You are here

Зейнетақы жүйесін жаңғыртуға байланысты арнайы заң жобасы ҚР Парламенті Сенатының қарауына өткендігін ресми түрде жариялайды

 

   Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі зейнетақы жүйесін жаңғыртуға байланысты арнайы заң жобасы ҚР Парламенті Сенатының қарауына өткендігін ресми  түрде жариялайды.

   ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің сайтында «ҚР Зейнетақымен қамтамасыз ету туралы» және «ҚР Зейнетақымен қамтамасыз ету бойынша заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» алғашқы заң жобасын қайтарып алу туралы қаулы жарияланды. Журналистер мен сайт оқырмандарын  ескі заң жобасы қайтарылып, аралық ведомстволық жұмыс тобы мен Парламент қарауында болып, қайта таныстырылғандығына назар аударуларыңызды сұраймыз.

   2013 жылдың 1 сәуірінде бұл жобалар қайта өңделу үшін Үкіметке жіберілген болатын. Ондағы жұмыс тобы өзгерістерді ескере отырып, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын құру туралы бабтан өзге, Зейнетақы жүйесін біріздендіруге және ауыр және зиянды жұмыс жағдайларында жұмыс істейтін тұлғаларға міндетті кәсіптік зейнетақылық салымдарына қатысты өзгерістер енгізілді.  

   Сосын, ҚР Үкіметінің қаулысымен 2013 жылғы 2 сәуірден № 318 және 319 «ҚР Зейнетақымен қамтамасыз ету туралы» заң жобасын және «ҚР Зейнетақымен қамтамасыз ету бойынша заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Парламент Мәжілісінің палатасының қайта қарауына енгізілді.   2013 жылды 24 сәуірінде кіші палатаның екінші оқылымында ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттары заң жобасын мақұлдады. 

22 мамыр, 2013 - 16:44 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші