X
egov

You are here

Швецияның фармацевтикалық компаниялары Қазақстанның мемлекеттік органдары және медициналық ұйымдарымен ұзақ мерзімді келісімдер жасасуға ниет білдірді

Бүгін ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Алексей Цоймен кездесу барысында «Astra Zeneca», «Diaverum», «Mölnlycke» және «SCA» швециялық фармацевтикалық компанияларының басшылары өз жоспарлары жайлы мәлімдеді.

Алексей Цой, бұл кездесу швециялық фармацевтикалық компаниялармен қазақстандықтарға медициналық қызмет көрсетудің сапасын жақсарту мәселелері бойынша ынтымақтастықты дамытуға ықпал етеді деп, сенім білдірді.

Вице-министр, 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының іске асырылуы ағымдағы жылы аяқталатынын атап өтті. Оның шеңберінде медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарының рөлін күшейту, халықты дәрілік заттармен қамтамасыз ету, қазақстандықтардың өмір сүру ұзақтығын арттыру сияқты және т.б. көптеген шаралар жүзеге асырылғанын, одан басқа, келесі жылдарға Қазақстанның денсаулық сақтау саласын дамытудың мемлекеттік бағдарламасын әзірлеу бойынша жұмыс аяқталып келе жатқанын, оны жылдың аяғына дейін бекіту жоспарланғанын жеткізді.

Швециялық фармацевтикалық компанияларының басшылары Вице-министрді өз қызметтері жайлы хабардар етті және мейіргерлер үшін білім беретін бағдарламаларды енгізу, телемедицинаны, онкологияны дамыту мәселелері, операциялық бөлмелер үшін жоғары технологиялық құрал-жабдықтарды жеткізу, пациенттерге диализдік қызмет көрсету, дәрі-дәрмекпен, мүгедектерді техникалық құралдармен  қамтамасыз ету мәселелері бойынша  ұзақ мерзімді мемлекеттік келісімдер жасасу жөнінде ұсыныстар айтты.

Алексей Цой фармацевтикалық компаниялардың өкілдеріне оларды қызықтыратын сұрақтар бойынша егжей-тегжей талқылауға мүмкіндік беріледі деп, сендірді.

Өз кезегінде, Швецияның Қазақстандағы Елшісі Христиан Камилл ҚР ДСӘДМ басшыларына денсаулық сақтау жүйесінің әртүрлі мәселелері бойынша пікір алмасқаны үшін ризашылығын білдіріп, қазақстандық тарапты «Денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыру және дамыту саласындағы Швецияның тәжірибесі» тақырыбындағы дөңгелек столдың жұмысына қатысуға шақырды.

28 сәуір, 2015 - 19:24 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші