранысқа ие мамандықтар бойынша оқуға жіберіледі. Тұрмысы төмен жандарға арналған 377 әлеуметтік жұмыс орнын құру, жастар тәжірибесі үшін -679 орын құру жоспарлануда.
ІІ бағыт бойынша Бағдарламаның қатысушыларына өз істерін ашуға немесе кеңейтуге берілетін шағын несиелерге 763,5 млн. теңге бөлінсе, 509 адамға кәсіпкерлік негіздерін оқып-үйретуге 27,9 млн. теңге қарастырылып отыр.
Ал III бағыт бойынша ағымдағы жылы 49 көппәтерлі және жеке тұрғын үйлердің құрылысы аяқталмақ, бұл жұмыстарға 1,2 млрд. теңге сома қарастырылған. Құрылыстары аяқталған соң, бұл үйлерге депрессивті елді мекендерден 1122 отбасы көшіріп әкелінеді.
Бағдарламаның жаңадан қосылған төртінші бағыты - «Ауылдық елді мекендердің инфрақұрылымдарын дамыту» бағыты бойынша 947 жұмыс орнын құруға 946,9 млн. теңге бөлу жоспарлануда.
Вице-премьер Ербол Орынбаев бастаған жұмыс тобы сондай-ақ «Фитохимия» халықаралық ғылыми-өндірістік холдингіне болды. Бұл кәсіпорын дәрілік препараттар шығарумен және ғылыми қамтымды фармацевтикалық технологияларды жобалаумен айналысады.
Холдинг жылына 2 млн. астам ампула, 150 млн. таблетка мен капсулалар, бірегей фитопрепараттардың 43 аталымы бойынша 2 млн. жұмсақ дәрілік құтылар шығарады. Фармацевтикалық кешеннің үшінші кезеңінің құрылыс жобасы Индустрияландыру картасына енгізілген, ал кәсіпорынның инфрақұрылым нысандары «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында салынған.
Сапарды қорытындылаған Е.Орынбаев, «Қарағанды облысы жұмыс орындарын құру көрсеткіші бойынша, «Бизнестің жол картасы» бойынша елімізде көшбасшы өңір болып табылатынын» атап өтті.
«Ең көп жаңа жоба Қарағанды облысында құрылуда, осының арқасында жаңа жұмыс орындары көптеп ашылуда», -деді вице-премьер журналистерге берген сұхбатында.
«Бизнестің жол картасы -2020» бағдарламасының аясында Қарағанды облысында жалпы сомасы 16,1 млрд. теңге несиенің 82 жобасы мақұлданды, 9,4 мың жұмыс орны сақталды және 1800 жаңа жұмыс орны құрылды. «Бизнестің жол картасы -2020» бағдарламасы іске асырыла бастағалы бері аймақтық үйлестіру кеңесі несиелерді субсидиялау және кепілдендіру, инфрақұрылымдар тарту туралы 155 жобаны мақұлдады. Үйлестіру кеңесі сондай-ақ Бағдарламаның бірінші және екінші бағыттарының аясындағы несиелер бойынша сыйақыларды субсидиялауға 29,9 млрд. теңге сома несиенің 131 жобасын мақұлданды.
 

16 сәуір, 2012 - 10:39 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші