Астанада «KIOSH-2015» халықаралық конференциясы және көрмесі ашылды | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
X
egov

You are here

Астанада «KIOSH-2015» халықаралық конференциясы және көрмесі ашылды

Бүгін Астанадағы «Көрме» орталығында ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің қолдауымен Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне орай V Қазақстандық халықаралық конференциясы мен Еңбекті қорғау және өндіріс қауіпсіздігі жөніндегі «KIOSH-2015» көрмесі жұмысын бастады.

Конференцияның мақсаты – кәсіпорындарда жарақаттың азаюына, өндіріс нысандарында апат қаупін төмендетуге, қоғамға және қоршаған ортаға тигізетін шығынды азайтуға, кәсіби аурулардың алдын-алуға, еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған мемлекеттік органдардың, бизнестің және қоғамдық ұйымдардың күш-жігерін біріктіру.

Іс-шараға  ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің, ҚР Кәсіподақтар Федерациясының, ҚР кәсіпкерлерінің «Атамен» ұлттық палатасының, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының, Халықаралық еңбек ұйымының, Ресей, Монғолия, Қырғызстан еңбек инспекцияларының өкілдері және т.б. қатысты.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің төрағасы Ақмәди Сарбасов конференция барысында мемлекеттік органдардың, жұмыс берушілердің және кәсіподақтардың тығыз өзара-әрекетестігінің маңыздылығын атап өтті.

Ақмәди Сарбасов, жұмысқа байланысты оқыс оқиғаларды талдау нәтижесі көрсеткендей, өндірісте жыл сайын 2 мыңнан астам оқыс оқиғалар орын алатындығын, оның ішінде 300-і өлімге әкелетіндігін, сонымен бірге өлімнің 70%-дан астамы жұмыс берушілердің кінәларынан туындайтынын атап өтті. Өндірістік жарақаттың ең жоғарғы көрсеткіші Қарағанды облысына тиесілі (275 адам), Шығыс Қазақстан облысында (228 адам), Қостанай (171 адам), Павлодар (170 адам), Ақтөбе облыстарында (137 адам) және Алматы қаласында (145 адам). Ең көп зардап шеккендер құрылыс саласында– 407 адам және тау-кен металлургия кешенінде -298 адам.  

2014 жылы мемлекеттік еңбек инспекторларының тексеруі барысында еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі саласында анықталған бұзушылықтар бойынша 1659 нұсқама беріліп, 113 млн. теңгеге 1622 айыппұл салынды.

Жұмыскерлердің өмірі мен денсаулығына төнген қауіп-қатерге байланысты анықталған бұзушылықтарды жоюға дейін 46 өндіріс нысандарының, 107 бірлік жабдықтар мен механизмдердің жұмысы тоқтатылды және 1495 лауазымды тұлға қызметінен босатылды.

Құқық қорғау оргадарына 1856 материал жіберіліп, оның ішінде 159-ы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Төраға, еңбекті қорғау және қауіпсіздік жағдайларын жақсарту мақсатында соңғы 5 жылда жұмыс берушілер 12 мыңға жуық өндіріс нысандарында еңбек жағдайлары бойынша аттестациялау жұмысын жүргізгенін, 1,14 мыңнан астам кәсіпорын еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі бойынша халықаралық стандарттарды енгізгенін айтып өтті.

Сондай-ақ Ақмәди Сарбасов, 2014 жылы Қазақстан Халықаралық еңбек ұйымының «Еңбек қауіпсіздігі мен гигиенасына ықпалдасатын негіздер туралы» конвенциясын бекіткенін еске салды. Оның ережелеріне сәйкес әрбір жұмыс орнында кәсіби қауіптерді басқару жүйесін енгізу үшін жағдай жасау қажет. Осыған байланысты, ҚР ДСӘДМ мүдделі мемлекеттік органдар және әлеуметік әріптестермен бірлесіп Еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету және еңбекті қорғау жөнінде кешеңді жоспар әзірлеуде.  

Бұл жоспар:

- кәсіби қауіптерді бағалауға және басқару жүйесін енгізуге бағытталған үздік әлемдік тәжірибемен үндестірілген нормативтік актілер жүйесін құруға;

кәсіби қауіптерді басқару жүйесінің негізі ретінде еңбек жағдайларын бағалау жүйесін жетілдіруге (жұмыс орындарын атестациялауға);

- заманауи талаптарға сай келетін еңбекті қорғау саласында ғылыми инфрақұрылымды дамытуға және еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау саласында ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерін енгізу;

- жұмыскерлердің жұмыс жағдайын тұрақты түрде жақсартуда жұмыс берушілердің экономикалық мүдделігіне негізделген, жұмыскерлерді оқыс оқиғалардан тиімді сақтандыру жүйесін қалыптастыруға;

- оқыс оқиғалар мен кәсіби аурулардың статистикалық есеп және есепке алу мемлекеттік және ведомстволық жүйесін жетілдіруге;

- жұмыскерлерге медициналық-профилактикалық қызмет көрсету тиімді жүйесін қалыптастыруға;

- еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау заңнамасының сақталуына мемлекеттік, ішкі және қоғамдық бақылаудың тиімділігін арттыруға бағытталған.

Осы іс-шаралардың іске асырылуы зиянды жұмыс жағдайлары бар жұмыс орындарын кезең-кезеңмен қысқартуға және өндірістегі жарақатты азайтуға мүмкіндік береді.

Конференция барысында 28-29 сәуірде еңбекті қорғау және өндірістегі жарақаттың алдын алу бойынша тәжирибелерімен бөлісетін және өзекті мәселелер талқыланатын панельді сессиялар мен дөңгелек үстелдер өткізіледі.

KIOSH көрмесі – тәжірибе алмасу және өндірістік қауіпсіздік саласында соңғы жылдары жеткен жетістіктерімен бөлісуге арналған Қазақстандағы жалғыз арнайы алаң. Көрмеде құрылыста, көлікте, энергетикада, химиялық өндіріс, тау-металлургиялық, мұнай-газ салаларында қауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналған  өнімдер мен қызметтер толық ұсынылған.

Жұмыскерлердің құқықтарын қорғау, олардың әлеуметтік қорғауы мен еңбек қауіпсіздігін арттыру мәселелеріне назар аудару мақсатында Халықаралық еңбек ұйымы 28 сәуірді Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні етіп жариялағанын естеріңізге саламыз.

28 сәуір, 2015 - 13:23 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші