You are here

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кейбір бұйрықтарына

өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

 

 

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбек            көші-қоны мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»                     2013 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру  жөніндегі шаралар туралы» 2014 жылғы 31 қаңтардағы №7-р Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі өкімінің 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1.  Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің енгізілетін кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтыру бекітілсін.

2.  Қазақстан Респубикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон комитеті (С.Е. Аманбаев):

        1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның ресми жариялануын;

        2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3.  Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Қ.Б. Әбсаттаровқа жүктелсін.

4.  Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Министр                                                                                       Т. Дүйсенова

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің

2014 жылғы 10 ақпандағы

№ 32-ө бұйрығымен

бекітілген

 

 

 

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің енгізілетін кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтыру

 

1. «Этникалық қазақтарды және олардың отбасы мүшелерін оралман мәртебесін алғанға дейін олардың қалауы бойынша уақытша орналастыру орталықтарына алғашқы қоныстандыру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2013 жылғы 22 шілдедегі № 328-Ө-М бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8599 тіркелген, 2013 жылғы 24 тамыздағы         № 197 «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған):

        көрсетілген бұйрықпен бекітілген Этникалық қазақтарды және олардың отбасы мүшелерін оралман мәртебесін алғанға дейін олардың қалауы бойынша уақытша орналастыру орталықтарына алғашқы қоныстандыру қағидаларында:

1-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

«Осы Этникалық қазақтар мен олардың отбасы мүшелерін оралман мәртебесін иеленгенге дейін олардың талаптары бойынша уақытша орналастыру орталықтарында бастапқы орналастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң)  24-бабының 1-тармағына сәйкес әзiрлендi және этникалық қазақтар мен олардың отбасы мүшелерiн уақытша орналастыру орталықтарында бастапқы қоныстандыру тәртiбiн және болу мерзімдерін айқындайды.

Осы Қағидалардың күші оралмандарды орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 5-тармақшасына сәйкес айқындаған өңірлерге келген этникалық қазақтар мен олардың отбасы мүшелеріне қолданылады.»;

3-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Орталыққа алғашқы қоныстандыру үшін этникалық қазақ өзіне және отбасы мүшелеріне Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алуға өтініш бергені туралы ішкі істер органдарының растайтын құжатымен қоса, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша халықтың көші-қоны саласындағы жергілікті атқарушы органға өтініш береді.»;

11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«11. Этникалық қазақ пен оның отбасы мүшелері Орталықта 3 айдан аспайтын уақытта, оралман мәртебесін алғанға дейін тұрады.».

2. «Оралмандар мәртебесін беру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2013 жылғы 22 шілдедегі № 329-Ө-М бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8624 тіркелген, 2013 жылғы 27 тамыздағы          № 198 «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған):

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Оралман мәртебесін беру қағидалары осы тізбеге қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

3. Оралмандарды бейімдеу және ықпалдастыру орталықтары қызметінің қағидаларын және Уақытша орналастыру орталықтарының қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2013 жылғы 22 шілдедегі № 330-Ө-М бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8601 тіркелген,                                     2013 жылғы 27 тамыздағы № 198 «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған):

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Оралмандарды бейімдеу және ықпалдастыру орталықтары қызметінің қағидаларында:

2-тармақтың 2-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«2) оралман – тарихи отанында тұрақты тұру мақсатында Қазақстан Республикасына келген және Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының         5-тармақшасына сәйкес айқындайтын өңірлерге қоныстандырылатын және Заңда белгіленген тәртіппен тиісті мәртебе алған, Қазақстан Республикасы егемендік алған кезде одан тыс жерде тұрақты тұрған этникалық қазақ және оның Қазақстан Республикасы егемендік алғаннан кейін одан тыс жерде туған және тұрақты тұрған ұлты қазақ балалары.»;

5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«5. Орталықта уақытша негізде тұру үшін оралмандар, сондай-ақ олардың отбасы мүшелері тегін орналастырылады.»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Уақытша орналастыру орталықтары қызметінің қағидаларында:

5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«5. Орталықта уақытша тұру негізінде этникалық қазақтар, сондай-ақ олардың отбасы мүшелері (оралман мәртебесін алғанға дейін, бірақ 3 айдан аспауға тиіс) тегін орналастырылады.».

4. «Оралмандар мен олардың отбасы мүшелерінің Оралмандарды бейімдеу және ықпалдастыру орталығында тұру мерзімдері мен қағидаларын, сондай-ақ оралмандар мен олардың отбасы мүшелеріне бейімдеу және ықпалдастыру қызметтерін көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2013 жылғы 22 шілдедегі    № 331-Ө-М бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 86000 тіркелген, 2013 жылғы 27 тамыздағы № 198 «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған):

 

 

 

1-қосымшада:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Оралмандар мен олардың отбасы мүшелерінің оралмандарды бейімдеу және ықпалдастыру орталықтарында тұру мерзімдері мен қағидаларында:

        3-тармақтың екінші бөлімін мынадай редакцияда жазылсын:

        «Жолдама тек өзіне және өтініште көрсетілген кәмелеттік жастағы отбасы мүшелеріне Қазақстан Республикасының ықтияр хатын алуға тапсырылған өтініші туралы ішкі істер органының талоның тапсырған жағдайда ғана беріледі.».     

        15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

        «15. Өтініш берушілердің Орталықта тұруы орналасқан күннен бастап алты ай ішінде жүзеге асырылады.»;

        2-қосымшада:

        көрсетілген бұйрықпен бекітілген Оралмандар мен олардың отбасы мүшелеріне бейімдеу және ықпалдастыру қызметтерін көрсету қағидаларында:

        1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

        «1. Осы Оралмандар мен олардың отбасы мүшелерінің оралмандарды бейімдеу және ықпалдастыру қызметтерін көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 24-бабы 2-тармағына сәйкес әзірленді және  оралмандарды бейімдеу және ықпалдастыру орталықтарында (бұдан әрі – Орталық) оралмандарға және олардың отбасы мүшелеріне бейімдеу және ықпалдастыру қызметтерін көрсету тәртібін айқындайды.»

        2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«2) оралман – тарихи отанында тұрақты тұру мақсатында Қазақстан Республикасына келген және Заңның 8-бабы 5) тармақшасына сәйкес өңірлерге қоныстандырылатын және Заңда белгіленген тәртіппен тиісті мәртебе алған, Қазақстан Республикасы егемендік алған кезде одан тыс жерде тұрақты тұрған этникалық қазақ және оның Қазақстан Республикасы егемендік алғаннан кейін одан тыс жерде туған және тұрақты тұрған ұлты қазақ балалары.

24 сәуір, 2014 - 10:35 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші