You are here

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде Көші-қон комитетінің төрағасы С.Аманбаев және Төраға орынбасары А.Қаржаубаевтың қатысуларымен өткен бұқаралық ақпарат құралдары үшін брифинг отті

Бүгін ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде Көші-қон комитетінің төрағасы С.Аманбаев және Төраға орынбасары А.Қаржаубаевтың қатысуларымен өткен бұқаралық ақпарат құралдары үшін брифинг болды. Брифинг  үстінде ҚР көші-қон заңнама Тұжырымдамасының жобасы ұсынылды.

Тұжырымдама негізгі үш бағытты қамтиды:

1.  Ішкі көші-қон

«2020 Жол картасы» бағдарламасының аясында мемлекеттің тарапынан көрсетілетін әлеуметтік пакеті кеңейтіледі: мемлекет  жұмыс күші мол аймақтардан еңбекке жарамды халқының саны тапшы аймақтарға көшіп барған азаматтарды жұмысқа орналастыру және баспанамен (қызметтік пәтер немесе жатаққана) қамтасыз ету үшін қолдау көрсетеді. Сонымен қатар, біржолғы субсидия төленеді (бес адамнан тұратын қоныс аударған отбасына төленетін 190 ең төменгі күнкөріс есебінен).

2.  Этникалық көші-қон

Тұжырымдама жобасына сәйкес этникалық қазақтардың Қазақстан Республикасына   келу жағдайын біріздендіреді және жеңілдетіледі. Міндетті түрде тұруға ықтиярхат алған кезде  этникалық қазақтарға қоныстанған өңірлеріне қарамастан оралман мәртебесін беру қарастырылған. Шетел азаматтарына қарағанда, этникалық қазақтар тұруға ықтиярхатты көші-қон полициясына жүгініп, төлем қабілеттілігін растамай алады. Оралмандардың ҚР азаматтығын алу мерзімін бір жылға дейін қысқарту көзделеді. Этникалық қазақтар оралман мәртебесін алысымен ҚР азаматтығын  алу үшін құжаттарын тапсыруға міндетті. Оралман мәртебесін алған күннен бастап бір жыл ішінде Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға өтініш білдірмеген жағдайда, олардың елімізге келуі шетел азаматтарының келуімен барабар болады.

Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге қоныстанған не күнтізбелік бір жыл ішінде  өзге өңірлерден Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге көшкен жағдайда, этникалық қазақтардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жөніндегі белсенді шаралар шеңберінде әлеуметтік қолдау пакетін алуы қарастырылған.

3.  Сыртқы көші-қон

Тұжырымдама Қазақстанда жоғары білікті мамандардың ашық нарығын қалыптастырудың бір қатар механизмдерін ұсынады:

1. Өндеу өнеркәсібі, аграрлық-өнеркәсіптік кешен және геологиялық барлау кәсіпорындарына капитал салатын транснационалдық компаниялар үшін ерікті орын ауыстыру принципі қарастырылған. Сонымен бірге, қазақстандық мамандарды жұмысқа алу және оқыту жөніндегі шетелдік инвесторларға койылатын талап сақталады.

2. Дефицит мамандар тізімін, оларға қатысты біліктілік талаптарымен қатар әлеуетті жұмысшыларды балдық сынау жүйесін еңгізу ұсынылады. Аталған тізім аясында талап етілген шетелдік мамандар үшін Қазақстанда жұмыс істеуге уақытша рұқсатнама беру (3 жылға) қарастырылған.

3.  Қазақстанның жоғарғы оқу орындарында дарынды шетелдік студенттер үшін оқу гранты жүйесін енгізу (Сингапур, Малайзия, Ұлыбританияның тәжіребесіне сәйкес)  және олардың жұмысқа орналастыруы қарастырылған. 

2 маусым, 2014 - 17:55 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші